Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНқ) – тірі ағзалардың жасушаларында
болатын жоғары полимерлік табиғи қосылыстар. Гистон нәруыздарымен бірге
хромосома затын түзеді.
Дендрит – жүйке жасушасының тармақталған өсіндісі; жүйке импульсін
нейрон денесіне өткізеді.
Депрессия – психиканың бұзылуы: жабырқаңқы, тұнжыраңқы көңіл күй;
өзінің түкке тұрмайтынын сезініп, түңілушілік; қызығушылығының төмендеуі;
қимыл-қозғалыстың тежелуі және т.б.
Дерматоз – тері және оның туындыларының – тырнақ, шаш ауруларының
жинақталған атауы.
Диастола – қан құйылған кезде жүрекше және қарынша бұлшық еттерінің
босаңсуынан жүрек қуысының ұлғаюы.
Диетология – адамның тиімді тамақтануы туралы ілім.
Дизентерия – тоқішекті зақымдайтын және жалпы улану байқалатын өткір
жұқпалы ауру (іштің өтуі).