Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


«Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани құндылықтар болмысы



бет23/91
Дата17.01.2023
өлшемі382,79 Kb.
#165709
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91
Байланысты:
А а о ытушы Дагарова Жанар міржан ызы саба т рі Д ріс ара ан
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R

3. «Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани құндылықтар болмысы


  • Идея (гр. іdea – түсінік, елес, бейне) –

  • 1) ой, түпкі ой;

  • 2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы;

  • 3) теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік;

  • 4) нәрсе немесе құбылыс жөніндегі жалпы түсінік.

  • “Идея” терминін ең алғаш ежелгі грек ойшылдары Анаксагор мен Демокрит қолданған. Демокрит атомдарды идеялар деп түсіндірді. Платон болса, барлық заттардың түпкі тегі – мәңгі жоғалмайтын, заттардан тәуелсіз және тыс идеялар деп есептеді. Оның ойынша, идеялар заттардың алғашқы бейнесі, формасы, схемасы (эидос). Олар объективтік нәрсе, өйткені олар адамдардың санасында туатын ойлар мен бейнелер емес. Заттар да, адамдар да сол мәңгілік идеялар дүниесінің туындысы, соның көлеңкесі ғана..

3. «Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани құндылықтар болмысы


  • Идеялар ешбір өзгермейді, олар құдайлар дүниесі десе де болады. Заттар мен адамдар, олардың бейнелері мәңгі идеяларға тек біршама жақындауы, жанасуы мүмкін, бірақ еш уақытта бірдей болып, теңесе алмайды. Шын дүние – сол идеялар дүниесі. Ал заттар мен адамдар дүниесі құбылмалы, өзгеріп, айнып, жоғалып, қайтадан пайда болып жатады. Аристотель біртұтас дүниені идеялар мен заттар деп бөлуге қарсы шықты. Оның философиясында идеяның “форма” ұғымы негізгі рөлге ие болды. Жаңа дәуірде ғылымның өмірдегі орны ұлғайған сайын, дүниеге танымдық қатынас негізгі құндылыққа айнала берді. Жаңа дәуірде идея да тек танымдық рөлі жағынан қарастырылып, дүниені бейнелеу мүмкіндігі тұрғысынан зерттеле бастады. Рене Декарт пен Бенедикт Спиноза (1632 – 1677) идеяға ұғым, ой деп қарады. Олардың пікірінше, идея нақты көрнекті бейнесі жоқ ой. Дж. Локк негізін салған эмпирикалық логика идеяны жалпы пікірге, елестерге теңеді. Бұл тұрғыдан идеяның ой мен сезімнен басқа формаларынан өзгеше табиғаты жөнінде сөз болуы мүмкін емес еді. Ойлаудың басқа формалары сияқты идеяның да өзгеше дербес мағынасы әрі қызметі бар екенін неғұрлым анық көрсеткен И.Кант болды. Гегельдің айтуынша, Кант идеяға оның жоғалтқан мәнін қайтарды. Идеяны түсінуде Кант белгілі дәрежеде Платонға оралды. Платонның идея туралы ілімінен Канттың қайта жандандырғаны: идеяның сыртқы сезімдерден тумайтындығы, пайыммен жанаспайтыны, тәжірибені тануға жол ашатындығы ғана емес, тіпті, табиғат құбылыстарының өзіне түпнұсқа болып тұратындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет