Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ хандығы электронды кітап көрмесі



Дата11.09.2017
өлшемі9,8 Kb.
#32000
  • Ерліктің арқауы,
  • елдіктің бастауы –
  • қазақ хандығы
  • электронды кітап көрмесі
  • Орындаған: Шарыпова Алмагүл Бөкенқызы
  • № 3 мектеп – гимназиясының кітапхана меңгерушісі
  • Өскемен қаласы,2015
  • Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы
  • төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді
  • мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда,
  • қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың
  • байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып
  • қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі
  • шешушi рөл атқарды.
  • Әлкей Марғұлан
  • Назарбаев Н
  • Тарих толқынында . - Алматы:
  • Атамұра, 1999.- 296 бет.
  • Кездейсоқтық болмау керек,
  • Қазақстанның аспан түстес туының
  • бетінде алтынға айналған бүркіт
  • қанат керген. Осынау тәуекелі
  • келіскен мазмұнды да мағыналы
  • нысанның өнбойында табиғат та,
  • тіршілік те, тарих та тоғысып жатыр.
  • Қазақтар тарих толқынында...
  • Мақпырұлы К
  • Қазақ тарихы : Алматы Ғылым, 1995.- 245 бет
  • Тарих кешегіге емес бүгінгіге, келешек -
  • бүгінгі ұрпаққа керек. Ата – бабамыздан
  • « Жеті атасын білмеген жетесіздіктің
  • белгісі» деген сөз қалған. Бұл сақты
  • сындыратын, сүйекке таңба салатын сөз.
  • Кешегі халқымыздың тарихы болашақ
  • ұрпаққа баяндап,хронологиялық нысаналар
  • салып,тарихтық қозғалыстың негізгі
  • тенденцияларын суреттеген.
  • Мұқанов М.С
  • Қазақ жерінің тарихы .- Алматы:
  • Атамұра - Қазақстан,1994.- 80 бет.
  • Кітапта Ресей империясының қазақ
  • жерін 19-20 ғасыр басында жүйелі түрде
  • отарлаулы және оның қалай жүзеге
  • асқандығы туралы нақты құжаттар мен
  • деректер келтірілген.
  • Алтын Орда : Қазақ хандығы
  • ( 1 бөлім). Қазақ балалар энциклопедиясы .- Алматы: Аруна, 2006.- 224 бет, сур
  • Бұл көркемсуретті туындыда Орталық
  • Азиядағы 1Х –Х11 ғасырлар
  • аралығындағы қоғамдық – саяси жағдай,
  • Тарихи тұлғалардың өмір жолдары мен
  • атқарған істері қызғылықты баяндалған.
  • Салғараұлы Қ
  • Хандар кестесі: ( Шығыс
  • хандарының жылнамалық кестесі) .-
  • Алматы, Жалын, 1992.- 48 бет
  • Кітап анықтамалық мақсатта нақты
  • деректерге құрылған.Қазақ халқының
  • бағзы замандардан бергі тарихын
  • жүйелеп білгісі келген оқырманға
  • арналған.
  • Мағауин М
  • Қазақ тарихының әліппесі .-Алматы :
  • Қазақ ,1995,208 бет
  • Мұхтар Мағауиннің бұл ғылыми байыптау
  • еңбегі халқымыздың дербес ұлттық
  • мемлекеті – қазақ Ордасының тарихына
  • арналған.
  • Қазақ Ордасының құрылғаны, тайғақты
  • тағдыр талайы мүлде тың таным.
  • Қозыбаев М.
  • Жауды шаптым ту байлап.- Алматы:
  • Қазақстан, 1994.-192 бет.
  • Тәуелсіздік жолында оянған ұлттық сана,
  • тәуелсіздік мүшін болған ата - бабаларымыздың
  • қанды жорықтары, дабылды, дауылды азаттық
  • күрес жолдары, ел бостандығы бірлік жолы
  • кітаптың негізгі арқауы.
  • Қинаятұлы З
  • Қазақ мелекеті және Жошы хан.
  • ( Тарихи – сараптамалық зерттеу).
  • Астана: Елорда,2004. - 344бет .
  • Ақ Орданы қазақтың алғашқы мемлекеті,
  • 1466 құрылған Қазақ хандығының қара
  • шаңырағы деген концептуалды жаңа
  • бағыт ұсынады.Еңбектің деректемелік
  • маңызы зор, ойы орамды, тарихи санасы
  • тартымды.
  • ҚасымсбаевЖ
  • Абылай - хан . Тарих. Тұлға.Уақыт . – Алматы. «Аруна»,2007.- 92 бет.
  • Ұлы тарихи тұлға Абылай хан
  • туралы қызықты деректер. Абылай хан
  • басқарған 18 ғасыр Қазақ тарихында
  • тарихта «Алтын ғасыр»
  • болып саналады.
  • Жұмақанов Т
  • Қасым хан: Тарихи баян .- Аударма, 2004.- 184 бет.
  • Қазақтың маңдайына біткен біртуар
  • перзенті Қасым ханның өмір сүрген
  • ортасы, балалық шағы мен хандық
  • дәрежеге көтерілген кезеңі баяндалады.
  • Әз Тәуке хан туралы
  • толық мәліметтер
  • берілген.
  • Бұл журнал саны
  • Жошы Ханға
  • арналған, хан
  • туралы мәліметтерге
  • толы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет