15-САБАҚ
ЖОБАНЫ ДАЙЫНДАУ ЖƏНЕ ҚҰРАСТЫРУ
Сабақта:
Жобаның тақырыбын анықтау;
Жобаның жұмыс жоспарын құру;
Топ мүшелерімен міндеттерді бөлісу;
Ақпаратты іздеу;
Жобаны қорғауға дайындалу;
Тапсырма:
Бірнеше топқа бөлініп, өтілген тақырыптарға сай
ұсынылатын жобаларды таңдаңдар: «Қазақ эстрадасы», «Заманауи музыка қайраткерлері», «Джаз музыкасы», «Мю-зикл», «Рок-музыка».
а) Жобаның мақсатын анықтау;
ə) Жоба тақырыбына сəйкес əр түрлі деректерден ақпарат іздеңдер.
б) Жобаның жұмыс жоспарын құр.
в) Өз тобыңда жоба тақырыбын талқылаңдар.
Тоқсан бойы үйренген бір əнді джаз, рок стилінде ин-терпретация жасау.
Компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып, жоғарыдағы тақырыптардың біріне музыкалық əрлеу жасалынған слайд-шоу жасау.
Үлгі:
Жоба тақырыбы: «Қазақ эстрадасы» (1 нұсқа).
Жоба мақсаты: Қазақ эстрадасының қалыптасуы туралы мағлұмат жинау.
Міндеттері:
* Қазақ эстрадасының көрнекті өкілдері туралы матери-алдар табу;
* Нақты бір қайраткер туралы слайд-шоу дайындау;
* Қазақ эстрадасы жанрлары туралы баяндама дайындау. Жұмыс нəтижелері:
Баяндама, реферат, слайд-шоу, таныстырылым.
16-САБАҚ
ЖОБА НƏТИЖЕЛЕРІН ҰСЫНУ
Сабақта:
Өз жұмысымыздың нəтижелерін көрсетуді үйренеміз;
Өз жұмысымызды жəне сыныптастар жұмысын бағалаймыз;
Өз жұмысымызды жетілдіріп үйренеміз.
Топтық жұмыс нəтижелерін ұсыну.
1.Əр топ өз жұмыстарын қорғайды. Баяндама, слайд-шоу, таныстырылымдарын басқа топтарға көрсетеді.
Əр топ джаз, рок стиліндегі интерпретациясын көрсетеді.
Сəтті шыққан интерпретацияны барлығы орындайды.
Компьютерлік бағдарлама арқылы музыкалық əрленген слайд-шоу көрсетіледі.
Топтар бірін-бірі бағалайды, бір-біріне жұмыстарын жақсарту үшін ұсыныстарын айтады.
ТОҚСАН
Достарыңызбен бөлісу: |