«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


Тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік тәжірибе топырағының агрохимиялық көрсеткіштерін



бет37/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік тәжірибе топырағының агрохимиялық көрсеткіштерін

анықтаудың маңызы зор. Топырақтың агрохимиялық қасиеттерін егістікке тыңайтқыш қолданудың алдында және дақылдың вегетациялық кезеңдерінде 3-4 рет анықтайды. Жұмысты топырақ үлгісін алудан бастайды. Ол үшін мөлдектің бірнеше жерінен (10-15 нүкте) бұрғымен дербес үлгілер алынады (23-сурет).




23-сурет. Пішіні әртүрлі мөлдектерден дербес топырақ үлгілерін алу үшін нүктелерді орналастыру

88 89


Дербес үлгілерді клеёнкаға төгіп, қолмен жақсылап ара-ластырады да, жұқалап жаяды. Содан кейін жайманың 10-15 жерінен топырақты алып, матадан тігілген дорбаға салады. Мұны аралас үлгі деп атайды. Аралас үлгінің дорбасын-да үлгіні алған күні, мөлдек пен қайталау саны, варианты, топырақ тереңдігі жазылған этикетка болуы тиіс. Егістен дымқыл күйінде әкелінген үлгілерді жақсы желдетілетін бөлмеде кептіреді. Кептірілген топырақ үлгілерінің үштен бірін бөлек алады, қалғанын мұқият ұнтап, тесігінің диаметрі 2 мм електен өткізеді. Егер топырақта ұсақ тастар және басқа қоспалар кездессе оларды алып тастайды. Осы-дан кейін картон корапқа немесе қағаз пакетке этикеткасы-мен бірге салады да химиялық талдау жасау үшін сақтайды. Үлгінің бастапқы үштен бір бөлігінен гумус пен жалпы азот-ты анықтайтын орташа сынама алады. Ол үшін топырақты таза қағазға жаяды да көзге көрінетін түйіршіктер мен басқа органикалық қоспаларды (өсімдік сабағы, жапырағы, тамы-ры т.б) пинцетпен түгел теріп алады. Гумус пен жалпы азот-ты анықтауға арналған орташа сынама массасы шамамен 20-25 г болуы тиіс.

Cодан кейін орташа сынаманы ұнтап, тесігінің диаметрі 0,25 мм електен өткізіп қағаз пакетке этикеткасымен бірге салады.


Зертханада топырақ үлгілерінің агрохимиялық көрсеткіштерін анықтайды. Әртүрлі топырақ типінің агрохимиялық көрсеткіштерін анықтау тәсілдерін арнайы әдістемелік нұсқаудан алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет