9 осөж тақырыбы: Химиялық мутагенез. Мақсат: Химиялық мутагенез туралы түсінік беру Радиациялық және химиялық мутагенез


Молекулалық деңгейдегі өзгеру типіне байланысты



бет4/5
Дата29.03.2023
өлшемі3,58 Mb.
#173231
1   2   3   4   5
Байланысты:
Генетика СРСП7,8,9,10
Ктж 1.2.3.4.5.6, Ктж 1.2.3.4.5.6
Молекулалық деңгейдегі өзгеру типіне байланысты.
ДНҚ молекуласындағы бір азоттық негіздің басқаға алмасуы нүктелік мутация деп аталады. Егер нүктелік мутацияның нәтижесінде пиримидин пуринге алмасатын болса, онда бұндай мутация трансверсия деп аталады. Егер пурин пуринге немесе пиримидин – пиримидинге алмасса, онда мутация транзиция деп аталады..
Ген ішінде бір немесе бірнеше нуклеотидтердің тігілуі немесе жоғалуы барлық келесі кодондардың өзгеруіне алып келеді. Бұл рамкадан жылжыған мутацияны санау деп аталады.
Миссенс мутация – триплеттегі бір нуклеотидтің өзгеруі, полипептидтегі аминқышқылдардың өзгеруіне алып келеді.
Нонсенс мутация – триплеттегі бір нуклеотидтің өзгеруі бұл триплеттің стоп кодон триплетке айналуына алып келеді, нәтижесінде протеиннің биосинтезі уақтысынан бұрын тоқталады.
Сайленс мутация – нуклеотид ішіндегі нүктелік мутация кезінде полипептидтегі аминқышқылдар өзгермейді.
Мутагендердің жіктелуі.
Мутацияны шақыратын заттар мутагендер деп аталады. Барлық мутагендер 3 топқа бөлінуі мүмкін:
физикалық, химиялық және биологиялық.
Мутагендік факторлардың табиғаты:

  1. Мутагенездің физикалық факторлары-

барлық иондаушы сәулелердің түрлері
(гамма, ультра-фиолет, рентген және т.б.)
Рентген сәулелер, гамма және космостық сәулелер ультракүлгін сәулелерге қарағанда жоғары өткізгіштік қабылеттері бар және мутагендік эффектері жоғары болады.
Иондаушы сәуле молекуланың ионизациясын шақырады, содан соң тұрақты молекулалар мен атомдар бос радикалдарға және реактивтік иондарға айналады, олар әртүрлі химиялық реакцияларды инициирлеуге қабылетті болады.
Бұл реакциялар генетикалық материалдың
тікелей немесе жанама өзгеруін шақыруы
мүмкін, нүктелік мутацияны шақырады,
фосфодиэфирлік байланыстарды, толық
хромосомаларды үзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет