207
VI тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚҦҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ
МОНОПОЛИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ШЕКТЕУ
1. Монополияға қарсы реттеудің тҥсінігі
Кеңес дәуірінен кейін Қазақстан ТМД-ның ӛзге де елдерімен
қатар нарықтық экономикаға бет бҧрды, бҧл қҧқықтық ортадағы
айтарлықтай ӛзгерістерге алып келді. Кҥні кеше мемлекет
қаражатынан
қаржыландырылып
отырған
зауыттардың
жекеменшік иелігіне ӛтуін есепке ала отырып, монополияның
дамуына септесетін жағдай туды, себебі жаңадан қҧрылған ешбір
фирма кешегі алпауыттармен бәсекелесе алмайтын еді. Осыған
байланысты монополияға қарсы реттеу қажеттілігі туындады, яғни
монополиялық іс-әрекеттің алдын алу және шектеу бойынша
шаралар кешенін жҥзеге асыру ҥшін берік қҧқықтық негіз қҧру,
бәсекелестікті қолдау және табиғи монополия субъектілерінің іс-
әрекеттерін реттеу мҥмкіндігін беретін механизмдерді бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: