А. Соловьева, Б. Ибраимова


§53. қазақстандағы селекция жетістіктері



Pdf көрінісі
бет167/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

214
§53. қазақстандағы селекция жетістіктері 
Маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарларының 
қолтұқымын сипаттау
Қазақстанның ең ірі аграрлық саласы – өсімдік шаруашылығы. 
Ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқаптары бойынша дәнді 
дақыл дар – 66%, олардың ішінде қатты бидай – 62% құрайды. Елімізде 
басқа да дәнді дақылдар: арпа, сұлы, тары, күріш, жүгері, дәнді-бұршақты 
дақылдар және т.б. өсіріледі. 
Сырдария, іле және Қаратал өзендерінің сағаларында күріштің 
суғармалы алқаптары бар. 
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында техникалық 
дақылдар өсіріледі. Олардың ішінде мақта өсімдігі, қант қызылшасы, 
зығыр, күнбағыс және т.б. аса маңызды. Сонымен қатар бау-бақша және 
жүзім шаруашылығы да дамыған. 
Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық жерлерінің төрттен 
үш бөлігін жайылым алып жатыр. Малшаруашылығы – еліміздің 
ауылшаруашылығының ежелгі және негізгі саласының бірі. Оның 
маңызды саласы – қойшаруашылығы мен ірі қара өсіру. Сондай-ақ құс, 
жылқы, түйе өсіру де жақсы дамыған.
қазақстандағы селекция ерекшеліктері.
Қазақстандағы селекция-
ның мақсаты – біздің елімізге тән ерекше табиғи-климаттық жағ-
дайларға бейімделген мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының 
түрлерінің шығару үдерісі. Дәстүрлі түрде Қазақстан аумағында халық 
селекциясы нәтижесінде мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының 
көптеген сұрыптары мен тұқымдары (қолтұқымдары) алынған. Халық 
селекциясы нәтижесінде мүйізді ұсақ малдардан құйрықты қой 
тұқымы дамыды. Ал өсімдіктерден бидай, алма және т.б. сұрыптары 
шығарылды.
қазақстан ғалымдарының өсімдіктер мен жануарлар селекциясы 
саласындағы жетістіктері. 
Өсімдіктер селекциясын дамытуға ҚР ҰҒА-
ның ака демигі, профессор 
В.П. Кузьмин
елеулі үлес қосты. Ол Солтүстік 
Қазақстанда дәнді, майлы және басқа дақылдар се лекциясы мен тұқым- 
шаруашылығының бірқатар теориялық әрі әдістемелік негіздерін дамыт-
ты. Профессор 
Н.л. удольская
(1906–1986) өсімдіктердің құр ғақшылыққа 
төзімділігіне теориялық тұрғыда жаңа көзқарасты негіздеді. Ол бидайдың 
аудандастырылған төрт және «Казахстанская-126» сұрыптары бойынша 
моносомдық сұрыптармақ сериясының авторы болып табылады. «Ка-


215
захстанская-126» – жаздық бидайдың қатты сұрыбы. Ол жергілікті 
жағдайларға жақсы бейімделген. ХХ ғасырдың соңынан бастап бұл 
сұрып аудандастырылған аймақта (Орал, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан 
өңірінде) жетекші орында және жаздық бидай егісінің шамамен 80%-ын 
алады. Ол жапырылуға (жатып қалуға) тұрақты, дәні төгілмейді, жеңіл 
бастырылады. Ауруларға төзімді. Дәнді дақылдар селекциясын дамытуға 
Р.А. Оразалиев
те үлкен үлес қосты. Ол күздік бидайдың жоғары 
өнімді ондаған сұрыбын шығарды. «Алмалы» және «Стекловидная-24» 
күздік бидай сұрыптары суыққа, құрғақшылыққа төзімді. Дәні 
төгіліп қалмайды және жапырылмайды. Дәнінің массасы бойынша 
«Богарная-56», «Безостая-1», «Одесская-120» сұрыптарынан артық-
шылыққа ие.
үй жануарлары қол тұқым дарының селекциясын дамытуға ҚР ҰҒА-
ның академигі, профессор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет