Қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік



бет2/6
Дата21.07.2017
өлшемі1,04 Mb.
#21496
1   2   3   4   5   6

11

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

31) Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары - мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне байланысты жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері

31. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне байланысты кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.

«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы).

«техникалық және кәсіптік білім» деген сөздер толықтырылған




12

36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

36._______

Құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

36._______

Сондай-ақ, мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізіледі.

«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 14)-тармақшасы)

Тақырыпта және мәтіндегі «оқу» деген сөздер алынып тасталған

Редакциялық түзеу.


4) Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1

1-бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

   1.  Осы Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі - орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды

1. Осы Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншiк нысандарына қарамастан орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды

«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 14)-тармақшасы)

Тақырыпта және мәтіндегі «оқу» деген сөздер алынып тасталған




2

1-бөлімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын

      2. Орта білімнен кейінгі білімді жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында алады.

Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны:



1) кәсіптік оқу бағдарламаларымен қатар жоғары білімнің 1-2 курстарының кәсіптік оқу бағдарламаларымен кіріктірілген әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін оқытуды;

2) оқыту аяқталғаннан кейін қызмет көрсету және басқару ісінің кіші маманы біліктілігін беруді көздейді.

2. Орта білімнен кейінгі білімді жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында алады.

Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының мазмұны:



1) техникалық және кәсіптік білімнің интеграцияланған, модульдік бағдарламаларын және бакалавриаттың жекеленген пәндерін оқытуды көздейді.

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау негізінде аралық аттестаттау қорытындылары бойынша беріледі:

1) біліктілік (дәреже, класс, санат);

2) күрделі (аралас) кәсіптер бойынша жоғары біліктілік деңгейі.

Оқыту және қорытынды аттестаттау аяқталған соң білім алушыларға «орта буын маманы», «қолданбалы бакалавр» білктіліктері беріледі

«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 16)-тармақшасы)


3

4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

4-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

4-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, орта білімнен кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 14)-тармақшасы)

Тақырыпта және мәтіндегі «оқу» деген сөздер алынып тасталған




4

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

5. Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары күндізгі нысан бойынша оқитын тиісті контингент болған жағдайда негізгі түрі колледж, жоғары техникалық мектеп болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады

5. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары күндізгі нысан бойынша оқитын тиісті контингент болған жағдайда негізгі түрі колледж, жоғары колледж болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады.

«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 16)-тармақшасы)

«кәсіптік оқу» деген сөзді «білім» деген сөзге ауыстырылған.

Редакциялық түзеу.





2-бөлім

5

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

11. Орта білімнен кейінгі ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 174 қаулысымен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес белгіленеді

11. Орта білімнен кейінгі ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібі орта білімнен кейінгі бiлiм берудің білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес белгіленеді

«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 16)-тармақшасы)

«кәсіптік оқу» деген сөзді «білім» деген сөзге ауыстырылған.



6

15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      15. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және оқу процесінің кестесіне сәйкес аяқталады.


15. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және оқу процесінің кестесіне сәйкес аяқталады.


«2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 13 қарашадағы ҚР «Білім беру сұрақтары бойынша Қазақстан республикасының кейібір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер еңгізілуіне байланысты (1-баптың 2-тармағының 14)-тармақшасы)

Тақырыпта және мәтіндегі «оқу» деген сөздер алынып тасталған




5) Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1

1-тармағының 5-тармақшасы

5) Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

алынып тасталсын

ҚР №499 ҮҚ «Жоғары бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларының 1т. негізгі тармақшалары (5т.) жоғары білімге қатысты бөлігінде «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын» (6т.) толық қайталайды, ерекшелігі 2, 44, 97 тармақшаларында Ұлттық зерттеу және зерттеу университеттерінің қызметіне (44т.) және ЖОО халықаралық қызметіне қатысты (97)-тармақша.

6) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

2

1-тармағының 6-тармақшасы сол редакцияда қалдырылсын

6) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

6) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

Ұсынылған редакция ҚР «Білім туралы» Заңының 1 бабының 2, 4, 18-4), 21-2) 25, 41-2), 54, 56-1), 56-2) тармақшаларына, 40 бабының 4т. 5), 6) тармақшаларына сәйкес келеді және жоғары білімге қатысты (7 тарау) және жоғары білімнен кейінгі білімге қатысты (8 тарау) негізгі талаптар «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оған сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығында жазылған.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1





1. Жалпы ережелер

1) Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

2) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жоғары оқу орындарының мынадай түрлерінде: ұлттық зерттеу, зерттеу университеттерінде, ұлттық жоғары оқу орындарында, университеттерде, академияларда беріледі.

Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлерін білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

3) Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті - ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылыми және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау.

4) Жоғары оқу орны (бұдан әрі - ЖОО) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, білім беру және ғылым қызметін регламенттейтін «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдарына, сондай-ақ осы Қағидалар мен оның негізінде әзірленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады.




1. Жалпы ережелер

1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды Қағидалар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Бiлiм туралы» Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді.

2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім жоғары оқу орындарының мынадай түрлерінде: ұлттық зерттеу университеттерінде, ұлттық жоғары оқу орындарында, зерттеу университеттерінде, университеттерде, академияларда, және оларға теңестірілгендерде (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) беріледі.

Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлері білім беру саласындағы өкілетті органмен бекітіледі

3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті – ғылыми және практикалық жетістіктер, ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау.

4. Жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау туралы» Заңдарына және білім беру және ғылым қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ осы Қағидалармен және оның негізінде әзірленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет