61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


Көмірсу алмасу. Организмдегі көмірсулардың функциясы. Көмірсулар алмасуын реттеу



бет27/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
61-90

87. Көмірсу алмасу. Организмдегі көмірсулардың функциясы. Көмірсулар алмасуын реттеу.

Көмірсу алмасуы. Көмірсулар ағзаға полисахаридтер (өсімдіктің крахмалы, жануардың гликогені) түрінде кіреді. Олардың гидролизден кейінгі соңғы өнімдері глюкоза (80%), сонымен бірге галактоза және фруктоза, бірақ олар қанға сіңірілген соң тез уақытта глюкозаға айналады. Сөйтіп, көмірсулар тасымалының жалпы соңғы өнімі глюкоза болып саналады.

Көмірсулардың атқаратын қызметі. Организмде көмірсулар пластикалық және көбіне энергетикалық қызметтерін атқарады.


  • Пластикалық ролі - глюкоза, галактоза және басқа қант өнімдері қан плазмасындағы гликопротеиндер құрымына кіреді, сонымен бірге олар нуклеин қышқылдарымен (ДНК, РНК) бірігіп, жасуша мембранасының рецепторлық қызметіне қатысады. Көмірсулардан ауыстырылатын амин- және май қышқылдары синтезделеді.

  • Энергетикалық қызметі – глюкозаның негізгі бөлігі бірнеше өзгерістерден өткеннен кейін Кребс цикліне қосылып, АҮФ-тың синтезіне жұмсалады. Көмірсулардың 90%-нан көбі энергияның өндірілуіне кетеді.

Көмірсулардың организмге қажеттілігі тәулігіне 400-500 г болады, дене жүктемесі өскен сайын оның мөлшеріде ұлғаяды. Қан плазмасының құрамындағы глюкозаның мөлшері гомеостаздың өте маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Әдетте тамақтанудан 3-4 сағат өткен соң қандағы глюкозаның мөлшері 3,5-5,8 ммоль/л болады. Оның мөлшері көбейіп 8-10 ммоль/л жетсе, несепте глюкоза пайда болады (глюкозурия).

Көмірсу алмасуының реттелуі. Алғашқы рет көмірсу алмасуына жүйке жүйесінің әсерін ашқан К.Бернар (1849) болатын. Ол тәжірибеде сопақша мидың 4-ші қарыншасын инемен тітіркендіргенде қандағы қант мөлшерінің ұлғаюын (гипергликемия) анықтаған. Оның механизмі симпатикалық жүйке жүйесінің қозуымен байланысты деп есептеген. Гипергликемиялық жағдайда қалыпты организмде ұйқы безінен (Лангерганс аралшықтарында) инсулиннің бөлінуі күшейеді, ол глюкозаның жасушалар ішіне қарай өтуін белсендіреді. Инсулин көмірсу алмасуына анаболиялық әсерін тигізетін жалғыз ғана гормон. Ол он шақы рет жасуша мембранасы арқылы глюкозаның тасымалын жоғарылатады. Бауырда инсулин гликогеннің синтезін күшейтеді, ал амин қышқалдарынан глюкозаның пайда болуын тежейді. Қандағы глюкозаның мөлшері азайғанда (гипогликемия) гликогенолиз (гликогеннің глюкозаға айналуы) үдерісі жеделдейді, бұл глюкагон және адреналин гормондарының ықпалдарынан белсендірілетін фосфорилаза ферментінің көмегімен жасалады. Симпатикалық жүйке жүйесі диссимиляция үдерісін күшейтіп, қандағы глюкоза мөлшерін көбейтеді, ал парасимпатикалық – анаболизмді күшейтеді (ағза жасушаларының глюкозаны пайдалануына әсер етеді).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет