«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет31/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА

Кешудің қара өткелі (қыржының бір табы) – Кешу атақты батыр, Қабанбайдың бас сардарларының бірі болған. Кешу батыр ұзақ жасап, қартайып өлген. Денесі Ақмолада жерленсе керек. Есіл өзенінің қазіргі Ақмола тұсындағы же 52]. Мәкиле дарасы – Қаракөлдің арғы, Мұзтаудың бергі жағында Мәкиле дарасы деген үлкен жайлау бар (қазір Ресейге қарайды). Қаратай елінде бетің-жүзің демейтін, ешкімнің көңіліне қарамайтын, сөзі қылыштай өткір, қорғасындай салмақты Мәкиле дейтін атақты би болған (найман) [94, 14].Дара сөзі топонимдік аталым құрамында тек Қатонқарағай ауданында ғана кездесетін сияқты. Дара сөзімен тіркесіп келген Шәкен дарасы, Шәнген дарасы деген тау, көл атаулары да осы аудандағы гидроним мен ороним.

&&&
$$$002-007-003$3.2.3.Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этноаталымға қатысты қалыптасқан топонимдердің этнолингвистикалық сипаты


Тағы бір топ топонимдік этнонимдер халықтың басынан өткен белгілі бір тарихи оқиғалардан елес береді. Мысалы: Қаратай қырылған. 1932 ж. Қом деген өзеннің бойында қаратай елінің адамдары босқа атылып қырғынға ұшырағандықтан, жердің аты Қаратай ауған, Қожамбет ауған, Төртуыл ауған, Өтей ауған, Самай ауған аталып кеткен (найман) [95, 270].1916 жылы патша үкіметінің қазақ азаматтарын соғысқа апарып окоп қаздырмақшы болған жарлығы, 1917 жылғы төңкерістен кейінгі халық басына келген күйзеліс, тәркілеу кезіндегі сорақылықтар өр наймандарды атамекенінен қатты дүрліктіріп қозғалтады. «Қаратай ауған», «Қожамбет ауған», «Төртуыл ауған», «Өтей ауған», «Самай ауған» деген жер атаулары жуас елдің басына келген пәле «ақтабан шұбырындыдан» кем соқпағанын, халықтың ұлар-шу күйзелгенінің бір көрінісі іспеттес[95, 8-9].
М.Жанболатұлының «Тобықты – Шыңғыстау шежіресі» еңбегіндегі Шыңғыстаудағы тарихи мәні бар орындар мен табиғаты көркем жерлер тізбесінде берілген 163 атаудың 10 пайызы этнотопоним (Бөкенші ауылы, Мотыштың Ақшиі, Самай адырабы, Олжай қорымы, Момын сайы, Әнеттің қызылшоқысы т.б.) [99, 145].«Шығыс Қазақстанның географиялық атаулары»деген еңбектегі берілген 894 географиялық атаудың ішінде ру-тайпа атауларымен аталған топонимдер он шақты, ал сол ру-тайпаның белгілі адамдарының, яғни би, батыр, ақындарының атымен аталған атаулар саны жиырма шақты ғана. Аталған 894 топонимнің 348-і өзінің орыс тіліндегі лексика-грамматикалық ерекшеліктерін сақтаған географиялық аталымдар (Ермаковка – Зырян ауданы, Афанасьевка – Үржар ауданы, Белоусовка, Быструха – Глубокое ауданы, Буркотово – Таврия ауданы, Дарственное – Күршім аудан) [99]. Отыз бес пайызы өзге тілде берілген атауларды екшеу, сұрыптау Шығыс Қазақстан облысындағы ономастикалық комиссия құрамына болашақта біраз міндеттер жүктейтініне сеніміміз мол.
Ру-тайпа, оларға қарасты таптарынан шыққан атақты адамдар есімінен қалыптасқан топонимдер көрсетілгеннен көбірек болуға тиісті-ақ, бірақ әртүрлі себептермен, атап айтқанда, біріншіден, Кеңес үкіметі кезіндегі ата тектен безінген саясатқа мойынсұнған уақытта қаншама жер-су атаулары өзгертілді, қайта аталды (Жаңа үлгі, Жаңа талап, Жаңа ауыл т.б ); екіншіден, малдың ыңғайымен көшіп-қонып жүретін қазақ ауылының бүгінгі таңда шаруашылық тәсілі өзгергендіктен, қаншама жаз жайлауы, қыс қыстауы, күз күзеуінің аттары (Бұқашай қуысы, Шабанбай, Маралқашқан, Ақан шаты, Кең аша, Бұғылы, Май қоңыр, Ақ топырақ т.б.) халық жадынан өшті. Ен жайлап туған жерінің төсінде еркін жүріп-тұрып, сол атамекен қонысының, төр жайлауының, кер жайлауының тұнығынан қанып су ішпеген соң, оның табиғатының өзіне ғана тән ерекшелігі, құпиясы, қасиеті көкейінде жатталып, жүрегінде ұяламаған соң, ол жердің тарихы да, жарамдылық құндылығы да, эстетикалық ләззаты да солғындап, бейтараптанады. Үшіншіден, бұрын ру атауымен аталып келген болыстықтарды 1878 жылы жер атына ауыстыру туралы арнайы нұсқау беріледі. Бұның өзі қазақтың дәстүрлі рулық туыстығын, қарым-қатынасын бұзудың, жоюдың бір әрекеті еді (Мысалы, Қоңыр Көкше тобықты болысы жер атауымен Мұқыр болысы, Күшік тобықты – Шыңғыс және Қызылмола, Мәмбетей тобықты – Шаған болысы, Жүзбенбет тобықты – Бұғылы болысы т.б.) [91,48].
«Шығыс Қазақстанның географиялық атаулары» деген еңбекте ру-тайпа атауына байланысты он шақты аталымға: Атығай, Қазымбет (Үржар ауданы), Жантікей (Тарбағатай ауданы), Малтүгел (Аягөз ауданы), Мамай (Көкпекті ауданы ), Терістаңбалы (Күршім ауданы), Самай, Бөкенші (Семей қалалық әкімшілігі) «ру атауынан қойылған елді мекен атауы», «...болмаса этнотопоним», «этноним» деген түсініктемелер берілген, яғни этнотопоним деп нақтылап жазу үшін әлі де біраз зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігі анық. Дегенмен, осы топонимдерді этнотопоним деп есептеуге негіз бар. Себебі: он екі абақ керейге қарасты жантікей руының атақонысы қатарлас, төскейлес жатқан Тарбағатай, Ақсуат аудандары; малтүгел руының атажұрты деп Аягөз, Ақсуат аудандары; қазымбет руының қоныс тепкен жері деп Үржар аудандары есептеледі. Сонымен бұл атаулар ру-тайпаның атақонысы, атажұрты болғандығы этнотопоним ретінде қалыптасуына негіз болған. Көптеген географиялық атаулардың қалыптасуына малына, еліне жайлы жер іздеуде діттеген жерінен шыққан мекенге ат басын бұрып, осы жерді жаудан қорғаймын деген серттің белгісіндей найза шаншып, сол жерді қоныс етуі де негіз болған. Мысалы, ... Барақбай батырдың кезінде көнші (найман – мұрын –көнші) Тарбағатай тауында болыпты. Батыр жорықта жүргенде Жанболат (найман – мұрын) үркітіп, көнші Көл Жайсаң жаққа көшіп, алды көлге таяп қалғанда Барақбай батыр көшті қуып жетіп тоқтатып: – Алған беттерің бізге қоныс болмайды. Маған сенгендерің соңымнан еріңдер, – деп Ақсуат жаққа бет алыпты. Содан бір қыратқа келіп найзасын шаншып: – Осы жер біздікі болады, мен өлсем, осы қыратқа қойыңдар, – депті.
Кейіннен Қалбада жайлауда жатқанда Барақбай қайтып, мәйітін былғарыға тігіп, сол айтқан жеріне әкеліп қойыпты. Дөңгелек зираты әлі күнге бар деседі, қырат Барақбай қыраты аталады. Ақсуат ауылының қасындағы «Қызыл жұлдыз» елді мекенінің солтүстік жағында, алыс емес дейді өткен ғасырлардан сыналай өтіп, бүгінгі күнге жеткен шежіре. Жалпы Барақбай батыр туралы мағлұмат аз. Ел аузынан мына бір сөз ғана жеткен: Қойгелді мен Барақбай, құдайым артық жаратты-ай [ 100, 54]. Айтылған тақылеттес мысалдарды қазақ халқының тарихынан көптеп кездестіруге болады. Мысалы, Жанан батырдың көз жасы (тобықты), Қарабас батырдың бейіті (тобықты), Жаман басы, Батыр басы ( тарақты). Берілген «Батыр басы» деген жер атауына тоқтала кетсек, тағы да бір тарих беттерін парақтағандай боламыз. Байғозы батыр ел қыстаудан жайлауға көшіп бара жатқанда Жаман өзенінің бойында, 1810 жылы көктемде 97 жасында қайтыс болады. «Япырау, не қыстауда емес, не жайлауда емес, орта жолда ауырып қалдыңыз-ау!» – дегенде, батыр: «Маған қазақ жерінің жаттығы жоқ, өлсем Жаманның қасына қойыңдар », – депті. Жаман руы тарақты ертеде өлген белгілі адам екен, өлген соң басына кең, биік күмбез соғылады. Бұл жер сол Жаман деген байдың әрі қыстауы, әрі жайлауы болса керек, өзен де сол кісінің атымен, күмбезі тұрған жер де «Жаман басы» деп аталады. «Белгілі кісінің жанына қойған соң, сіздің атыңыз аталмай қалады ғой», – дейді батырға. «Атағым Жаман байдан аспаса несіне батыр атанғаным!» – депті сонда Байғозы. Кейін өзен Жаман атында қалыпты да, қорым «Батыр басы» атаныпты. Тарақты Байғозы – Абылай ханның белгілі қолбасшыларының бірі. Қазақтың жерін, еркіндігін жоңғар-қалмақ хонтайшыларынан, басқыншыларынан, шапқыншыларынан қорғасқан атақты батыр [101, 32-33].
Шығыс Қазақстан аймағындағы топонимдер құрамында осы өңірлерді ежелден мекендеп келе жатқан ру-тайпа және сол ру-тайпалардың құрамындағы белгілі адамдардың атына байланысты қойылған этнотопонимдерді кездестіретініміз сөзсіз. Бұл топтағы атаулар аталған өңірдегі жергілікті тұрғындардың өмір тіршілігінен, тарихи-әлеуметтік, тарихи-лингвистикалық тұрғыда мол деректер береді. Атап айтқанда, ру-тайпаға қатысты географиялық атаулар белгілі бір тайпа, ру, ұлттың ежелгі қоныс мекендері, көш жолдары туралы мәлімет алудың бірден-бір дереккөзі. Сондықтан Шығыс Қазақстан аймағындағы этнотопонимдерді арнайы зерттеудің нысаны етіп алып, этнолингвистикалық аспектіде қарастыру болашақ зерттеулердің алар межесі болмақ.
Шығыс Қазақстан аймағындағы топонимдер құрамында осы өңірлерді ежелден мекендеп келе жатқан ру-тайпа және сол ру-тайпалардың құрамындағы белгілі адамдардың атына байланысты қойылған этнотопонимдерді кездестіретініміз сөзсіз. Бұл топтағы атаулар аталған өңірдегі жергілікті тұрғындардың өмір тіршілігінен, тарихи-әлеуметтік, тарихи-лингвистикалық тұрғыда мол деректер береді. Атап айтқанда, ру-тайпаға қатысты географиялық атаулар белгілі бір тайпа, ру, ұлттың ежелгі қоныс мекендері, көш жолдары туралы мәлімет алудың бірден-бір дереккөзі. Сондықтан Шығыс Қазақстан аймағындағы этнотопонимдерді арнайы зерттеудің нысаны етіп алып, этнолингвистикалық аспектіде қарастыру болашақ зерттеулердің алар межесі болмақ.

&&&
$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



    1. Қазақ тіліндегі ономастикалық атауларды зерттеген ғалымдары атаңыз?

    2. Бүгінгі таңдағы жер-су атауларына қатысты елімзідегі қалыптасқан жағдай қандай?

    3. Өз туған жеріңнің атауының тарихи-мәдени, этнографиялық уәжін білесіз бе?

    4. Қазақ жеріндегі жер-су атауларын кісі есімдерімен атаудың астарында қандай халықтық таным жатыр?

&&&



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет