А. Соловьева, Б. Ибраимова


§58. Тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі



Pdf көрінісі
бет182/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

§58. Тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі 
Тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына
бейімделу механизмдерін түсіндіру
Бейімделу деген не? Сендер бейімделудің қандай түрлерін білесіңдер? Жануар-
лар мен өсімдіктердің тіршілігін қандай факторлар шектейді?
Бейімделгіштік
– тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақты бір 
жағдайында тірі қалу мүмкіндігін арттыратын құрылысындағы, мінез-
құлқындағы, физиологиясындағы қасиеттері.
Барлық тірі ағзалардың мінде ті – тіршілік үшін күресте өз 
экология-
лық­ қуысын­
табу

Сонымен, 
эволюция нәтижелерінің бірі – 
тірі 
ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі. 
Қоршаған орта – өзара күрделі әрекет ететін және бір-біріне әсер 
көрсететін жанды (тірі) және жансыз (өлі) нысандардың кешені. 
Орманда мекендейтін қоян өсімдіктермен және түлкімен тікелей 
әрекеттеседі. Топырақпен, топырақ ылғалының мөлшерімен жанама 
(өсімдіктер арқылы) әсерлеседі. Кез келген жануарлар мен өсімдіктер 
бейімделгіштікке­
мысал болып табылады. Бейімделе алмаған ағзалар 
тіршілігін жояды.
­
Мысалы, шөлде өсетін өсімдіктердің жапы рақтары 
ұсақ болады немесе тікенекке айналған. Көптеген жән діктердің түсі 
қоршаған ортаға тәуелді. Арамшөптердің гүлдері мен пішіні көбінесе 
мәдени өсім діктерге ұқсайды. Ағзалардың бейім делу бағыты өте көп.
­
Бейімделу (адаптация) – тірі ағзалардың ұзақ эволюция ба-
рысында пайда болған белгілі бір жағдайларға бейімделуі. Ағ за лар дың 
бейімделуінің бір бөлігі шек теуші факторлардың жа ғым сыз әсерін жоюға 
бағыт талған. Әдетте ортаның әрбір факторының тірі ағза төзе алатындай 
минималды және максималды маңызға ие шектеулері бар. Егер тірі қалу 
емес, ал оңтайлы тіршілік және көбею туралы айтатын болсақ, онда 
жағдайдың диапазоны бұдан да тар болады. Бұндай диапазон ағзаның 
сол түрі үшін төзімділік шегі болып табылады.


235
Мұхитта Күн жары ғының жетіс пеуіне 
бейімделу мысалына қызыл балдырлар, ал 
құрлықта – көлеңкеге төзімді өсімдіктер 
жатады. Су қабатында өсімдіктердің тара- 
луына фотосин тез үшін қа жет Күн 
жарығының же тіс пеуі шектеуші фактор 
бо лып табылады. 100 м-ден көп терең дікте 
жасыл бал дырлардың тір шілік етуіне Күн 
жарығы жетіс пейді. Ал қызыл балдырлар 
ша шы раған жарықты ұс тай тын арнайы 
пигменттер ар қылы тіршілік ету аймағын (шегарасын) кеңейте алды.
Шөлде өсімдіктер мен жа нуарлардың тіршілігі үшін жо ғары 
температура мен судың жетіспеуі шек теуші фак тор болып табы-
лады. Осы жағдайларға бейімделу алуан түрлі. Мысалы, өсім діктердің 
жапы рақ тарының түрін өзгер ту арқылы булануды азайтуға бейімде-
луін айтуға бола ды (114-сурет). Етжеңді жапырақ тарында (агава, 
алоэ, бозкілем және т.б.) немесе сабақ тарында (кактустар, кейбір сүт-
тігендер) ылғал жинайтын 
суккуленттер
(етжеңділер) бар (115-сурет). 
Шөл жануарларының ма ңызды бейім-
делуіне ымырт та белсенділікке көшуі 
жатады. Ал дала тасбақасы, мысалы, 
ыстық кезде жазғы ұйқыға кетеді. 
Кейбір кесірткелер шырынды етжеңді 
жапырақтармен су алу үшін қоректенеді. 
114-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет