87
болады. Алдын алу шаралары – жұқпа тасымалдаушыларымен және қоз-
дырушыларымен күресу.
Герпес
қоздырушысы – герпес вирусы. Бұл кезде теріде немесе сілемейлі
қабықта (мұрында) мөлдір сұйықтыққа толы топталған көпіршіктер
түзіледі. Зақымдалған жерде қышу, ашу, ауру сезіледі. Вирус ауа-там-
шы арқылы, ауру адаммен араласқан кезде жұғады. Герпес вирусының
алуан түрлері дененің әртүрлі жеріне зақым келтіреді. Ең көп
таралған түрі – жай герпес ерінге шығады. Жер ша рын дағы халықтың
90%-ы осы вирусты тасымалдаушылар. Бірақ ауру суық тиген кезде, күн
өткенде, не басқа қо лайсыз жағдайда пайда болады. Герпестің алдын алу
шаралары: же кебас гигиенасын сақтау, қолды жуу, ауру адаммен аралас-
пау, терінің зақымданған жерін зарарсыздандыру, ағзаны жалпы нығайту.
Өсімдіктерге вирустар, паразитті бактериялар және саңырауқұлақтар
көп зиян келтіреді.
Фитофтороз
– саңырауқұлақтар тудыратын өсімдік ауруы. Бұл ауру
көбінесе картоп, қызанақ, цитрусты дақылдар мен алмаға және т.б. түседі.
Ауруға шалдыққан жапырақтардың жоғары ұшы мен жиектерінде және
өсімдіктің сабағында қоңырқай дақтар немесе сызықшалар пайда болып,
соңында қурап қалады.
Жұқпалы аурулар, қоздырушылар, амёба дизентериясы, фито-
фтороз,тырысқақ(холера),күл(дифтерия),лейшманиоз,герпес.
Достарыңызбен бөлісу: