А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет179/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Анемон балықтар 
жауларынан жасырынуға теңіз 
актинияларын пайдаланады


230
Симбиоз,­ мутуализм,­ комменсализм­ (серіктестік),­ пәтер-
лестік.­
Білу және түсіну:
1. Симбиоз дегеніміз не? Симбиоздың қандай түрлері бар және оларға 
анықтама беріңдер. 
2. «Мутуализм», «комменсализм», «пәтерлестік» дегенді қа лай түсіне-
сіңдер? 
қолданылуы:
1. Мутуализм барысындағы ағзалардың өзара әсерін анық таң дар. Оны 
нақты мысалдармен көрсетіңдер. 
2. Пәтерлестік пен комменсализмді салыстырыңдар. 
Талдау:
1. Ағзалардың жағымды әсерлерін және олардың түрлері мен өзара 
айырмашылықтарын сызба түрінде бейнелеңдер. 
2. Табиғатта симбиоздың түзілу себептері туралы өз пікір леріңді 
айтыңдар. 
Синтез:
1. Жағымды әсерлердің әр түріне мысалдар келтіріңдер. Олардың бір-
бірінен қандай айырмашылықтары бар?
2. Жағымды әсерлердің эволюциялық маңызы қандай? Ағзалардың да-
муына қандай жеңілдіктер тудырады? 
Бағалау:
1. «Микориза және оның тұрақты орман бірлестігін түзудегі рөлі» 
тақырыбына реферат жазыңдар. 
2. Әртүрлі жануарлардың асқорыту жүйесінде симбиоз ды тіршілік 
ететін эукариотты және прокариотты бір жа сушалы ағзалар бола-
ды. Құрттарда кір пік шелілер, тұяқты жануарларда кірпікшелілер 
мен бакте риялар, жыртқыштарда бактериялар. «Симбионаттарсыз 
толық қанды асқорыту мүлдем болмайды», – деген жалпы түсінік ту-
ралы өз пікірлеріңді айтыңдар. Эво люция барысында мұндай қарым-
қатынастар қалай қалыптасады?


231
§57. Тірі ағзалардың бір-біріне жағымсыз әсерлері
Жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция 
санының өзгеру себептерін анықтау
Сендер ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері туралы қандай мысалдар 
білесіңдер? Олардың қайсыбірі жағымсыз?
Тірі 
ағзалардың 
бір-біріне 
жағымсыз 
әсері 
әртүрлі 
фор мада 
болуы 
мүмкін. 
Жыртқыштық
түрлердің арасындағы кең
тараған 
жағымсыз 
әсерлердің 
бір 
түрі 
болып табылады. Жырт қыштық дегеніміз –
жануар лар дың (өсім діктердің кейбір түр-
лерінде де болады) бірін-бірі қо рек етуі. Жырт-
қыш тыққа мыналар мысал бола алады. Арыс-
тан мен киік, қасқыр мен қоян, құстар мен бу-
нақденелілердің және т.б. тірі ағзалардың өзара 
қарым-қатынасы (112-сурет). Жыртқыштық 
біржа сушалылардың ара сында да кез деседі. 
Жыртқыштықтың кең та раған түрі – 
кан-
нибализм
, бір түр дің арасында бірін-бірі қорек 
етуі. Бұл кезде жас ағзаларды ересектерінің 
қорек етуі (шортан) немесе аналықтардың аталықтарды жеп қоюы 
(көптеген өрмек шітәрізділер мен бунақденелілер) кездеседі.
Эволюция барысында «жыртқыш-жемтік» қарым-қаты насы ертеден 
келе жатқан тіршілік үшін күрестің бір түрі болып табылады. Бұл 
жыртқыштардың да, олардың жем тік терінің де үнемі дамуында өте 
ұзаққа созылған қарым-қа ты нас. Жыртқыштарда қорегін із деп тауып, 
оны аулау тәсілдерінің тиімділігі үнемі артады. Қасқырлар үйірімен 
бұ ғы ларға шабуыл жасаған кезде күр делі іс-әрекеттері дамиды. Жем-
тік тері де жауынан қорғануы мен олар дан қашып құтылуы үшін түрлі 
мүмкіндіктерін да мытады. Бұ ған әртүрлі қорғаныш реңдері, тіке нектері, 
сауыттары, мінез-құл қын дағы ерекшеліктер жатады. Бұл кезде олардың 
жүйке жүйесі, сезім мүшелері, дене жамыл ғыла рының түсін өзгертуі
қимыл-қоз ғалы сы ның жылдамдауы және т.б. дамиды. 
«Жыртқыш-жемтік» арасындағы қарым-қатынастың тек эво-
люциялық қана емес, сонымен бірге экологиялық та маңызы зор. 
Бірлестіктерде жыртқыштар мен жемтіктер бір-бірінің санын реттеп 
отырады. Экожүйедегі жыртқыштар дың болмауы жемтіктерінің 
112-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет