ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 19.1.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19.1. Тәулiктiң қараңғы уақытында және жолдың жарықтандырылуына қарамастан жеткiлiксiз көрiну жағдайларында, сондай-ақ тоннельдерде көлiк құралдарының мынадай жарықтандыру приборлары;
барлық механикалық көлiк құралдары мен мопедтерге — габариттiк шамдар мен алыс және жақын жарық фарлары, велосипедтерде — фарлар немесе фонарьлары, делбесi бар көлiк-арбада — фонарьлар (олар болған кезде); тiркемелер мен сүйретпе механикалық көлiк құралдарында — көлемдiк оттар iске қосылуы тиiс.
19.2. Мына:
егер жол жарықтандырылған болса, елдi мекендерде;
қарама-қарсы жол айырығында көлiк құралына 150 м кем дейiнгi, сондай-ақ және одан үлкен ара қашықтықта, қарсы келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi фардың жарығын мезгiл-мезгiл жағып-сөндiрiп, мұның қажет екендiгiн көрсетсе;
қарама-қарсы, сонымен бiрге iлеспе көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң көзiн қарықтыру мүмкiндiгiн болдырмау үшiн кез келген басқа жағдайларда алыс жарық жақын жарықпен ауыстырылуы тиiс.
Көзiн қарықтырған жүргiзушi авариялық жарық сигналын iске қосып, қозғалыс жол жолағын ауыстырмай аялдауы тиiс.
19.3. Тәулiктiң қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде, сондай-ақ жеткiлiксiз көрiну жағдайларында аялдаған және тұрған кезде көлiк құралында көлемдiк оттар жағылуы тиiс. Көру жеткiлiксіз болған жағдайда көлемдiк оттарға қосымша жақын жарық фары, тұманға қарсы фарлар және артқы тұманға қарсы фарлар iске қосылуы мүмкiн. Көлемдiк оттардың ақауы болса, көлiк құралдары жол шекарасынан тыс әкетiлуi тиiс, ал егер бұл мүмкiн болмаса, оны Ереженiң 7.1 және 7.2-тармақтарының талаптарына сәйкес белгiлеу қажет.
ҚР Үкiметiнiң 19.12.02 ж. № 1329 қаулысымен 19.4-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
19.4. Жол полициясында тiркелмейтiн автокөлiк құралдарын, жабық аумақтарда пайдаланылатын және жалпы пайдаланылатын жолдарда пайдалануға жатпайтын технологиялық көлікті, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының iшінде пайдаланылатын осы қожалықтардың автокөлiгiн, бетон және цемент тасушыларды қоспағанда, 22895–77 ГOCT бойынша М2, М3, №2, №3, О2, О3, О4 санаттарындағы көлiк құралдарының бүйір және артқы жақтарының контурлары СТ РК ГОСТ P 51253–2001 және СТ РК ГОСТ P 41.104–2001-ге сәйкес жарық қайтарғыш материалдармен таңбалануы тиiс;
19.5. Тұманға қарсы фарлар:
жекелей, сол сияқты фардың жақын және алыс жарығымен бiрге, жеткiлiксiз көрiну жағдайларында;
тәулiктiң қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде фардың жақын және алыс жарығымен бiрге;
Ереженiң 19.6-тармағында көзделген жағдайларда фардың жақын жарығының орнына пайдаланылуы мүмкiн.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 19.5.-1-тармақпен толықтырылды
19.5–1. Тұманға қарсы фарлар алыс және (немесе) жақын жарық фарларының қосылғанына қарамастан, габариттiк шамдар қосылған кезде қосылуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 25 мамырдағы № 420 Қаулысымен 19.6. тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19.6. Тәулiктiң жарық уақытында қозғалған кезде қозғалыстағы көлiк құралын белгiлеу мақсатында:
елді мекендерден тыс жерлерде қозғалысы кезінде;
қалалардағы және басқа да елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы көлікте;
мотоциклдер мен мопедтерде;
ұйымдастырылған көлiк колоннасының қозғалысы кезiнде;
көк түстi жарқырауық маягi iске қосулы жедел және арнаулы қызмет автомобильдерi алып келе жатқан көлiк құралдарында;
негiзгi қозғалыс легiне қарама-қарсы арнаулы бөлiнген жол жолағының бойымен қозғалып келе жатқан маршруттық көлiк құралдарында;
маршруттық емес автобустарда немесе жүк автомобильдерiнде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдағанда;
қауiптi, iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау кезiнде; механикалық көлiк құралын сүйреткенде (сүйрелетiн көлiк құралында);
бөлу жол жолақтары бар жолдың қозғалыс үшiн жабық жүрiс бөлiгiн 5.34.1 белгiсiнiң талаптарына сәйкес айналып өткенде фардың жақын жарығы iске қосылуы тиiс.
19.7. Фар-прожекторды және фар-iздеушiнi қарама-қарсы көлiк құралы жоқ кезде елдi мекеннен тыс жерлерде ғана пайдалануға рұқсат етiледi. Елдi мекендерде мұндай фарларды тек қана жедел және арнаулы қызметтiң көлiк құралдарының жүгiзушiлерi қызметтiк тапсырманы орындау кезiнде пайдалана алады.
19.8. Тұманға қарсы артқы фонарьлар көрiну жеткiлiксiз болған жағдайларда ғана қолданылады. Тұманға қарсы артқы фонарьды тоқтау-сигналына қосуға тыйым салынады.
19.9. «Автопоезд» айырым белгiсi автопоездың қозғалысы кезiнде, ал тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көру жағдайында, бұдан басқа оның аялдау және тұру кезiнде iске қосылуы тиiс.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 19.10.-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19.10. Сарғыш қызыл немесе сары түстi жарқылдауық маяк жолдарды салу, жөндеу немесе ұстау, бұзылған, жарамсыз және өзге де көлiк құралдарын тиеу және тасымалдау жөнiндегi жұмыстарды орындау кезiнде көлiк құралдарында; ауыр салмақты, iрi көлемдi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде көлiк құралдарында; ауыр салмақты, iрi көлемдi және қауiптi жүктердiң тасымалдарына ілесіп жүретiн көлiк құралдарында; ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустарда қосылуы тиiс.
19.11. Дыбыс сигналдары тек қана:
басқа жүргiзушiлердi елдi мекеннен тыс жерде басып озу ниетiн ескерту үшiн;
бұл жол-көлiк оқиғасын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларда қолданылуы мүмкiн.
19.12. Басып озу туралы ескерту үшiн, сондай-ақ Ереженiң 9.4-тармағында көзделген жағдайларда жарық сигналы тәулiктiң жарық уақытында мезгiл-мезгiл қысқа уақытқа фардың жарығын жандырып-сөндiрумен, ал тәулiктiң қараңғы уақытында — бiрнеше қайтара фардың жақын жарығын алыс жарыққа ауыстырумен берiлуi мүмкiн.