8-сынып (А;Б ) Сабақ №1 Күні: Тақырыбы



бет12/17
Дата27.08.2017
өлшемі2,79 Mb.
#29771
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Сабақ №47

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Солтүстік Қазақ жазығы

Мақсаты:Білімділігі: оқушылардың кең ауқымды танымын қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқулықпен, карталарды пайдалана білуге, жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрену.

Тәрбиелілігі: өз елін, жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. Әдісі: баяндама, салыстыру, сұрақ – жауап, оқулықпен , картамен жұмыс істеу, кестелер толтыру. Көрнектілігі: Қазақстанның физикалық, тектоникалық карталары, үлестірмелер слайд, компьютер.

1. Сабақты ұйымдастыру: Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу, әр топқа жеке тапсырма беру, жаңа материалды талқылау әдістерін түсіндіру. Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.

2. Өткен материалды еске түсіруге арналған сұрақтар.

1. Тұран жазығының географиялық орны.

2. Маңғыстау аласа таулы өлкенің жер бедері мен геологиясы.

3. Үстірт қыратының жер бедері мен геологиясы.

4. Торғай үстіртінің жер бедері мен геологиясы.

5. Арал маңындағы құмдар.

6. Бетпақдаланың жер бедері мен геологиясы.

7. Тұран жазығының пайдалы қазбалары.

8. Тұран жазығының климаты.

9. Тұран жазығының өзендері мен көлдері.

10. Тұранның шөл аймағының өсімдігі, жануарлары.



Жаңа сабақтың мақсаты: Қазақстанның табиғаты туралы алған білімдеріне сүйеніп және Қазақстанның физикалық, тектоникалық, географиялық карталарын, оқулықты пайдалана отырып, материалды оқушылардың өздеріне талқылату.

Жоспары:

А. Берілген тапсырмаларға жауап дайындау.

Б. Салыстырмалы сипаттама.

Солтүстік Қазақ жазығы мен Шығыс. Еуропа.

В. Проблемалық сұрақтар

Сематикалық картаны толтыру.

Д. Кескін картамен жұмыс

Е. Тест


А. Жаңа сабаққа арналған тапсырмалар.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, әр топқа жеке тапсырмалар беру.

1 – тапсырма.

1 – топ тапсырмасы: Солтүстік Қазақ жазығының географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылымы.

2 – топ тапсырмасы: Пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері.

3 – топ тапсырмасы: Табиғат зоналары, өсімдігі, жануары, экологиясы.

Топқа берілген 1 – тапсырма бойынша қорытындылаймын:

Солтүстік Қазақ жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінді:

*Есілдің жазық орманды даласы.

*Тобыл – Обағанның жазық даласы.

*Есіл – Ертіс даласы

*Ертіс – Құлынды жазығы.



Пайдалы қазбалар.

O Соколов – Сарыбай, Қашар кен орнында – темір рудасы.

O Рудный қаласында байыту комбинаты.

O Әйет, Лисаков никель көмірдің мол қоры.

O Хромит, боксит, кобальт кені.

O Құрылыс материалдары.



Климаты:

Жауын – шашын 350мм

Шілденің орташа темп. +18С, +20С.

Қаңтарда -17С, -19С.

Қар қалың, орташа қалыңдығы 30-50см

Өзеңдері:

Ертіс,Есіл, Тобыл

Шағын өзендері: Үй, Тоғызақ, Әйет, Обаған, Өлеңті, Шідерті.

Көлдері: Құсмұрын, Шағалалытеңізі, Сілетітеңізі т.б.

Табиғат зоналары:

1. Орманды дала

2. Дала

Наурызым қорығы

O 1929 жылы ұйымдастырылған.

Қостанай обл. Наурызым ауданында .

Б. Салыстырмалы сипаттама

2 – тапсырма.

1 – топ тапсырмасы: Солтүстік Қазақ жазығы мен Шығыс Еуропа жазығының бір – біріне ұқсастығы.

2 – топ тапсырмасы: 2 жазықтың бір – бірінен айырмашылығы

3 – топ тапсырмасы: 2 жазықтың табиғат жағдайының қолайлы, қолайсыз жақтарын айту.

Топқа берілген 2 – тапсырма бойынша қорытындылаймын:

Екі жазықтың бір – біріне ұқсастығы:

? Екі жазықтыңда көп бөлігі Ресей территориясында жатыр.

? Екі жазықта ойпатты болып келген

? Екі жазықта төрттік дәуірге дейін теңіз астында жатқан.

? Көбіне жауын – шашын жазда болады.

? Шөгінді жыныстарының қалыңдығы 3000 м

? Екі жазықта пайдалы қазбаларға бай

? Шөгінді жыныстары ұқсас

? Ресей шекарасымен шектеседі

? Екі жазықта Орал тауымен шектеседі.

? Өзендермен тілімделіп жатыр

Екі жазықтың бір – бірінен айырмашылығы

1. Географиялық орны екі түрлі

2. Шығыс Еуропа жазығы екі дүние бөлігінде орналасқан

3. Шығыс Еуропа жазығы Каспий теңізімен шектеседі.

4. Өзендер ағысының бағыты екі түрлі

5. Тектоникалық құрылымы ұқсамайды

6. Органикалық дүниесі ұқсамайды

7. Жер бедері ұқсамайды

8. Солтүстік Қазақ жазығында өзендер мен көлдер көп

9. Солтүстік Қазақ жазығы мұздану дәуірінің әсерінде болады.

10.Солтүстік Қазақ жазығының жауын – шашын көп болды.

Шығыс Еуропа Табиғат жағдайының қолайсызы. Табиғат жағдайының қолайлысы

1.Климаты құрғақ, суға тапшы

1. Қар жұқа түседі, мал жақсы жайылады

2. Булану өте жоғары 2. Теңізбен шектесіп, балық шығарады

3. Органикалық дүниесі аз 3. Пайдалы қазбалары көп

Солтүстік Қазақ жазығы

Табиғат жағдайының қолайсызы Табиғат жағдайының қолайлысы

1. Қысы суық, ұзақ 1. Жазда жауын – шашын көп түседі

2. Көктем кеш шығады 2. Топырағы құнарлы

3. Топырақ эрозиясы жоғары 3. Пайдалы қазбалары көп 4. Органикалық дүниеге бай . 5. Жері тегіс, егіс көп егіледі.

В. Проблемалық сұрақтармен жұмыс

v Солтүстік Қазақ жазығында көлдер неліктен көп?

v Шығыс Еуропа және Солтүстік Қазақ жазығынан шыққан ақын – жазушылар

v Неліктен Шығыс Еуропаға жауын – шашын аз түседі?

v Алғашқы темір жол қай аймақта салынды?

v Шығыс Еуропа қандай табиғат ресурстарына тапшы, оны қалай шешуге болады?

С. Сематикалық картаны толтыру (Интерактивті тақтаға сызылған кестені толтыру)

Жазыққа тән сипаттама

Темір,никель Ертіс, Есіл, Тобыл Континент тігі

Тегіс жазық

Қара қоңыр

Қайың терек

Бұлан елік

Орманды дала

Құсмұрын


Климаты

Өзендері


Көлдері

Жер бедері

Топырағы

Өсімдігі


Жануарлары

Пайдалы қазбалары

Табиғат зоналары

Д. Кескін картамен жұмыс.

v Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері

v Пайдалы қазбалары

v Өзендері, көлдері

Е.Тест


1. Солтүстік Қазақ жазығының пайдалы қазбалары

O Темір,никель, көмір

O Газ,мұнай, ас тұзы

O Күміс, сынып, вольфрам.

2.Солтүстік Қазақ жазығының өзендері.

А. Жайық, Ырғыс,Ертіс

Б. Есіл,Тобыл, Ертіс.

В.Сырдария, Есіл, Торғай

3. Солтүстік Қазақ жазығындағы шілде айнының орташа температурасы

А. +14с, +16с.

Б. +30с, +35с.

В. + 18с, +20с.

4. Тобыл өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы

А. 800 км

Б. 1000 км

В. 300 км

5. Солтүстік Қазақ жазығы қай бағытқа қарай еңістеу?

А. Солтүстіктен – шығысқа

Б. Солтүстіктен – оңтүстікке

В. Оңтүстіктен – солтүстікке

6. Солтүстік Қазақ жазығы неше ауданға бөлінеді ? А.4

Б.5


В.8

7. Соколов – Сарыбай кен орнында не өндіріледі ?

А Мұнай

Б. Темір


В. Көмір

8. Есіл өзені қай таудан бастау алады?

А. Орал

Б. Маңғыстау



В. Нияз

9. Солтүстік Қазақ жазығынан Солтүстік Америкадан қандай аң? А.Ондатр Б.Елік

В.Дала күзені

10. Солтүстік Қазақ жазығына қандай қорық ұйымдастырылған ?

А. Үстірт

Б. Наурызым

В. Ақсу – Жабағалы

Бағалау .

Үйге тапсырма:

1. Кесте толтыру

2. Кескін картамен жұмыс

3. Солтүстік Қазақ жазығы, параграф 42



Наурызым қорығы, мәлімет.
Тақырыбы: № 39 Сарыарқа
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты – Қазақтың ұсақ шоқысының географиялық орнын анықтай алуға, картадан көрсетіп сипаттай білуге, геологиялық құрлысын, ондағы пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын, климатының ерекшеліктерін, ішкі суын, жер бедерін, табиғат байлығының арасындағы байланысты аша білуге дағдыландыру; 
Дамытушылық мақсаты – Өз бетімен білім алу қабілеттілігін дамыту. Оқушылардың тақырыпқа байланысты көзқарастарын, дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты – Табиғатты аялап, қорғау қажеттілігін көздейтін экологиялық тәрбие беру. Оқушыларды табиғат әсемдігін сезіну мен сүюге баулу негізінде сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: оқыта-үйрету, деңгейлеп, саралап оқыту әдісін қолдану, сұрақ- жауап баяндау.
Сабақ көрнекілігі: Слайд – фильм, Қазақстанның физикалық, климаттық картасы.
Сабақтың  барысы:
I кезең – ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II кезең  – үй тапсырмасын тексеру. Тест, географиялық диктант, карточка.
I – нұсқа
1.  Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының қандай бөлігі енеді?
2. Қарақия ойысы теңіз деңгейінен қанша метр төмен жатыр?
3. Наурызым қорығы қай жазықта орналасқан?
4.  Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзендері?
5.  Қара топырақты зона Қазақстанның аймағында тараған
III кезең – жаңа сабақ. Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.

1. Географиялық орны. Сарыарқа – өзіндік табиғи бітім-болмысымен дараланатын, кесек тарихы, оқшау ерекшелігі бар, уақытпен бірге жаңғырып-жасарған мекеннің бірі. Бұл өте байтақ мекен, бай мекен. Егер Қазақстанның географиялық картасына зер салсақ, оның орта тұсынан мыңдаған шақырымға созылған адырлы аймақты көреміз. Солтүстігінде Батыс-Сібір ойпатынан басталып, оңтүстігінде Тұран ойпатымен, шығысында Сауыр Тарбағатай тауы жүйесімен, батысында Торғай жазығына дейін созылған, алып жонды ертеден-ақ халқымыз Сарыарқа деп атаған. Қазақ халқының ұлы күйшісі Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа» атты күйі бар. Бұл күйде алтын даланың суреті бейнеленіп қана қоймай, Сарыарқада еркіндік ізденген қазақ халқының жаны бар.
Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстарының жері толық, Солтүстік Қазақстан (оңтүстік бөлігі), Павлодар, Шығыс Қазақстан (батыс бөлігі), Қостанай облыстарының біраз жері кіреді. Батыс бөлігінің ені 900 шақырымнан астам, шығыс бөлігінің ені 400 шақырымға жуық. Сарыарқа – аласа таулы, төбелі, қырқалы, шоқылы, бұйратты жазық.
Батыстан шығысқа 1200 шақырымға созылып жатыр.
2. Геологиялық құрылысы, жер бедері. Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі қалыптасты. Негізінен метаморфтық және магмалық тау жыныстарынан түзілген. Облыс аумағының геологиялық дамуы күрделі және ұзақ болды, сондықтан ол тектоникалық күрделігімен және құрылым элементтерінің жастық алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл бөліктегі ең биік тау – Қызыларай, оның ең биік нүктесі Ақсораң  (1565м).
Қызыларай тауы Қазақстандағы кен көлемде мекен ететін арқарлардың жері. Одан солтүстікке қарай Қарқаралы тауы, оның ең биік нүктесі Жиренсақал (1403 м).
Қарқаралы территориясында Қарқаралы атты ұлттық саябақ бар.
Егерде тарихқа сүйенсек «Қарқаралы» деген атау, «Қарқары» деген ертедегі қазақ қыздарының бас киімінен шыққан.
Одан кейін Кент тауы, оның ең биік нүктесі Шаңкөз (1460м),
Одан әрірек Баянауыл (950м). Баянауыл территортясында Баянауыл ұлттық саябақ орналасқан. Шығысында Шыңғыстау тауы орналасқан (1300м). Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады. Сарыарқаның территориясында тегіс және ойыс жерлер көп. Мұндағы ірі ойыс – Теңіз Қорғалжың қазаңшұнқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатыр: Бурабай және Ұлытау (1134м).
3.Пайдалы қазбалары. Сарыарқа – пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды  мен Екібастұз көмір өңдірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған, Қонырат және Саяқ кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жезқазған, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ірі метталлургиялық комбинаттар жұмыс істейді. Ақсуда ас тұзы өндіріледі.
4. Климаты. Сарыарқа Еуразияның орталығында орналасқан. Оған айтарлықтай дәрежеде радияциялық факторларға тәуелді шұғыл континенттік, ылғалдығы жеткіліксіз климат, сондай-ақ оңтүстікке қарай тез өсіп отыратын қуаңшылық тән.
Сарыарқаның солтүстігінде қаңтардың орташа ауа температурасы -22°, оңтүстігінде-150, шілдеде тиісінше 20° және 25°. Қысқы минимум температура -50° дейін болады, ал жазғы максимум температура 40°-тан асады. Ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы 35°-тан артады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 300-350 мм, оңтүстігінде 150-200 мм. Аласатаулы алқаптар ылғалды желдердің бір бөлігін ұстап қалады және сондақтан Көкшетау мен Қарқаралы алқаптарында жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері көпжылдық есеп бойынша 400 мм-ден артады. Жауын-шашынның басым бөлігі солтүстігі мен орталық бөлігінде жылы кезеңге, ал оңтүстігінде қыс мерзіміне келеді. Солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы қарашаның орта кезінде, ал оңтүстігінде әдеттегідей желтоқсанда түседі. Булану барлық жерде жауын-шашынның мөлшерінен асып тұрады.
5. Өзендері мен көлдері. Басты өзендері – Есіл, Нұра, Сарысу, Тоқырауын т. б. Өзендері қар суымен қоректенеді, көктемде тасып, жазда құрғап кетеді.  Негізгі көлі Бурабай.
6. Табиғат зоналары. Сарыарқа жері дала, шөлейт, шөл зоналарына кіреді.
Қорғалжын қорығы 1968 жылы ұйымдастырылған.
7. Өсімдіктері мен жануарлары.  Сарыарқаның жануарлар әлемі далалар мен аласа таулы өлкелерді, сондай-ақ, көптеген тұрақты және уақытша су көздері – өзендер мен көлдерді мекендейтін түрлерге бай. Орманды-далалы өңірлерде кеміргіштерден түрлі тышқандар; жыртқыштардан сілеусін, түлкі, қасқыр; қояндардың ақ және сұр  түрлері; тұяқтылардан елік пен бұлан кең тараған. Кәсіптік-аңшылық мәні бар құстардан бұлдырық пен шіл, құр көп болса, жыртқыш құстардан қаршығалар мен мола бүркіті жиі кездеседі. Далалық өлкелерде кеміргіштерден суыр мен саршұнақ; жыртқыштардан дала күзені; құстардан бозторғай; қанатты жыртқыштардан дала бүркіті мен тұрымтай көбейе түседі. Сарыарқаның оңтүстігіне қарай құм тышқаны мен қосаяқ, шөлейт қасқыры мен шөлейт аккісі, әсіресе рептилиялардан сұр геккон, дала агамасы, жүйрік кесіртке сияқты шөл мен шөлейт жануарлары кеңірек тарайды. Өзен-көлдерде шортан, аққайран, табан, т.б. көптеген балық түрлері бар.

IV кезең Бекіту сұрақтары.
1.    Сарыарқаның ең биік тауы? (Қызыларай)
2.    Сарыарқа қандай аудандармен шектеседі? (Солт. Қаз. ж., Тұр., Тор., Сауыр)
3.    Сарыарқа өлкесі қандай таулардан тұрады? (Қызыларай, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау)
4.    Қарқаралы тауының шығу тарихы? (Қарқара қазақ қыздарының бас киім)
5.    Сарыарқа өлкесінде қандай пайдалы қазбалар бар? (Тас көмір, мыс, темір, марганец)
6.    Сарыарқаның негізгі өзендері? (Есіл, Нұра, Сарысу)
7.    Сарыарқада қандай жануарлар мекендейді? (Қасқыр, түлкі, киік, дала  тышқаны)
8.    Сарыарқада 1968 жылы құрылған қорық? (Қорғалжын)

V кезең Үйге тапсырма: № 43 Сарыарқа. Пайдалы қазбаларын кескін картаға түсіру.


VI кезең – бағалау кезеңі
VII кезең – қорытындылау
Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Орал тауы

Мақсаты:

Білімділік: Тұран жазығы ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.



Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Мұғалжар тауы Үлкен Боқтыбай Айрық  Атжақсы Жамантау



Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті




1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Географиялық орны Орал тауы қазақстанның батысында орналасқан ежелгі тау. Оған Мұғалжар тауы Үлкен Боқтыбай Айрық  Атжақсы Жамантау кіреді

Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен. Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да,Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді.

Пайдалы қазбалары

қойнауы никелькобальтхромитмыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау,Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар.

Климаты


Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. 

Су қоры


Таудан бірқатар өзендер (ЖемЫрғызОрТобылТалды) ағып шығады. Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да, жазда тез тартылып қалады.

Өсімдіктері мен жануарлары

Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеукөдежусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терекқайыңемен, тал өседі. Мұғалжардың ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеукөкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады. Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкенжабайы шошқақоянқарсаққасқыртүлкі,сарышұнақаламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққуқазүйрек, қырда безгелдек кездеседі





Оқушылар Орал тауының туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар Орал тауының. жануарларын өздері атап өтеді.

Т Орал тауының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады.

Климатының ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді.


3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына шөлейт және шөл зоналарының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда шөлдің қандай түрлері бар?

  3. Орал тауының биік нүктелері?

  4. өсімдіктер шөлге қалай бейімделген?

  5. Орал тауының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Мұғалжар тауы Үлкен Боқтыбай Айрық  Атжақсы Жамантау  атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.


4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.




6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.

Сабақтың тақырыбы: Алтай тауы



Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Алтайдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін кеңейту;





Тәрбиелік:

Биік таулар туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;


Дамытушылық:

Қазақстанның физикалық карталармен жұмыс істеп биік тауларға сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамту;


Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту.


Сабақтың түрі:

Ашық сабақ


Сабақ әдісі:

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап


Көрнекілігі:

Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, атлас, сызбалар, интерактивті тақта


Пәнаралық байланыс:

әдебиет, география, экология, эстетика т.б.


Каталог: uploads -> doc -> 0b47
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b47 -> Сабақтың тақырыбы: с дыбысы мен әрпі
0b47 -> Пәні Әдебиеттік оқу Сыныбы
0b47 -> 1. «Қазақ тілі» атты өлеңді оқып,өлеңнің негізгі идеясын ашу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет