6-ДӘріс тақырыбы: Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті


 Шығарма композициясы туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі171,92 Kb.
#82891
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
lekcija 6

 
4. Шығарма композициясы туралы түсінік 
Композиция – латынша«құрастыра, қиыстыру» деген мағына береді. Бұл 
көркем шығарманың құрылысы. Композиция тек формаға ғана байланысты 
ұғым емес, мазмұнмен де тікелей байланысты. Сонымен қатар көркемдік 
түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен 


жанрынан өрбитін туынды құрылысы. Композиция шығарманы біртұтас 
дүниеге айналдыруға ықпал етеді. 
Композиция пішіндік бөлшектерді тұтастырып, идеяға бағындырады. 
Композиция қағидалары – эстетикалық таным: қорытындысы, олар 
ақиқаттың тереңде жатқан өзара, байланысын танытады. Композиция 
өзіндік мазмұнға ие, оның құралдары мен тәсілдері суреттелген құбылысты 
қайта жаңғыртып, мәнін тереңдетеді. 
Бүларды және жеке-жеке емес, бір тұтас композициялық ұстаным 
негізінде шешуге тура келеді. Кейбір ғалымдар мұндай ұстанымды 
«архитектаника» деп атайды. Бұл сөз гректің «архитектура – сәулет өнері» 
беген сөзінен туындайды. Белгілі бір дәрежеде жазушылар да сәулетшілер 
сияқты, олар да болашақ туындысының жоба-жоспарын алдын – ала 
белгілейді. Архитектаника алдын –ала түйсіну арқылы пайда болса, ең жақсы 
композициялық шешімнің өзі алдын-ала жасалған «есеп қиспақа» көне 
берместен, шығармашылық үрдісте ғана толық шешімін табады. 
Композиция – шығарманың сюжеттік – баяндаушылық жағымен қоса
оның образдық бітімін, харктерлер сипатын да қамтитын ұғым. Әдеби 
қаһарман белгілі бір дәрежеде өзге кейіпкерлермен композициялық 
салыстырулар жасау арқылы да ашылады. Әдебиеттің түрлі тектері мен 
түрлеріне қатысты композициялық заңдарының айырмашылықтары болуы да 
тосын жәйт емес. Мәселен, поэзиялық шығармаларда композиция 
бөлшектерінің қатарына өлең, шумақ та жатады. Драматургия да басты роль 
диалог атқарады, сипаттау мен мінездеулер қысқа ремарколарға 
сыйғызылады. Қалай болғанда да, кез келген жанрдағы туынды да шынайы 
көркемдік тереңдік композиция құрылымына сөз араласқанда ғана игерілмек. 
Ал, көркем шығармадағы сөз дегеніміз – автордың дара тілі, өзіндік стилі. 
Композицияның ішкі міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз 
қозғалысын реттеу жатады. Ол үшін композицияның әрбір бөлшегі бір-
бірімен тығыз байланыста болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет