Ақырғы аялдама(әңгімелер жинағы)



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#79589
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ақырғы аялдама әбіш кекілбайұлы
Деловой английский язык и перевод, Классическая и современная литература 150 вопросов, 4ток адебиет бжб, 9кл тіл ТЖБ, бәсекелестік және монополия, Титулка-1 курска ОТС-11, Титулка-1 курска ОТС-11, 3,5, 3,5, эссе, Документ Microsoft Office Word (2), Документ Microsoft Office Word (2), генетика1Карагойшина Аружан20-09, Презентация1
ГАЛСТУК САТУШЫ ҚЫЗ
ТУРАЛЫ ХИКАЯ
Жұмыстың аяғына таман асығып-үсігетін Ажардын күндегі əдеті. 
Бүгін түс қайта бөліміне соңғы сəндегі галстук түсіп халыққа жер
қайысып кетті. Жан-жақтан кеңірдектерін созып жалақтаған жұрттың у-
дуына құлағы тұнып, чек қағазы мен галстуктерге алма-кезек үңілемін деп-
ақ мойыны ауырып қалды. Күйеуі мен жігіттерін бір қуантып тастағысы
келіп жанталасқан қыз-келіншектер мен қаланың сылқым жігіттері
галстуктен галстук қоймай таңдап, мынасын емес, анасын алып бер деп,
онысын алып берсең, оған да көңілдері бітпей басқасын сұрап əбден басын
қатырды. Директор апайға анада басқа бір бөлімге ауыстыра көріңіз деп
өтініп еді, о да сөзбидаға салып барады.
Уһ! Қарғыс атқан галстуктар да таусылды-ау əйтеуір. Енді жұрт аяғы
сиреді. Құр қалғандар құдды осының қырсығынан құр қалғандай бұл
жаққа алая қарап ап, есікке қарай ойысты. Сылқым жігіттер жаңа ғана
бұған «қарындас, қарындас»,— деп шығарға жандары басқа боп,
жылмаңдап, елпілдесіп жатыр еді, енді көздеріне де ілмей «бишара
сəудегер қыз» жаққа қолдарын самарқау сілтей сап, теңселе басып аулақ
кетісті. Туфлилері сықыр-сықыр етіп сыздана басады.
Ажар осындай басқанынан жер ойылатын мырзасымақтарды көрсе
зығырданы қайнайды-ақ. Бірақ амалы қанша. Күні бойы алдына
ондайлардың талайы келіп, талайы кетеді. Сəлем де жоқ, сауқат та жоқ,
тапап кететіндей жайма шыныға кеуделей кеп тоқтап, галстук ілінген
айналма шеңберлерді бірер сырғытып өтіп, басқа бөлімдер жаққа
кердеңдей жөнеледі.
Мұның қарсы алдында көйлек сататын бөлім бар. Онда Ақмарал дейтін
қыз істейді. Директор апай оны көйлегінен жігіті көп қыз деп əзілдейді.
Сатуда өліп-өшетіндей оңды көйлек болсын-болмасын алдынан адам
шықпайды. Көбі бұған келгенде сүзеген бұқадай көздерін көтермейтін əлгі


сылқым сергелдең-байлар Ақмаралға жандары қалмай, анадайдан бастарын
изеп, олары аз болғандай «сəлеметсіз бе, есенсіз бенің» астына алып,
емешектері үзіліп шыбындап қалады. 
Галстуктен күдерін үзгендер енді соның бөліміне барып топылыпты.
Ажар сөренің түбіндегі орындығына кеп отырды. Сағатына қарап еді,
жұмыс аяғы жақын екен. Терезеден көрінетін автобус аялдамасында
қазірдің өзінде-ақ ине шанжар жер жоқ. Ілгергі автобустардың біріне
ілікпесе, үлгере алмайды.
Қазір барып автобусқа отырады да үйіне бір аялдама жер қалғанда
түседі. Оң қапталдағы өн бойын шыны басқан көгілдір үйден ол шығады.
Қолында сұрғылт былғары портфелі. Сəл күлімсіреп аяғын да көшеде емес,
бейтаныс біреудің үйіне кіріп келе жатқандай еппен басады. Баяғыда да
Аралдың вокзалына тап осылай сəл қымсына күлімсіреп кірген-ді. Оны
шығарып салуға келген екі жігіт абажадай күту залында əр немені бір
айтып жақтарын жаппастан əрі-бері сеңделумен болған. Ол күлімсіреген
күйі анда-санда құптап бас изеп қойып, үнсіз тыңдай берген-ді. Бір уақытта
поезд келіп, жұрттың бəрі перронға шықты. бұлар үш қыз боп купелі
вагонға отыра беріп еді, арттарынан:
— Мына қарындастар да сенімен бірге жүретін бопты,— деп самбырлады
біреу.
Жаңағы екі жігіттің бірі екен. Ортасында қалып бара жатқан
жолдастарын қимағандай мұңдана күлімсіреп ол тұр. Тегі, жыласа да
жымиып отырып жылайтын шығар.
Ертесіне таңертең бұлар жуынуға кезек күтіп тұрғанда соңдарын ала ол
да келді. Дудар шашы онан сайын қопырап кетіпті, бұйра-бұйра. Ат жағын
белуарлай тоқтаған бұйра сақалы да ұйпалақ-ұйпалақ болып қалыпты.
Баяғы сол бір жымиған қалпы. Өңі жып-жылы.
Шайдан соң қыздардың іші пысып, Гүлжан қарта іздеп кетті. Бір
уақытта тауып əкелді.
—Бағанағы бұйра бастың көршісінен алдым,— деді ол.
—Купелерінде кімдер бар екен?—деп қадалды қайдағы жоқтың бəрін
тəптештеп сұрай беретін Шара.


—Өңшең шалдар.
—Ол не істеп отыр?
—Кітап оқып жатыр.
—Күлімсіреп жатыр ма?
—Иə.
—Қызық жігіт! Айтпақшы, оны неге шақырмадың, үш қол боп қалай
ойнаймыз?
— Вот дура! Есіме келмепті. Гүлжан шақырып келді.
—Ағатай, танысып қоялық,— деп қақақтады Шара.
—Менің атым Шара, Ажар, Гүлжан.
—Əбен.
—Отыра беріңіз, отыра беріңіз,— деді Гүлжан абыржып тұрып қалған оған
төсегінен орын ұсынып.
Əбен онша ойынпаз болмай шықты. Шара екеуі бір одақ еді, қайта-қайта
ұтылып қала берді. Шара шыдай алмады:
Енді одақ алмастырып ойналық,— деді.
Мен жақсы ойнай алмаймын. Тек...— деп қызарақтады Əбен.
Енді Əбен мен Гүлжан бір одақ болды. Олар тағы да ұтылды. 
—Ұтылған екеуің станцияға түсіп жүзім əкеліңдер,— деп бұйырды Шара.
Əбен мен Гүлжан орындарынан тұрды. Купеде қалған екі қыз
соңдарынан қарап қалды. Əбен сол жымиған күйі бұйра басын сəл
тұқшитып жүзім жаюлы сөрелерге қарай аяңдады. Соңында тор дорбасын
бұлғақтатып Гүлжан барады. Əбен шеткі кемпірге жете бере-ақ тоқтап еді,
Гүлжан қуып жетіп, білегінен жетелеп əрі алып кетті. Сол екі арада
вагондардан түскен қарақұрым халық оларды көлегейлеп көрсетпей


тастады. Шара бəрібір көзін алмады. Əне екеуі қайта шықты. Гүлжан қарсы
ұшырасқан кісілерге жол берген сайын Əбеннің көкірегіне иығын тыға
түсіп, мəз-мəйрам күліп қояды. Əбен болса бəзбаяғы күлімсіреген күйі. 
Келесі станңияға тоқтағанда Əбен мен Шара қайтадан одақ болып еді. 
— Біз су алып келеміз,— деді Шара. 
Купеде қалған екі қыз тағы да соңдарынан телміріп қалды. 
Шара вагонның баспалдағынан түсіп келе жатқан Əбеннің иығынан бір
қолымен тірей секіріп, əрі ырғып түсті де: 
— Тезірек-тезірек, жұрт қаптап кетеді,— деп дедектетіп ала жөнелді. Əне
олар су алатын кранға жетті. Шара бара суға бас қойды. Бір кезде шүмектің
астына алақанын ұстап атқылап жатқан суды Əбен жаққа ытқытып еді,
абайсыз тұрған жігіт ыршып кетті. Шара сақ-сақ күлді. Əбен қайтадан
күлімсіреп, су-су еңірін сілке бастады. 
Əбен Ажармен де одақ болып ойнады. Шарасы құрғыр сусақ болып
қалғандай бұларды тағыда суға жұмсады. Еңкейіп су ала бергенде, жел
тұрып бұның етегін аша берді де, Əбен термосты өзі алып толтырды. Жел
Ажардың шашын да қобыратып жіберді. 
— Оқасы жоқ, купеге кірген соң түзетіп аласыз ғой,— дейді Əбен. Қайтып
келе жатып, қыздар қарап тұр ма екен деп, терезеге қарап еді. Ол екеуі
қаннан-қаперсіз өзара қарта соғып отыр. 
Əбен сол күні кешқұрым түсіп қалды.
Келер жылы Ажар сауда техникумын бітіріп, түстіктегі жаңа қалалардың
біріне жұмысқа келді. Бұл істейтін жаңа галантерея магазині қаланың қақ
ортасындағы кішкене көгал алаңда боп шықты. Сыртынан қарағанда осы
бір шыны магазин көгілдір ауада қалқып тұрып қалған жұп-жұқа аппақ
орамал сияқты. Магазин ашылатын күні бір топ адам келіп, қалай
жиһаздалғанын көріп шықты. Ортасында баяғы Əбен. «Əбен
Дүйсенбиевич!», «Хасенов жолдас!»— деп жұрттың бəрі құрақ ұшып жүр. 
Əбен магазинді бір шолып шықты да, нөкерін ертіп, алаңда тұрған екі-
үш машинаға беттеді. 


Ажар жұрттың оны неге осынша қолпаштайтынына түсінгісі кеп
директор апайдан:
—Бұл кім?— деп сұрап еді.
—Біздің қаланың жаңадан келген архитекторы. Осы магазин оның диплом
жұмысы көрінеді, — деді.
— «Əбен Хасенов»,— деп күбірледі Ажар,— «Əбен Хасенов». 
Бүкіл жаз бойы оны сосын қайтып көре алмады. Бас архитектордың
кеңсесінің қайда болатынын біліп ап қалалық советтің үйінің алдында
талай тосты. Келіп-кеткен машиналарға да үңілді. Бірақ, еш қайсысынан
Əбен көрінбеді. Күзге салым бір күні жұмыстан қайтып келген соң отыра
қалып хат жазды. Көргісі, сөйлескісі келетінін, ертең кешкі жетіде алаңда
күтетінін айтты. Аты-жөнін айтпай, келсе өзі барып жолығатынын жазды.
Қайта оқып шығуға батылы жетпей, сыртқа жүгіріп шығып, көшенің қарсы
бетіндегі почта жəшігіне апарып салды. Енді не де болса болары болды. Ол
хатты алады. Келе ме, келмей ме, келгенде қайтып жолықпақ... Екі шекесі
шыңылдап жан-жақтан шырғалаң сауалдар қаумалай бастады. Ертеңге
дейін ештеңе ойламайын деп, өзімен бірге істейтін жолдас қызының үйіне
тартты. 
Ертеңіне сондай бір сылбыр күн болды. Таң атар-атпастан сірке жауын
төпеп берді де, шамалыда басыла қоймады. Көшеде адам аз. Буалдыр ауда
шылп-шылп басқан аяқ дыбыстары болмаса, жұрттың бəрі жер басып емес,
қалқып келе жатқан сияқты. Ортасында оймақтай ғана гүлзары бар кішкене
алаңда су-су орындықтың шетінде бұқшиып Ажар отыр. Оның қол
шатырын мігірсіз тырсылдатып жабысқақ тамшылар тамады. Сарғайып
кеткен қу жапырақтарды су еткізіп жел шықты. Дымқыл жапырақтар үзіліп
түскенде, бұрынғыдай жамырай шапқылап, үйіріле ойнақтап кете алмай,
сыз жерге бауырларын төсей сылқ құлап жатыр. Ойнақы жел төңіректі
қытықтап оятқандай, үнжырғасы түсіп мелшиіп-мелшиіп қалған ағаштар
да кенет сусылдай жөнелді. Қала үстінде бүктүсіп жатып алған кірбің
бұлтқа да жан бітті, күн батысқа қарай көше бастады. Тамшы тиылды.
Бірақ маңай əзір жарқырап кете қойған жоқ. Қалаға қараңғылық бүгін ерте
түсетін түрі бар. Тым бұлдырап кетіпті. Осы кезде аллеяның бойынан біреу
көрінді. Ажар қол шатырын түсіріп, қасына қойды. Əлгі адам келіп
қалыпты. Аяқ алысы баяу, үстінде пальто, басында қалың кепка. Келді де


қарсы беттегі орындыққа отырды. Əуелі бұған біраз көз тоқтатып қарап
алды. Сосын көзін аударып төңірегіне қарай бастады. Маңайда келе жатқаң
кетіп бара жатқан ешкім жоқ. «Енді не істеу керек?»,— деп ойлады Ажар.
— Бəлкім таныр. Жоқ танитын сыңайы байқалмайды. Мазасызданып
аллеяның біресе мына бетіне, біресе ана бетіне қарағыштай береді. Ешкім
көрінбейді. Бұл қозғалақтап қол шатырын алып сілкіп-сілкіп қойды. Ол сəл
таңырқай тағы бір көз салды да, сағатына үңілді. Ажардың есебінше ол
келгелі жарты сағаттай уақыт өтті. Əне оң жақтан біреу қараңдады. Тық-
тық басқанына қарағанда əйел адам. Шынында да сол ма екен.
Пальтосының сыртынан жылтыр сулық плащ жамылған сұңғақ бойлы, тоқ
балтырлы көркем қыз мынандай күнде бұл жерде не бітіріп отыр дегендей
екеуіне кезек-кезек қарап өте шықты. Қыз өзіне қарай мойын бұрғанда
Əбен орнынан тұрып еді, кідірмей өтіп кеткен соң басын шайқап, иығын
бір қиқаң еткізді де жүріп кетті. 
— Бикеш, сəл ығыссаңыз,— деді біреу арт жақтан.
Автобус дəл бұл түсетін аялдамаға келіп кідіріпті. Ажар тротуарға шыға
бергенде өн бойын шыны көмген үйден Əбен шықты. Қолында сол баяғы
сұр портфелі. Баяғысынша күлімсіреп, баяғысынша аяғын жай алады.
Қасыңда қою қара шашын төгілте желкесінен жіңішке аппақ лентамен бір-
ақ түйген, қоп-қоңыр толық білегін Əбеннің қарына іліп алған бір əйел
келеді. Олардың үйленгеніне міне екі ай. Ажар Əбеннің қай күні көшеге не
киіп шығатынына дейін жатқа білетін болды. Баяғы жаңбырлы кештен
кейін айнаның алдында ұзақ жылады. Оның мынау жау шауып кеткендей,
қорасан талаған оқыр-шоқыр бетіне, жар қабақтың астындағы жаңбырдан
түскен қақтың суындай көк те емес, қоңыр да емес лай күлгін көзіне,
мынадай берекесіз беттен безіне шығынған қоңқақ мұрнына, қашсаң да құр
жібермеймін деп шаужайынан алып, дəл тұмсығының үстіне қонжия
қонған шоқпардай қара сүйеліне кім өліп-өшсін. Ешкім оған ұзақ телміріп,
бар пішін, бар нұсқасын жаттап алмайды. Қайыптан-тайып қарай қалса,
табан астында-ақ тайсақтап, енді беттемейді. Сол бойда-ақ есінен
шығарып, елеусіз қалдырады. Табиғат мұны ақылы кем шəлдуар
селтеңбайлар түгілі қайырымды жандардың өзі мүсіркегеннен басқа еш
ылтипат қыла алмайтындай қып несіне жаратты екен... 
Сонда бір ай өткенде бұл тұратын көшенің қарсы бетінде салынып
жатқан жаңа үй бітті. Бір күні жұмысқа кетіп бара жатып, сол үйдің


ауласынан шығып келе жатқан Əбенді көрді. Содан бері күнбе күн
жұмыстан келе жатып та, жұмысқа бара жатып та оны бір көріп қалады.
Оқта-текте көре алмай қалса, қайда болды екен, бір жаққа командировкаға
кетті ме екен, — деп күні бойы басы қатады. 
Əбен мен əйелі өз аулаларына бұрылды. 
Ажар үйіне кеп терезенің алдында ұзақ отырып қалды. Қарсыдағы
Əбендер тұратын үйдің терезелеріне шам жана бастады. Олардың терезесі
қайсы екен? Жыпырлаған көп оттың ішінен өз көкірегі алыстан алауын
ғана көріп, жылынып жүрген отты таба алмай əбден дал болды. Терезесін
жауып, орнынан тұрып еді, бұрыш-бұрыштың бəрі бұлыңғыр тартып,
қарауытып көрінді. Бөлмесін бұны əрлі-берлі аунақшытатын меңіреу түн
жайлап келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет