Қалқаншамаңы бездерін ғалымдар көп жылдар бойы қалқанша без-
дің бір бөлігі деп есептеген. Кейін оның құрылысын зерттегенде (1924 ж.)
олардың қалқанша безден бөлек екені анықталған (96-сурет). Бұл бездер
паратгормон бөледі. Бездердің саны төртеу, олардың екеуі қалқанша
бездің жоғарғы жағына, ал екеуі төменгі жағына орналасқан. Қалқанша
безге жақын орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше.
Қ а л қ а н ш а м а ң ы б е з д е р і н і ң қ ы з м е т і :
бездерден бөлінетін гормондар сүйектерде жиналатын фосфор мен
кальцийдің мөлшерін реттейді. Паратгормонның әсерінен олар қанға
өтеді.
Егер организмде
паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып
тастағанда, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфордың мөлшері ар-
тады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшық
еттер түйіліп қалады. Тістер өте сынғыш болып, оларда бор
т
үстес дақтар
96-сурет.