1. аурудың нақтамасын анықтаңыз?
2. Қолданатын ем- шаралар реттілігін айтыңыз.
Жауабы:
1. бастапқы тіс жегісінің дақты түрі.
2. Емі. Тіс жегісінің тіс қуысына қаншалықты терең енгеніне қарай дәрігер стоматолог ем тағайындайды. Тіс жегісінің бұл түрі реминерализация әдісімен тіске кальций фтор элементтерін сіңдіру арқылы іске асады.Дақ кезеңінде кіреукеде микроэлементтер жойыла бастайды. Оның түсі ағарып, бор тәрізді болады, үсті ақ кірлермен жабылады. Ем қолданудан алдын ақ кірлерден тазаланып, 3% сутегі асқын тотығы мен жуылады, ауыз қуысын шайып, мақтамен сілекейден оқшаулайды. Құрғақ ауамен кептіріледі, дақ сол кезде ағарып көрінеді. Дақты анықтау үшін 2% метиллен көгі ертітіндісін мақта тампонға малынып бояймыз, егер ошақ болса көк түске боялады.
Емдеу кезінде ошақ препаратталмайды. Тазаланған тіс беткейіне дәрі дәрмектерді сіңдіру (аппликация) жолымен ендіріледі. Ол үшін төмендегі дәрілерді қолданамыз:
Қолдану тәсілі:
Жоғарыдағыдай тіс беткейі тазаланып, құрғатылады;
Реминерилизациялайтын ерітіндіге мақта тампон малынып, ошаққа 15-20 минутқа қойылады.
Тіс беткейі құрғатылып,2-3 минутқа мақта тампонды 2-4% натрий фтор ерітіндісіне малып қойылады.
Реминерализациялайтын емді фторлак не электрофорез жолымен де жасаса болады.
Фторлакпен тіс беткейлерін жабу:
Тіс беткейлері тазаланып, шайылады;
Тіс оқшауланып, құрғатылады;
Фторлак жағылады, 1-2 мин құрғатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |