5. Жҧмыс орындау туралы шарттар
Жҧмыс орындау бойынша шарттарға мердігерлік шарты
жатады.
Қазіргі таңда еліміздің нарықтық экономикаға кӛшу
жағдайында ӛндірістің, әсіресе, сауданың жаппай ӛсуі байқалады.
Оның нәтижесінде жаңа ҥй жайлардың ӛсірілген қажеттілігімен
ҧштасқан сауда кӛлемдері ҧлғая бастады. Бҧл жерде
жылжымайтын мҥліктің жаңа объектілерінің пайда болу
қажеттілігін суреттейтін бір ғана аспект қарастырылады.
Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi
тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр
жҧмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн
тапсырысшыға ӛткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жҧмыс
нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы тӛлеуге (жҧмыстың
бағасын тӛлеуге) мiндеттенедi (ҚР АК 616 б., 1 т.)
Мердігерлік міндеттемелері бойынша борышкер қандай да
бір затты беруге міндеттенбейді, ал қандай да бір жҧмыс
орындауға міндеттенеді. Мердігермен жҧмысты орындау белгілі
бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған, мысалы, затты дайындау,
жӛндеу жҧмыстарын жҥргізу, заттың тҧтынушылық қасиеттерін
ӛзгерту немесе жақсарту немесе орындау барысында заттық және
оқшауланған басқа да нәтиже алу. Соңғысы бойынша мердігер
жҧмыстың нәтижесін тапсырыс берушіге беруге міндетті.
195
Мердігерлік шарты мен жеке еңбек шартының кейбір
ҧқсастықтары байқалады. Аталмыш екі шартта еңбек ҥрдісін
қҧқықтық реттеуші қҧрал болып табылады. Олардың басты
жақындығы осында.
Еңбекті
ҧйымдастыру
нысандары
еңбекті
жалдау
аумағындағы қатынастарды қҧқықтық реттеудегі екі нысанның
соншалықты жақындығы олардың арасындағы шекті анықтауда
қиындық туғызады. Еңбектік келісімнің негізінде қандай шарт
жатыр- мердігерлік пе әлде еңбек шарты ма , оны ажырату ҥшін
шарттардың мәнін тҥсіну арқылы қол жеткізуге болады. Мердігер
шартында тапсырыс берушіні, еңбек шартында жҧмыс берушіні
шартқа отыруға итермелейтін нәрсе, қандай да бір маманның
қызметіне зәру болуы. Алайда, осы қажеттілікті қанағаттандыру
әдісі мен нысаны әртҥрлі. Мердігерлік шарты бойынша тапсырыс
берушінің мҥдделерін қанағаттандыру мердігер қызметінің
нәтижесімен жҥзеге асырылады, ал жеке еңбек шарты бойынша
кәсіпкердің
мҥддесі
мамандығымен,
лауазымымен
және
біліктілігімен сипатталатын қызметкердің белгілі бір қызмет
функциясын атқаруымен қамтамасыз етіледі.
Заңды табиғаты бойынша мердігерлік шарты консенсуалды,
ақылы және ӛзара болып табылады.
Басқа консенсуалды шарттарға қарағанда мердігерлік
шарттың жасалу кезеңінде тікелей орындала алмайды, себебі талап
етілген нәтижеге жету ҥшін жҧмысты орындауға белгілі бір уақыт
жҧмсау қажет.
Егер мердігер шартты орындауға шарт жасасқаннан кейін
бірден кӛшетін болса да немесе жҧмысы тапсырыс берушінің
қатысуымен орындаса да шарттың консенсуалдық сипаты
сақталады. Мердігердің жҧмысты орындауынның, міндеттерін
атқарудың алдында әрқашан шарт жасалуы тиіс, себебі шарт
бойынша оның нақты не істеуі керек екендігі анықталады.
ҚР АК 616 б., 3 т. сәйкес, мердiгерлiк шартының жекелеген
тҥрлерi: тҧрмыстық мердiгерлiк, қҧрылыс мердiгерлiгi, жобалау
немесе iздестiру жҧмыстарына мердiгерлiк, ғылыми-зерттеу,
тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жҧмыстарға
мердiгерлiк кӛзделген.
196
Тҧрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi
жҥзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы
бойынша тапсырысшының тҧрмыстық немесе басқа да жеке
қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жҧмысты
орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жҧмыстың нәтижесiн
қабылдап алуға және оған ақы тӛлеуге мiндеттенедi (ҚР АК 640 б.,
1 т.).
Қҧрылыс
мердiгерлiгiнiң
шарты
бойынша
мердiгер
тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген
мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не ӛзге де қҧрылыс жҧмысын
орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жҧмысты
орындауы ҥшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн
қабылдап алуға және ол ҥшiн келiсiлген бағаны тӛлеуге
мiндеттенедi (ҚР АК 651 б., 1 т.).
Жобалау және iздестiру жҧмыстарына мердiгерлiк шарт
бойынша мердiгер (жобалаушы, iздестiрушi) тапсырысшының
тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық қҧжаттаманы әзірлеуге
және (немесе) iздестiру жҧмыстарын жҥргiзуге мiндеттенедi, ал
тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы тӛлеуге
міндеттенедi (ҚР АК 667 б., 1 т.).
Ғылыми-зерттеу жҧмыстарына жасалған шарт бойынша
мердiгер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында кӛзделген
ғылыми зерттеулердi жҥргiзуге, ал тәжiрибе-конструкторлық және
технологиялық жҧмыстарға шарт бойынша - жаңа бҧйымның
ҥлгiсiн, оған конструкторлық қҧжаттаманы, жаңа технологияны
жасауға немесе ҥлгi дайындауға міндеттенеді; тапсырысшы
мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жҧмыс
нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы тӛлеуге міндеттенеді (ҚР
АК 673 б., 1 т.).
Шарттың тараптары болып тапсырыс беруші және мердігер
табылады. Тапсырыс беруші мен мердігер ретінде азаматтар да
және заңды тҧлғалар да бола алады.
Егер заң актiлерiнен немесе шарттан ӛзгеше туындамаса,
мердiгер шартты орындауға басқа тҧлғаларды (қосалқы
мердiгерлердi) тартуға қҧқылы. Мҧндай жағдайда мердiгер -
тапсырысшының алдында бас мердiгер, ал қосалқы мердiгердiң
197
алдында тапсырысшы болады. Заңды тҧлғалар жҧмысты
орындауға мамандандырылған мердігерлік ҧйымдарды, әсіресе,
арнайы лицензиялауды талап ететін қызмет аумақтарына, мысалы,
жобалау
жҧмыстарын
орындауға,
байланыс
қҧралдарын,
инженерлік қҧрылғыларды салу бойынша және т.б. кеңінен
тартады. Мҧндай жағдайда мердігер бас мердігер болады, ал
онымен жалданған тҧлға қосалқы мердігер болады (ҚР АК 619 б.).
Бас мердiгер қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшының
мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны
ҥшiн жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердiгердiң
мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны
ҥшiн жауапты болады. Егер заң актiлерiнде немесе шартта ӛзгеше
кӛзделмесе, тапсырысшы мен қосалқы мердiгер бiрiншi ӛздерiнiң
бас мердiгермен арадағы шарттарды бҧзуына байланысты
талаптар қоюға қҧқығы жоқ. Бас мердiгердiң келiсiмiмен
тапсырысшы
жекелеген
жҧмыстарды
орындауға
ҥшiншi
тҧлғалармен шарт жасасуға қҧқылы. Мҧндай жағдайда ҥшiншi
тҧлға
жҧмысты
орындамағаны
немесе
тиiстi
дәрежеде
орындамағаны ҥшiн тiкелей тапсырысшының алдында жауапты
болады. Егер шарт бiр мезгiлде екi немесе одан да кӛп мердiгермен
жасалса және мiндеттеме нысанасы бӛлiнбейтiн болса,
мердiгерлер тапсырысшыға қатысты ортақтасқан борышкерлер
және тиiсiнше ортақтасқан кредит берушiлер болып танылады.
Мiндеттеме нысанасы бӛлiнетiн жағдайда, сондай-ақ заң
актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде кӛзделген басқа да
жағдайларда мердiгерлердiң әрқайсысы қҧқықтарға ие болып,
тапсырысшыға қатысты ӛз ҥлесiнiң шегiнде мiндеттемелердi
мойнына алады.
Шарттың бағасы тапсырыс беруші «мердігерге жҧмыс
орындағаны ҥшін тӛлеуге міндеттенті» ақша сомасы болып
табылады. ҚР АК 621 б., 1 т. сәйкес, мердiгерлiк шартта
орындалуға жататын жҧмыстың бағасы немесе оны анықтау
әдiстерi кӛрсетiледi. Шартта мҧндай нҧсқаулар болмаған және
тараптар келiсiмге келмеген жағдайда бағаны тараптарға
келтiрiлген қажеттi шығындарды ескере отырып, әдетте, осыған
ҧқсас жҧмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы
198
сот белгiлейдi. Мердігерлік шартта баға ретінде тек ақша сомасы
ғана емес, сондай-ақ табиғи немесе басқа да нысанда қарсы талап
болуы мҥмкін.
Егер нәтижеге жету ҥшін мердігер кӛлемі мен кҥрделілігі
бойынша маңызды жҧмыстар кешенін орындауға міндетті болса,
жҧмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мҥмкiн.
Жҧмыс мердiгер жасаған сметаға сәйкес орындалған жағдайларда
смета кҥшке ие болып, тапсырысшы оны растаған кезден бастап
шарттың бiр бӛлiгiне айналады деп ҚР АК 621 б. арнайы
кӛзделген.
Жҧмыстың бағасы (смета) шамамен алынған немесе тҧрлаулы
болуы мҥмкiн. Шартта басқа нҧсқаулар болмаған кезде жҧмыстың
бағасы (смета) тҧрлаулы деп есептеледi.Егер барлық бастапқы
деректер болса, қажетті жҧмыстың тҥрлері анықталса, онда
тҧрлаулы смета жасалады, одан ӛсу жағына да, кеміту жағына да
ауытқуға болмайды.
ҚР АК-нің 616 б. сәйкес, мердігердің басты міндеті
тапсырысшыға тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жҧмысты атқару
және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға ӛткiзу
болып табылады.
ҚР АК 618-нің б. сәйкес, егер заң актiлерiнде немесе шартта
ӛзгеше кӛзделмесе, мердiгер шартта белгiленген жҧмысты
тапсыру мерзiмi басталғанға дейiн материалдардың кездейсоқ
жойылу немесе кездейсоқ бҥлiну қаупiн материалдарды берген
тарап мойнына алады. Жҧмыс нәтижесiн беру немесе қабылдау
уақытын ӛткiзiп алған кездегi тәуекелдi, егер заң актiлерiнде
немесе шартта ӛзгеше кӛзделмесе, уақытты ӛткiзiп алған тарап
мойнына алады. ҚР АК-нің 626 б. сәйкес, мердiгерлiк шартты
орындауға байланысты мердiгердiң иелiгiне ӛткен заттарды
немесе ӛзге де мҥлiктi ӛңдеу ҥшiн тапсырысшы берген
материалдардың, жабдықтардың сақталмағаны ҥшiн мердiгер
жауапты болады. Жалпы тәртіп бойынша мердігерлік шарты
бойынша жҧмыс мердігердің қарауымен ӛтетіндіктен, яғни соның
материалдарымен, кҥштерiмен және қаражатымен (ҚР АК 617 б.)
орындалатындықтан, мердігерлік шартымен қарасытырылған
жҧмыстарды атқаруға қажетті мҥліктің кездейсоқ жойылуы мен
199
кездейсоқ бҥліну қаупіне кӛп жағдайда шалдығады. Сонымен
қатар, материалдар мен қҧрал жабдықтарды тапсырыс беруші
бергенде де, сонымен қатар, ӛз затын қайта ӛңдеуге берген
жағдайда да аталған кездейсоқ жойылу мен кездейсоқ бҥліну қаупі
де мердігер де болады.
Мердігер шартының тараптары арасында тәуекелді бӛлу
диспозитивті нормамен реттелгендігін ескерген жӛн, сәйкесінше,
аталған ережелер, ҚР АК, ӛзге де заңдармен немесе мердігерлік
шартпен ӛзгеше белгіленбесе қолданылады. Мысалы, ҚР АК-нің
630 б. сәйкес, жҧмыс нәтижелерін қабылдау мен ӛткізу мерзімі
ӛкізілген жағдайда, аталмыш тәуекелдерді мерзімді ӛткізіп алған
тҧлғада болады.
Жалпы тәртіп бойынша жҧмысты орындау мердігердің
қарауымен жҥзеге асырылатындықтан, мердiгер ӛзi берген
материалдар мен жабдықтардың сапасы лайықсыз болғаны ҥшiн,
сондай-ақ ҥшiншi тҧлғалардың қҧқықтары қосылған материалдар
мен қҧралдарды бергенi ҥшiн жауапты болады (ҚР АК 617 б., 2 т.).
ҚР АК 635 б., 5 т. сәйкес, жҧмысты орындау ҥшiн материалдар
берген мердiгер олардың сапасы ҥшiн сатушының сапасы
лайықсыз тауарлар ҥшiн жауаптылығы туралы ережелер бойынша
жауап береді. Сәйкесінше, тапсырыс беруші ҚР АК-нің 428 б.
сәйкес сатып алушыға берілген кез келген мҥмкіндікті
пайдалануға қҧқылы.
Мердiгер тапсырысшы берген материалды ҥнемдеп және
есеппен пайдалануға, жҧмыс аяқталғаннан кейiн тапсырысшыға
жҧмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың
қалдықтарын қайтарып беруге не тапсырысшының келiсiмiмен,
мердiгерде қалған пайдаланылмаған материалдың қҧнын ескере
отырып, жҧмыстың бағасын кемiтуге мiндеттi.
Мердiгер тапсырысшы берген материалдардың кемшiлiктерi
себептi тиістi дәрежеде орындалмаған жҧмыс ҥшiн, егер ол осы
материалдарды тиiстi қабылдау кезiнде оның кемшiлiктердi
анықтауы мҥмкiн болмағанын дәлелдей алмаса, жауапты болады.
ҚР АК-нің 626 б. сәйкес, мердiгерлiк шартты орындауға
байланысты мердiгердiң иелiгiне ӛткен заттарды немесе ӛзге де
200
мҥлiктi ӛңдеу ҥшiн тапсырысшы берген материалдардың,
жабдықтардың сақталмағаны ҥшiн мердiгер жауапты болады.
ҚР АК-нің 628 б. сәйкес, келесідей мән-жайлар анықталғанда
мердiгер тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нҧсқау алғанға дейiн
жҧмысты тоқтата тҧруға мiндеттi:
тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың,
техникалық қҧжаттаманың немесе ӛңдеуге берiлген заттың
жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
оның жҧмысты атқару әдiсi туралы нҧсқауларын
орындаудан тапсырысшы ҥшiн болуы ықтимал қолайсыз
салдарлар;
орындалатын жҧмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына
немесе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға
мҥмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес ӛзге де мән-жайлар
анықталған жағдайда.
Жоғарыда аталған мән-жайлар туралы тапсырысшыға
ескертпеген, не ескертуге жауап алу ҥшiн қисынды мерзiмнiң
аяқталуын кҥтпестен немесе жҧмысты тоқтата тҧру туралы
тапсырысшының уақытылы нҧсқауына қарамастан жҧмысты
жалғастырған мердiгердiң ӛзiне немесе ӛзi тапсырысшыға тиiстi
талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға
қҧқығы жоқ. Ӛз кезегінде тапсырысшы жоғарыда аталған мән-
жайлар туралы мердiгер тарапынан уақытылы және негiзделген
ескерту алғанына қарамастан, қисынды мерзiмде жарамсыз және
сапасыз материалды ауыстырмаса, жҧмысты орындау әдiсi туралы
нҧсқауды ӛзгертпесе немесе жҧмыстың жарамдылығына немесе
берiктiгiне қауiп тӛндiретiн мән-жайларды жою ҥшiн басқа да
қажеттi шаралар қолданбаса, мердiгер шарттан бас тартуға және
оның тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарды ӛтеудi талап етуге
қҧқылы.
Жҧмыстың орындалу сапасы мердігерік шартының пәнінің
маңызды сипаттамасын береді. Осыған байланысты, егер жҧмысты
мердiгер шарттан жҧмысты нашарлататын ауытқулармен немесе
оны шартта кӛзделген не шартта тиiстi ережелер болмаған кезде -
әдеттегi пайдалану ҥшiн оларды жарамсыз ететiн ӛзге де
201
кемшiлiктермен орындаса, тапсырыс берушіге жҧмыстың тиісті
сапада орындалуын қамтамасыз ететін мҥмкіндіктер беріледі.
ҚР АК-нің 635 б. сәйкес, аталмыш жағдайларда, заң
актiлерiнде
немесе
шартта
ӛзгеше
белгiленбегендiктен,
тапсырысшы ӛз таңдауы бойынша мердiгерден:
қисынды мерзiмде жҧмыстың кемшiлiктерiн ӛтемсiз
жоюды;
жҧмыс ҥшiн белгiленген бағаны мӛлшерлес азайтуды;
тапсырысшының кемшiлiктердi жою қҧқығы шартта
кӛзделсе, ӛзiнiң оларды жоюға шыққан шығыстарын ӛтеудi талап
етуге қҧқылы.
Мердiгер ӛзi жауап беретiн жҧмыстың кемшiлiктерiн жоюдың
орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн ӛткiзiп алу арқылы
келтiрген зиянды ӛтей отырып, жҧмысты тегiн қайта орындауға
қҧқылы. Бҧл жағдайда тапсырысшы, егер жҧмыс сипаты бойынша
ондай қайтарып беру мҥмкiн болса, оған бҧрын тапсырылған
жҧмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiндеттi.
Егер жҧмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесе
жҧмыстың ӛзге де кемшiлiктерi елеулi және жоюға келмейтiн
болса не анықталған кемшiлiктер тапсырысшы белгiлеген
қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға
және келтiрiлген залалдарды ӛтеудi талап етуге қҧқылы.
Егер жҧмысты мердiгер шарттан жҧмысты нашарлататын
ауытқулармен немесе оны шартта кӛзделген не шартта тиiстi
ережелер болмаған кезде - әдеттегi пайдалану ҥшiн оларды
жарамсыз ететiн ӛзге де кемшiлiктермен орындаса, заң актiлерiнде
немесе шартта ӛзгеше белгiленбегендiктен, тапсырысшы ӛз
таңдауы бойынша мердiгерден: қисынды мерзiмде жҧмыстың
кемшiлiктерiн ӛтемсiз жоюды; жҧмыс ҥшiн белгiленген бағаны
мӛлшерлес азайтуды; тапсырысшының кемшiлiктердi жою қҧқығы
шартта кӛзделсе, ӛзiнiң оларды жоюға шыққан шығыстарын ӛтеудi
талап етуге қҧқылы. Алайда тапсырыс беруші маңызды
ақаулықтарды байқайтын болса, онда келтірілген шығындардың
орнын толтыру қҧқығы беріледі, яғни мердігерге қатысты мҥліктік
жауапкершілік шараларын қолдану мҥмкіндігі. Осыған қоса, ҚР
202
АК-нің 639 б. сәйкес, тапсырысшы мердiгерлiк шарттан бас
тартқан жағдайда мердiгер тапсырысшы берген материалдарды,
жабдықтарды, ӛңдеуге берiлген затты және ӛзге де мҥлiктi
қайтаруға не оларды тапсырысшы атаған тҧлғаға беруге, ал егер
бҧл
мҥмкiн
болмаса,
материалдар,
жабдықтар
және
тапсырысшыдан алынған ӛзге де мҥлiк қҧнының орнын толтыруға
мiндеттi.
Мердiгер орындаған жҧмыс шарт ережелерiне, ал олар
болмаған немесе толық болмаған жағдайда - әдетте тиiстi тектес
жҧмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиiс.
Заң актiлерiнде немесе шартта мердiгердiң тапсырысшыға
жҧмыс сапасына кепiлдiк беруi кӛзделген жағдайда мердiгер
тапсырысшыға бҥкiл кепiлдiк мерзiмiнiң iшiнде жоғарыда
айтылған талаптарға сай болуға тиiс жҧмыс нәтижесiн беруге
мiндеттi. Жҧмыс нәтижесiнiң сапасына кепiлдiк, егер шартта
ӛзгеше кӛзделмесе, жҧмыс нәтижесiн қҧрайтын барлық
элементтерге қолданылады. Мердiгер белгiленген мiндеттi
талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғҧрлым жоғары
талаптарға сай келетiн жҧмысты орындау мiндетiн шарт бойынша
ӛзiне алуы мҥмкiн.
Егер мердiгерлiк шартта ӛзгеше кӛзделмесе, кепiлдiк мерзімі
орындалған жҧмыс нәтижесiн тапсырысшы қабылдаған немесе
қабылдауға тиiс болған кезден басталады.
ҚР АК-нің 637 б. сәйкес, мердiгер тапсырысшыға жҧмыстың
нәтижесiмен бiрге, егер бҧл шартта кӛзделсе немесе ақпараттың
сипаты, онысыз жҧмыстың нәтижелерiн шартта кӛрсетiлген
мақсаттар ҥшiн пайдалану мҥмкiн болмаса, шарттың нысанасын
пайдалануға немесе ӛзгеше iске асыруға қатысты ақпаратты беруге
мiндеттi. ҚР АК-нің 638 б. сәйкес, егер бiр тарап шарт бойынша
ӛзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа
шешімдер мен техникалық білiмдер туралы ақпарат, оның iшiнде
қҧқықтық
қорғауды
пайдаланбайтын
ақпарат,
сондай-ақ
коммерциялық қҧпия ретiнде қаралуы мҥмкiн мәлiметтер алса,
оны екiншi тараптың келiсiмiнсiз ҥшiншi тҧлғаларға хабарлауға
қҧқығы жоқ. Мҧндай ақпаратты пайдаланудың тәртiбi мен
талаптары тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
203
ҚР АК-нің 639 б. сәйкес, АК 627-бабының 4-тармағының
немесе 635-бабының 3-тармағының негiзiнде тапсырысшы
мердiгерлiк шарттан бас тартқан жағдайда мердiгер тапсырысшы
берген материалдарды, жабдықтарды, ӛңдеуге берiлген затты және
ӛзге де мҥлiктi қайтаруға не оларды тапсырысшы атаған тҧлғаға
беруге, ал егер бҧл мҥмкiн болмаса, материалдар, жабдықтар және
тапсырысшыдан алынған ӛзге де мҥлiк қҧнының орнын толтыруға
мiндеттi.
ҚР АК 616 б. сәйкес, тапсырыс берушінің негізгі міндеті
жҧмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы тӛлеу (жҧмыстың
бағасын тӛлеуге) болып табылады.
Оған қоса, тапсырыс берушіде орындалатын жҧмыстың
ағымына және алынатын нәтижеге әсер ету мҥмкіндігі болады.
Жҧмыстар
тапсырыс
берушінің
тапсырмасы
бойынша
орындалатынын ескерер болсақ, оған ҚР АК 627 б. бойынша,
тапсырысшы мердiгердiң қызметiне араласпай, кез келген уақытта
жҧмыстың барысы мен сапасын тексеруге қҧқылы.
Осыған байланысты, егер мердiгер шартты орындауға
уақытылы кiрiспесе немесе жҧмысты соншалықты баяу орындап,
оны мерзiмiнде аяқтау мҥмкiн болмаса, тапсырысшы шарттан бас
тартуға және шеккен залалдарын ӛтеудi талап етуге қҧқылы. ҚР
АК-нің 639 б. сәйкес, тапсырысшы мердiгерлiк шарттан осы
негіздер бойынша бас тартқан жағдайда мердiгер тапсырысшы
берген материалдарды, жабдықтарды, ӛңдеуге берiлген затты және
ӛзге де мҥлiктi қайтаруға не оларды тапсырысшы атаған тҧлғаға
беруге, ал егер бҧл мҥмкiн болмаса, материалдар, жабдықтар және
тапсырысшыдан алынған ӛзге де мҥлiк қҧнының орнын толтыруға
мiндеттi.
ҚР АК-нің 629 б. сәйкес, тапсырысшы мердігерлiк шартта
кӛзделген кӛлем мен тәртiп бойынша мердiгерге жҧмыстың
орындалуына жәрдем кӛрсетуге мiндеттi. Тапсырысшы бҧл
мiндеттi орындамаған жағдайда мердiгер бос тҧрыс не жҧмыстың
орындалу мерзiмiн ауыстыру не жҧмыстың бағасын кӛтеру
туғызған қосымша шығындарды қоса алғанда, келтiрiлген зиянды
ӛтеудi талап етуге қҧқылы. мердiгерлiк шарт бойынша жҧмысты
орындау тапсырысшының iс-әрекетiнiң немесе қателiктерiнiң
204
салдарынан мҥмкiн болмаған жағдайларда мердiгер жҧмыстың
орындалған бӛлiгiн ескере отырып, ӛзiне белгiленген бағаны
тӛлетiп алу қҧқығын сақтайды.
Дәстҥрлі тҥрде заңмен тапсырыс берушіге мердігерлік
шарттың орындалуынан бір жақты бас тартуға қҧқық беріледі.
Осы ережеге сәйкес тапсырыс беруші жҧмыс нәтижесі
тапсырылғанға дейін, жҧмыстың орындалған бӛлігіне белгіленген
тӛлем сомасының бара бар бӛлігін тӛлей отырып шартты
орындаудан кез келген уақытта бас тарта алады.
Тапсырысшының жҧмыс нәтижесін қабылдау бойынша
міндеттері, сонымен қатар, мердігердің аталмыш нәтижені
тапсырыс берушіге беруі орындалған жҧмысты қабылдаумен
аяқталады. Тапсырысшының орындалған жҧмысты қабылдау
тәртібі ҚР АК-нің 630 б. реттелген, себебі бҧл шарттың екі
тарабынада маңызды болып табылады.
Тапсырысшы мердігерлiк шартта кӛзделген мерзiмде және
тәртiппен
орындалған
жҧмыстың
нәтижесiн
мердігердiң
қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жҧмысты
нашарлататын ауытқулар немесе жҧмыста ӛзге де кемшiлiктер
анықталған жағдайда бҧл туралы мердiгерге дереу мәлiмдеуге
мiндеттi.
Жҧмысты қабылдау кезiнде ондағы кемшiлiктердi анықтаған
тапсырысшы, егер актiде не қабылдауды куәландыратын ӛзге де
қҧжатта ол кемшiлiктер не оларды жою туралы кейiн талап
қойылу мҥмкiндiктерi айтылған жағдайда ғана оларға сiлтеме
жасауға қҧқылы. Жҧмыстың нәтижесiн тексерусiз қабылдаған
тапсырысшы оны қабылдаудың әдеттегi әдiсi кезiнде анықталуы
мҥмкiн жҧмыс кемшiлiктерiне (кӛрiнеу кемшiлiктер) сiлтеме
жасау қҧқығынан айрылады.
Тапсырысшы жҧмыстың нәтижелерiн қабылдаған кезде
немесе мердiгерлiк нысанасын пайдалану кезiнде кемшiлiктер
тапқан жағдайда жалпы мерзiмдердiң iшiнде, ал кепiлдi мерзiмдер
болған кезде - сол мерзiмдердiң iшiнде заңнамадағы қҧқықтардың
бiрiн жҥзеге асыра алады. Жҧмыс нәтижесiн қабылдағаннан кейiн
әдеттегi қабылдау әдiсi кезiнде анықталуы мҥмкiн емес (жасырын
кемшiлiктер), оның iшiнде мердiгер қасақана жасырған шарттан
205
ауытқуды немесе ӛзге де кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы
олар анықталғаннан кейін қисынды мерзiмде бҧл туралы
мердiгерге хабарлауға мiндеттi. Тапсырысшы мен мердігердің
арасында орындалған жҧмыстың кемшіліктері немесе олардың
себептерi жӛнiнде дау туған кезде тараптардың кез келгенiнiң
талап етуi бойынша сараптама тағайындалуға тиiс. Сараптама
шартты бҧзушылық немесе мердiгердiң iс-әрекетi мен анықталған
кемшiлiктердiң арасында себептi байланыстар жоқ екенiн
анықтаған жағдайларды қоспағанда, сараптаманы ӛткiзу жӛнiндегi
шығындарды мердiгер кӛтередi. Бҧл жағдайларда сараптама
жӛнiндегi шығындарды оны тағайындауды талап еткен тарап, ал
егер сараптама тараптардың арасындағы келiсiм бойынша
тағайындалса - екi тарап тең кӛтередi.
Тапсырыс беруші ҚР АК-нің 621 б. сәйкес анықталатын баға
бойынша мердігердің орындаған жҧмысына ақы тӛлеуі тиіс.
Осыған қоса, ҚР АК-нің 623 б. сәйкес, егер мердiгерлiк шартта
орындалған жҧмысқа немесе оның жекелеген кезеңдерiне алдын
ала ақы тӛлеу кӛзделмесе, тапсырысшы мердiгерге жҧмыс тиiстi
тҥрде және келiсiлген мерзiмде, не тапсырысшының келiсiмiмен -
мерзiмiнен бҧрын орындалған жағдайда жҧмыстың нәтижесiн
тҥпкiлiктi тапсырғаннан кейiн келiсiлген бағаны тӛлеуге мiндеттi.
Мердiгер заң актiлерiнде немесе шартта кӛрсетiлген жағдайлар
мен мӛлшерде ғана аванс не кепiлпҧл тӛлеудi талап етуге қҧқылы.
ҚР АК-нің 624 б. сәйкес, шарттың орындалуына байланысты
мердiгерге тиесiлi белгiленген бағаны не ӛзге соманы тӛлеу
мiндетiн тапсырысшы орындамаған жағдайда мердiгердiң жҧмыс
нәтижесiн ҧстап қалуға, сондай-ақ затты ӛңдеуге берiлген
тапсырысшыға
тиесiлi
жабдықтарды,
қолданылмаған
материалдардың қалдықтарын және ӛзiнде тапсырысшының басқа
да қалып қойған мҥлкін тапсырысшы тиісті сомасын тӛлегенше
ҧстап қалуға қҧқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |