А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет104/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Ақша аудару туралы шарт. 
Ақша аудару туралы шарт 
бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) 
тапсырмасы бойынша клиентке бiр-ыңғайландырылған дербес код 
бермей-ақ ҥшiншi тҧлғаға ақша аударуға мiндеттенедi (ҚР АК 754 
б., 1 т.). Банктiң клиентке бiр ыңғайландырылған дербес код 
бермей-ақ ақша аудару тәртiбi банк қызметiн реттейтiн заң 
актiлерiмен белгiленедi.
Банк салымы шарты. 
Банк салымы шарты бойынша бiр 
тарап (банк) екiншi тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, 
олар бойынша банктік салым шартында кӛзделген мӛлшерде және 
тәртiппен сыйақы тӛлеуге және салымның осы тҥрi ҥшiн заң 
актiлерiнде және шартта кӛзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша 
салымды қайтаруға мiндеттенедi (ҚР АК 756 б.). Салымдар 
тҥрiнiң әрқайсысы бойынша банктер клиенттiң ақшасын есепке 
алу мақсатында оған бiрыңғайландырылған дербес код бередi. 
Бiрыңғайландырылған дербес кодты беру, жою, клиенттiң 
ақшасына есеп жҥргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк 
заңдарында белгiленген. 
Ақша қаражаттарын тарту нысаны ретінде банк салымы 
шартын осындай экономикалық мақсаттарға қол жеткізуге 
мҥмкіндік беретін басқа да қҧқықтық қҧрылыстардан ажырата білу 


189 
қажет. Мысалы, тәжірибе салымшыға әртҥрлі бағалы қағаздарды 
сату жолымен ақша қаражаттарын тарту жиі кездеседі. Мҧндай 
мәмілелер банк салымы шарты болып табылмайды. Олардың 
қҧқықтық табиғаты жалған мәмілелер болып табылмайды және 
заңнаманы 
бҧзуға 
немесе 
осы 
бағалы 
қағаздарды 
тҧтынушылардың заңмен қорғалатын қҧқықтарын бҧзуға 
әкелмейді ме деген кӛзқарас тҧрғысынан бағалануы тиіс. Заңды 
табиғаты бойынша банк салымы шарты нақты, ӛзара және ақылы 
болып келеді. Тәртіп бойынша қосылу шартын жасасуға тән тәртіп 
негізінде жасалады.
Банкке салым белгiлi бiр ҥшiншi тҧлғаның атына енгiзiлуi 
мҥмкiн. Пайдасына салым енгiзiлетiн азаматтың атын немесе 
заңды тҧлғаның атауын кӛрсету тиiстi банк салымы шартының 
елеулi ережесі болып табылады. Ҥшiншi тҧлғаның пайдасына 
шартты салым енгiзген жағдайда, ол банк салымы шартында 
кӛзделген талаптарды сақтаған кезде ғана оларға билiк етуге 
қҧқылы. Бҧл талаптар басталғанға дейiн ҥшiншi тҧлға салымға тек 
салым енгiзген тҧлғаның жазбаша рҧқсаты бойынша ғана билiк ете 
алады. ҚР АК 391 б. кӛзделген ҥшiншi тҧлғаның пайдасына шарт 
туралы ережелер, егер ол осы шартты реттейтін ережелерiне 
қайшы келмесе, ҥшiншi тҧлғаның пайдасына банк салымы 
шартына қолданылады.
Салымдарды қайтару талаптарына қарай олар: талап етiлмелi 
салым; мерзiмдi салым; шартты салым(ҚР АК 757 б.) сияқты 
тҥрлерге бӛлiнедi.
Сәйкесінше банк салымы шарты мерзімді және мерзімсіз 
сипатқа ие. Талап етiлмелi банк салымы шарты мерзiмсiз болып 
табылады (ҚР АК 759 б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет