А. Соловьева, Б. Ибраимова


қолдан сұрыптаудың түрлері



Pdf көрінісі
бет161/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

қолдан сұрыптаудың түрлері. 
Алғашқы кезеңде адамдар өсімдіктер-
дің жаңа іріктемелері мен жануарлардың жаңа қолтұқымдарын алған 
кезде алдына ешқандай нақты мақсат қоймады. Қолдан сұрыптаудың бұл 
түрі 
мақсатсыз­(санасыз)­қолдан
сұрыптау деп аталады. Кейінірек, ша-
мамен ХIХ ғасырдың ортасынан бастап селекционерлер нақты белгісі бар 
өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың жаңа қолтұқымдарын 
алуды алдарына мақсат етіп қойды. Қолдан сұрыптаудың бұл түрі 
әдістемелік­сұрыптау
деп аталады. 
Әртүрлі принциптерге сүйене отырып, қолдан сұрып таудың басқа да 
түрлерін айтуға болады. 


208
Жеке және жаппай сұрыптау. 
Жаппай­ сұрыптау
көбінесе айқас 
тозаңданатын дәнді дақылдарға қолданылады. Дәнді дақылдардың, мы-
салы, бидайдың дәндерін диаметрі әртүрлі елегіштен өткізеді. ірі дәндерді 
келесі жылы егу үшін алып қалған, ал ұсақтарынан ұн жасаған. Бірақ 
қай дәннен қандай масақ дамитынын ешкім білмеген. 
Жеке­ сұрыптау­
әдісімен адам үшін қажетті белгі-қасиеттері бар жеке-дараларды іріктеп, 
әрі қарай ұрпақ алынады. Бұл жеміс-жидектер мен ірі қара, жылқы және 
т.б. жиі қолданады. 
Дамудағы ең үлкен қадам сұрыптау әдісін іріктеу әдісімен 
толықтырғанда ғана жасалды. 
Сонымен бірге қолдан сұрыптаудың 
жағымсыз
және 
жағымды
түрлерін ажыратуға болады. 
Жағымсыз­ қолдан­ сұрыптауға­
әлсіз да-
ралар жіберілмейді. Өсімдіктер мен жануарлардың жақсы және орта 
түрлерін көбейтеді. Ал 
жағымды­ қолдан­ сұрыптауда
тек жақсы 
қасиетке иелерін ғана іріктеп алады. Орта және әлсіздерін, мысалы, 
дәндерді ұн жасауға, егер жануарлар болса, ет өнімдерін жасауға пай-
даланады.
Эволюция,­ селекция,­ қолдан­ сұрыптау:­ жаппай­ және­ жеке;­
жағымды­және­жағымсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет