«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет29/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА

Сиыр бағу көшпелiлердiң отырықшы өркениетiне ауысуына бiрiншi қадам болып табылады [69.115]. Бұл жолда ең әуелi еңбек түрi өзгередi. Сиырды жаю басқа малды жаюдан өзгешелiгi шамалы болса, шөп шабу, пiшен шабу, пiшен жинау, оны кептiру, маялау, қыстауға тасу-мүлде өзге еңбек түрi. Сиыр сулы жерде өсетiн өсiмдiктердi жақсы жейдi, өзi де кем дегенде күнiне үш рет су iшедi. Сондықтан, сиыр шөл және шөлейт жерлерден гөрi шалғын шөптi, мол сулы жерде өсiмтал. Өлеңдi жерде өгiз семiредi деген тiркес осыған байланысты туса керек. Өлең-olah-лужайка /трава/ су жағасына, сулы, сазды жерге шығатын шөп, шабындық жер деген мағынада жұмсалады [80.383]. Бұл сөз көптеген түркi тiлдерiне ортақ сөз болып табылады. Әрине, тарихи, мәдени қарым-қатынас болған тiлдерде, сөз жоқ, ауыз-түйiс болмай тұрмайды. Э.В.Севортянның зерттеулерiне қарағанда «өлең» сөзi түркi тiлдерiнен монғол тiлiне ауысқан көрiнедi. Түркi тiлдерiндегi өлең сөзiнiң барлық лексикалық мағынасының негiзiнде Севортян сөздiгiнде толық этимологиялық талдау берiлген. Осы сөздiкте негiзiнде өлең сөзiнiң түркi және алтай тiлдерi арасында кең тарағанын байқаймыз. Оған төмендегi мысалдардан көз жеткiзуге болады. Өлең /olем –түркi, қаз.,хак.,туф.тiлдерiнде; өлең/olоh қырғ., алт., тiлдерiнде де бар сөздер. Берер мағыналары: 1. Шөп-түркi тiлдерiнде «соны шөп» /свежая трава/; ноғ.,баш., тат., ұйғ.-жұмсақ шөп /мягкая трава; құм., хак.,-боз, селеу /ковыль/ як. тiлiнде-бидайық, еркек шөп /пырей/; қаз., қыр.- жұғымдылығы шамалы шөп-өлең шөп; азербай.,- ағынды суы жоқ жерде өсетiн шөп түрi. 2. Нәрлi шөп /сочное растение/- тат., шағ. 3. Мал азықтық шөп /сено/ -құм.: алтай тiлдерiнде-жұмсақ шөп /мягкое сено/. 4. Шалғындық /лужайка ДТС/; шалғын /луг/- түрк. т. көкорай, көгал деген ұғымды бiлдiрсе, Будагов сөздiгiнде мурава /зелень/ деген мағынаны бiлдiредi. 5. Жасыл /зеленый/-көк шөп. 6. Өрiс /пастбище/-түрк. шұрайлы, шүйгiн жер /место изобилующее зеленью/, жасыл алаң /зеленое поле/. 7. Батпақты, сазды жер /плодородная почва/ . 8. Сулы, дымқыл. 9. Дала. 10. Шөл дала
Ал орнықтылық пен сабырлылықты бiлдiретiн қазақтың көш көлiгi, дала кемесi аталатын түйе атауының қатысуы арқылы жасалған ӨБТТ де аз емес. Мысалы, бiр ғана түйе түлiгiнiң сүйсiне жейтiн, республикамыздың шөл және шөлейт аймақтарында, яғни ағашы аз тау бөктерлерiнде, құмда жиi өсетiн, жартылай бұталы, тiкенектi, көп жылдық тiкендi өсiмдiк – жантаққа қатысты қалыптасқан ТТ қаншама. Мысалы, түйенiң сүйген асы-жантақ, тиiннiң сүйген асы-жаңғақ; жар басындағы жантақты, жаннан безген нар жейдi; түйенiң жантақ жемесе, тiлi қышиды; түйе алтын артып жүрсе де, жантақ жеуiн қоймайды; түйе жантақ жегiсi келсе, мойнын созады т.б. Бұл мақалдарда кiм болса да өзiнiң табиғатына сiңiстi болған, қолайына жағатын iстi атқаруға бейiм болатыны, үйреншiктi әдетiне басатыны жайлы айтылып тұр. Яғни, тiршiлiк иесi тәжiрибе жинайды, оны топтап жинақтайды, саралап түйiндейдi, оны қорытындылайды. Осы қазынасын орайы келсе, өзгелерге таратып, игiлiгiне жаратады. Халық қашан да ойшыл, бiлгiр. Ол жалпы болмыстың ғана емес, өмiрдiң әр саласының қыр-сырына терең бойлайды. Мысалы, ақсақ түйенiң аузына жел айдаған қаңбақ түсер тiркесiнiң берер түсiнiгi, әркiмнiң өз несiбесi бар,өз кәсiбi бар, тiршiлiк иесi өз пендесiн өлтiрмейдi деген моральды бiлдiрсе керек.

&&&
$$$002-006-003$3.2.6.3Малшылық кәсiпке байланысты жер бетiнiң түгіне, мал азығына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестер


Малшылық кәсiпке байланысты қазақтар жер бетiнiң түгiне, әсiресе, мал азығына қажеттi шөптерге ерекше мән берiп, оларды жан-жақты таныған. Неше алуан шөп тектес «өсiмдiктердi әртүрлi қасиетiне қарап-ақ от, боз от, жасық от, көк от, қара от деп бiрнеше топқа бөлiп қарайды. Ақ от – тұщы шөптердiң жалпы атауы. Қазан ұрып, күздiң ақ жауынына шайылған күзеудiң шөбi. Жылқы малының сүйiп жейтiнi – бидайық, бетеге, қоңырбас, ебелек, изен сияқты шабындық шөптер – боз от. Бозды жерге жылқы семiрер тiркесi соның айғағы. Қара от – жусан, көкпек, баялыш, кекiре, мия, соран, теке сақал, итсиген т.б. ащы шөптердiң жалпы атауы. Қара отқа жататын шөптер тым ащы болғандықтан оларды жаз айларында онша сүйiп жемейдi. Олардың қуаты күз ортасына қарай күшейедi де қыста кейбiреулерi бастарына дән жинап, оның дәнi қыс бойы сабағында сақталады әрi малға құнарлы жем болады. Оны жеген мал тез семiредi. Қара отқа жататын мияның қой малы үшiн жұғымды екенiн оның емдiк қасиетiн миялы жерде мал азбайды, мияның мал семiртер шөп екенiн айқындай түсетiн миялы жер май болар тiркестерi қалыптасқан. Жасылот – сазды жерде өсетiн құмай, мысыққұйрық, шым секiлдi өлең шөптердiң жалпы атауы. Жасыл отты сиыр малы сүйсiнiп жейдi. Ал көк от – көктемде көгерiп, құлпырып тұратын көк балауса, көкорай шалған, көк майса, көрпекөк iспеттi шөптердiң жалпы атауы [75]. Сол сияқты В.В.Радлов түркi халықтарында «от» сөзiнiң қатысуымен көптеген тiркестер қалыптасқанын көрсетедi. Мысалы, janamak от (osm) – көкөнiс салат; сыл ан от (Те1.) – су шөбi; шыш от (Те1.) – арам шөп; корух оту (Ad.A) – шабындық шөп; чоl оту (дала шөбi); очу от –үйбидайық; балык оту (osm) әйтеуiр бiр өсiмдiк (какое-то растение); дурак оту (osm) – аскөк; бурун оту (osm) мұрын оты (нюхательный табак); от о1оң – барлық шөп [10.1099].
Жалпы от сөзi – көк шөп /зелень, трава/ [80.373] мал азығы болатын өсiмдiк деген мағынада түрк., азерб., гак., құм., ноғай, тат., өзб., қырғ., қазақ тiлдерiне ортақ сөз [81.481]. Жердiң оты деген түсiнiкпен кең мағынада қолданылғанын көне түркi жазу нұсқаларынан көруге болады. Бұл сөздiң ертеректе азық, ас деген де мағынасы болғанын М.Қашқари сөздiгiндегi атқа от бергiл, от iштiң деген мысалдардан көруге болатынын жазады С.Кеңесбаев. Ондағы от деген сөз ас, тамақ деген мағынада қолданылған. Осы күнге ас iштiм, атты отқа қойдым делiнсе де, атқа от бердiм деген сияқтылар тiлдiң нормасына жат көрiнедi. ­Өйткенi, бұл сөздiң мағынасы: тарайып, бұрынғы мағынаның бiрнеше мәнi жоғалып кеткен [68.50]. Түсiндiрме сөздiкте «от-малға азық боларлық шөп» деп көрсетiлген. Қазiргi кезде де от сөзi осы мағынада қолданылып жүр. Мысалы, «Жердiң шөбi таусылды дегендi, оты қашты; бiреудiң жерiн мекендедi, баспаналады, арқа сүйеп күнелттi-отын оттап, суын сулады, отын оттап, суын iштi; мал жайылымы болды, тойынды-оты қанды; жайылымы бiр, өрiсi бiр, тағдыры бiр- оты ортақ; /Мысалы, Жемге жетпей тоқтайтын алты Әлiм мен 12 ата Байұлы Қаратауды айнала көшiп емес, қоныс аударып қана жүрген қоңырат- өзегi бiр, оты ортақ бүкiл қазақ- бәрiң кiнәлiсiң! [82.61]; аттың белiн алғызып, шөпке жайып алды, атын азын-аулақ отқа қойды – ат шалдырды //атын оттатты; шөп жей алмады, жайылмады, ауруға ұшырады – оттан қалды; жайылымға жiбердi, отқа жiбердi./ Мысалы, Өз атын мiнсе, қайтер едi? Суытып отқа жiберейiн деп тұрғанда, қинап тастайды-ау![83.63]; мал тiсi тимеген – отын шалған емес /Мысалы, Көшпелi елдiң төрт түлiгi жайылып, шыңындағы отын шалған емес [84.27] деген фразеологизмдер соның айғағы.
Сол сияқты қаптап өскен қалың шөптi, көрпеот десе, оның жаңадан жетiлу барысын откөрпелендi деп атайды. Жаппай жиын-терiн жасап, жемiстерiн терiп алғаннан кейiн жетiлген /бiрлi-жарым қалып қойған/ жемiстердi көрпе иемiш деп атайды, яғни ол басқалардан гөрi кешiгiп барып пiскен жемiс. Өсiмдiк атаулыға байланысты «көрпе» сөзiн «жас», «жаңа» /свежий/ яғни көрпе от /свежая трава/, көрпе иемiш /св.фрукты/, ат көрпелендi /лошадь ела св.траву/, откөрпелендi /появилась св.трава/ [85.137] деген мағынада қолдануға болады.
Ал мал аузына еркiн iлiнетiн күзгi көктi қазақ шаруалары күзгi алшын деп атайды. Себебi, жерге шық түскеннен бастап, күзгi жаңбыр, қара суық, қар араласқан маусымда кейбiр жерлер аяқ астынан жылына қалады да шөптiң қайта көктейтiн кезi болады. Осындай өрiсте ұзағырақ жайылған мал денесiне жартылай үсiк шалған көктiң нiлi сiңе жайылады. Көктемгi көк нiлi де мал денесiне қатты сiңедi. Ыстық күндегi жаз көгi малға ас болып қан-сөлiн толтырып, ет-майын бiтiредi. Ал көк алшын [67.33] малдың етiн көбiктендiрiп, босатып аздырады. Әсiресе, салқындау келетiн тау алқымындағы күзгi көк жаман.
Күндiз көктеп, түнде жартылай үсiген көк нiлi малдың қаны мен сөлiне, етi мен майына, сүйегiне сiңген сайын мал денесi суық тартқыш келедi. Күзгi алшын жеп, суық суды күнде iшкен мал ылғи да суықсырап, қоңылтақсып, тоңғақ болады.
Сонымен, мал баққан қазақ шаруасы көктiң жер бетiн жарып шыққаннан бастап, күзде қар астында қалғанына дейiнгi кезеңiн қадағалап, әр айдың отыбасқа дегендей әр уақыттағы өсiмдiктiң ерекшелiгiн тап басып тауып, келер ұрпағы iстiң мән-жайына қанық болсын деп, ат қойып, айдар тағып, өсиет, уағыз, ескертпе ретiндегi тұжырымын ТТ ретiнде ұрпағына мирас еткен.
Жоғарыда қарастырылған өсiмдiк атауларынан жылқы, түйе, сиыр, қой түлiгiне қатысты жасалған ТТ-ден байқағанымыздай адамдар мен үй жануарларының мiнез-құлықтарында ортақ қасиеттердiң бар екенiн көремiз. Яғни, тура және ауыспалы мағынада қолданылатын жануарлардың аты, адамдардың мiнезiн образды түрде беруге лайықты қызмет атқарады. Ол жайында К.М.Гюулумянц: «Объектами сопоставления, естественно, являлись животные: они всего более напоминали человека: здесь далекие психологические основы животного аналога» [86.109] дейдi. Себебi, оларды адамның өзi айқындап, бейнелеуiштiк негiз тұрғысынан ауыс мағынада беруiнде. Тұрақты тiркестердiң күрделi табиғатының дамуы, оның шығу төркiнiн айқындау, тiлдiң өзiнiң бай деректерiнде, осыншама рухани байлықты бойында сақтаған халықта [87.109].
Сонымен, бiз төрт түлiктiң қатысуымен өсiмдiк атауларынан қалыптасқан ТТ-дi әртүрлi аспектiде қарастырдық. Бұдан шығатын қорытынды, адамзат баласының әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi XX ғасырға тұяқ iлiктiргенге дейiн бұл далада игiлiк атаулы тек малдың тұяғымен жасалуға болатындығы едi.
Қысы қатты, жазы ыстық байтақ дала, суы тұщы, шөбi шүйгiн ен дала тек малдың тiсiне ере бiлсең ғана құт-мекен болғандай. Тіршіліктің басқа жолын таңдау – тылсым табиғатқа ата-бабамыздың тәуелділігін көрсетер еді. Көкжиекке сұғына жол шегiп, оң-солын тани бастаған ұрпақ көшпелi ғұмырға бiржола ден қойды, сөйтiп, ұлы дала көшпелi елдiң тiршiлiк, тiрлiгi ғана емес, рухани әлемiне де айналды. Оны бiз, ең алдымен, тiл байлығынан, тiлдегi қалыптасқан ТТ-ден көремiз.

&&&
$$$002-009-100$Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер



  1. Қазақ халқының өміріндегі төрт түліктің орны қандай, төрт түлікке қатысты қандай тіркестерді білесіз?

  2. Тобылғыны шаруашылықта қалай пайдалантын болған?

  3. Өсімдікке қатысты тұрақты тіркестерді зерттеген қандай тілші ғалымдарды атаай аласыз?

  4. Төрт түлікке қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестерді Ә.Қайдардың жүйесі бойынша қай топқа жатқызуға болады?

  5. Сиыр малына қатысты тұрақты тіркестерді атаңыз, олардың мәнін қалай түсіндіруге болады?

  6. Түйе малына қатысты қандай байлаулы ассоциациялар, мағыналар орын алған?

&&&



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет