«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін


$$

«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін

2-013-000.2.13 Дәріс №13


бет37/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА

$$$002-013-000$3.2.13 Дәріс №13.
Тақырыбы: Ана сынына қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты
Дәріс жоспары:

      1. Өз баласына сын көзімен қарап, даналықпен байымдау жасаған аналардың үлгі сөздері

      2. Айпара ананың балаларына арнаған сөз үлгілері

      3. Бес таңбалы қыпшақтың аналары айтқан сөз үлгілері мен Тоқмейіл (арғын) ананың балаларына арнаған сөз үлгілері

&&&
$$$002-013-001$3.2.13.1Өз баласына сын көзімен қарап, даналықпен байымдау жасаған аналардың үлгі сөздері


Қазақта «әке – балаға сыншы» деген сөз бар. Әкесінің немесе дуалы ауыз атақты адамның баланы балдырған кезінен қимыл-қозғалысынан, іс-әрекетінен, сөзінен, жалпы бала болмысынан кісіліктің, батырлықтың, даналықтың, ұлылықтың немесе, керісінше, ездіктің, жетесіздіктің, ынсапсыздықтың, керенау керліктің нышанын жеті қиырынан көріп, болжап, болашағына бал ашпай сәуегейлік айтатын әрі онысы бұлжымай келіп жататын «әке сыны», «ана сыны» дегенмен орайласып жататын жағдаяттар жетерлік. Біздің бүгінгі тақырыбымызда Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпалардың танымал адамдарының аналарының айтқан «сыны» бойынша ел ішінде белгілі әр ортада жиі қағида ретінде ауыздан-ауызға беріліп, таралып кеткен «ана сынының» қаншалықты шынайы болғандығы туралы қалыптасқан мағыналық бірліктерді қарастырамыз. Сын айту, көкейге қонымды болжам жасау көркем әдебиетте, шежірелерде жазылып және ел арасында ауызша айтылып, халық жадында сақталып келгені болмаса, ғылыми тұрғыдан қарастырылмаған мәселелердің бірі.
Сыншы – қазіргі тілімізде бұл сөздің мағынасы айқын: ол – бір нәрсені, көбінесе, жазылғанды танып, біліп, сынап, пікір айтушы адам. Сыншы сөзінің қазақ, қырғыз тілдерінде және бір мағынасы бар, ол: «атты жақсы танитын, оған баға бере алатын адам, эксперт». Тарихшылардың пікірінше, бұл сөз XV ғасырдағы Дешті Қыпшақта белгілі бір феодалдық категорияны білдірген термин сөз болған, яғни хан қасындағы сыншылар әскерді атпен жабдықтайтын хан кеңесшілері немесе инспекторлар болған болу керек. Бұл сөзді өткен ғасыр сөздіктері де көрсетеді. Н.Ильминский: «сыншы — исследователь, соглядатай» деп береді (Ильминский, 159). Бұл жерде исследовательдегені ғылым зерттеушісі емес, атты танып-білуші, соны бағалаушы деген мәнде [65, 113-114].Танымал ғалым Р. Сыздықова сыншы сөзінің қазаққа таныс тәмсіл – белгілі бір жағдайда адамға да қаратыла айтылатын, соның ішінде ұрпағына деген ата, ана сыны туралы, яғни сын айтушы, болашақ өмірге шолушы, болжаушы деген баламасы бар қырын таратуға мән бермеген сыңайлы.
&&&
$$$002-013-001$3.2.13.2Айпара ананың балаларына арнаған сөз үлгілері
Сонымен аналар сыны тақырыбына арқау болып отарған, тобықты келіні – Айпара ананың, «бес таңбалы» қыпшақ анасының, Шаншар Келдібектің бәйбішесі Тоқмейілдің және т.б. өз балаларының болмысына орай олардың болашағына болжау жасауы және сол болжаудың өмір шындығы қаншалықты деңгейде екенін қолда бар мәліметтер негізінде бажайлап көрейік.
Айдостың Айпара деген әйелінен төрт ұл туады. Бұлар: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай. Айпара ер қайраты бар, есті, адуынды әйел болған. Өзінде бір жағынан тапқыр шешендік, бір жағынан бақсы құшнаштық сияқты сәуегейлік те болған. Айпараның өзінен қалған бір ауыз сөз – төрт баласына берген аналық сын сөзі осы уақытқа дейін ел аузында айтылып келеді. Өз баласына сын көзімен қарап, даналықпен байымдау жасаған адамның бірі осы – Айпара анамыз болыпты. Ол арнайы қой сойғызып, етін түгел асқызып, ұлдарының алдына тартып, бақыласа Ырғызбай салған жерден жамбасқа қол салады, Көтібақ тоқбас жілікке жармасады, ортан жілікті Топай иеленіп, Торғайдың біресе қабырғаларға, біресе омыртқаға ұмтылып, кәрі жілікті қанағат тұтқанын көріп:
Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым.
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас Торғайым (тобықты – Айдос), –
деген екен. Содан бері екі ғасыр жарымдай уақыт өтті. Өмір шындығы бұл болжағыштықтың дәлелсіз ақиқат екенін көрсетіп келеді әрі аталмыш сөздер ана қасиетінің, ана болжамының, ана сынының өмірде орындалып жататындығының бір үлгісі ретінде таралған [91, 39].
Олжай үшке бөлінгенде, Айдос, Қайдос, Жігітек боп тарайды. Қайдосы бүгінгі Бөкенші, Айдос болса, осы маңдағы Тобықты ішіне күші мәлім – Ырғызбай және Көтібақ, Топай, Торғай – төрт ата болды.
- Ырғызбай жайлы: «Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым».
1750 жылы «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Арқаға қарай сырғып ауған жолда, Ырғыз өзенінің жағасында туғандықтан Ырғызбай аталған. Көтімалды өзенінің жағасында Көтібақ, Торғай өзенінің жағасында Торғай туыпты. Ырғызбай ер жеткен кезде Тобықты осы күнгі Семей губерниясы, Семей уезінде Шыңғыс тауының батыс шетіне келіп ілініпті [127, 46].Ырғызбай Айдосұлы шамамен 1744 ж. Ырғыз өзенінің бойында туып, 1785 ж. Шыңғыстау баурайында дүние салған – Абайдың үшінші атасы. Шежіре деректеріне құлақ қояр болсақ, «Ақтабан шұбырынды» заманынан кейін Тобықты жұрты Сыр бойынан ауып, Ордың қара ағашыншан атақоныс Шыңғысқа қарай бет түзегенде, Ырғыз, Торғай, Кеңгір өзендері бойында біраз жылдар қыстап тұрып қалады. Міне, сол уақытта Ырғыз өзені бойында дүниеге келген перзенттің бірін – Ырғызбай деп ныспылапты. Айдос Олжайұлының Айпара есімді бәйбішесінен төрт ұл туады. Олар: Торғай, Топай, Көтібақ, Ырғызбай. Атақты Айпара ана: «Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым» деп келешегінен үлкен дәме қылған Ырғызбай Мұхтар Әуезовтің жазуынша: «Өзге туысынан анық артық боп озып шығып, ортасы дәме қылған жігіт болады» [140, 63].Ырғазбайдың бойындағы ерекше қасиеттерді жете сезіп-байқаған Тобықтының сол замандағы теңдесі жоқ айтулы биі Кеңгірбай Жандосұлы оны өз қасына алып, ел сөзіне араластырып, дау- дамайға, бітім-билікке де жүргізіп, баулиды.
Ырғызбайдың өз қатарларымен салыстырғанда өзге бір ерекшелігі – жас кезінде үлкен ас, ұлы дүбір жиында күреске түсетін ірі балуан болған. М. Әуезов бұл турасында былай деп жазады: «Уақытында қазақтың көп руларының арасында зор лақап болып жайылған бір күресі бар. Ол: жиналған бір аста түйе балуанды жыққаны» [140, 27]. Ырғызбай батыр Тобықты елін аласапыран заманда Шыңғыстауға бастап, ие болысып келгендердің бірі [141, 78-79].
- Торғай жайлы: «Сірә да оңбас Торғайым». Айдостың төрт баласының үлкені Торғай. Торғай ұрпақтарының күш иесі болғандығы ерекше айтылады. «Абай» романының кейіпкері Құлыншақтың балаларының «бес қасқа» аталынғаны белгілі. Торғайдың «көрнекті ру басының бірі» болуымен қатар, бала-немерелерінің ірі батырлар болғандығы, әсіресе, немересі Қасымбайұлы Манастың қайраты ел ішінде әлі аңыз болып айтылады.
Торғай өзі де ірі денелі адам болса керек. Ырғызбай мен Көтібақ жылқыда жүрсе, көп жау жылқыларына тиіпті. Ұзақ соғыс болады. Ағайынды екеуі соғыса-соғыса жылқыны жауға бермей, жылқы қос үстіне келіпті. Қоста ағалары Торғай отыр екен. Көтібақ «соғыспасаң да қостың сыртына шықшы» деп жалынып, сыртқа шығарғанда Торғайдың алып тұлғасын көрген жаулар «мына дию өзімізді мерт қылар» деп қорқып, қашып кетіп қалыпты делінеді. Бұдан бұл кісінің тұлғалы, әлуетті болғанымен, жүрексіз екені көрінеді. Ал іске берекесіздігі анасы Айпараның айтқанындай болса керек. Өйткені анасы сыншы Айпара төрт ұлын сынамаққа, бір қойды сойып, тұтас етін алдарына қойғанда жасы үлкен бола тұра бас, жамбас секілді «кәделі мүшелерді емес, болмашы мүшелердің әрбіреуін бір ұстапты. Содан анасы «Сірә де оңбас Торғайым» деп сынапты деседі.
Шынында, Торғай үш Олжай балаларының ішінде ең өспегені. Тіпті, бүгінде Абай ауданында бұл атадан саусақпен санарлық қана жанұя бар [91, 172].
- Топай жайлы: «Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым». Топайдан тараған Медғат Мұқашұлы: «Топай ұлдары, шынында да, ешкімнен кеммін, ешкімнен артықпын демей қатарымен күн кешті», – десе, сол шаңырақтың тағы бір төлі Ораз Жұмағалиұлы өз естелігінде: «...кенже ағам (Тәшпық Құтжанұлы) М. Әуезовпен дос болған. Екеуі де бір ауылдан. Кенже ағам Мұхаңның романына Топай руынан бір адам қосу керек дейді, бірақ Мұхтар Омарханұлы оны орындамаса керек. Сол себепті ол кісі «Абай» романының бірінші кітабы шыққанда: «Інім Тәшпыққа Топайсыз «Абайды» арнаймын деп қолтаңба жазып беріпті» [ 91, 187 ].
- Көтібақ жайлы: «Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым». Айдос бидің баласы Көтібақ, Олжайдың немересі. Тобықты елі «Ақтабан шұбырынды» кезінде Арқада ауып, көшіп жүргенде Көтімалды деген өзеннің бойында туған. Қапталынан мал үзілмейтін, жері от, құты мол осы өзен бойында туған баласының атын Көтібақ деп қойған екен деген үлкендердің сөзі бар. Көтібақ ұрпағы Шыңғыстың Тоқпанбет өзені бойын, Еділдің қойтасы, Бәжіғұл, Борлы, Қаражартас, Қыдырдың оңтүстік тұмсығы – Мұздыбай бұлағы, Кіші Ақшоқыдағы Берікқара, Доғалаң ішінен орын тепкен. М.Әуезовтің «Абай жолы» романында да: «Көтібақ қонысы – Тоқпамбет қалың шалғынды, мол тоғайлы, ең бір құйқалы қыстау» делінген. Ұрпақ сабақтастығынан байқайтынымыз, Айпара анамыздың айтқанындай «Тоқпақ жалды торы айғырдай Көтібақ» және оның ұрпақтары «Абай жолы» эпопеясында аталы сөз, байлаулы шешім төңірегінде кездесіп отырады. Тобықты ішіндегі жер, су, ел жайлы ақсақалдар алқасы отырысында, шешімді әңгіме үстінде Құнанбай бастаған топ ішінде Көтібақ Байсал отырса, Абай қасында Жиренше сияқты ата баласы болады. Тіпті Абай дәуірінде Қажы Күреңше, шешен Құлке (Құлсүлеймен), би Боранбай, даугер Қазыбек және Пұшарбай, Мұздыбай, Қашқынбайлардың билік басын ұстап, келелі істер атқарып, ұтымды сөздер айтқаны жайлы әңгімелер көп [91, 215].

&&&
$$$002-013-001$3.2.13.3Бес таңбалы қыпшақтың аналары айтқан сөз үлгілері мен Тоқмейіл (арғын) ананың балаларына арнаған сөз үлгілері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет