Академик Ќ



бет14/31
Дата30.01.2023
өлшемі1,64 Mb.
#166761
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
b383 (1)
Бір шоқ гүл, Нургалиева Б.Н, 6 сабақ Жергілікті жердің жоспары, b3c17233-5860-4cf6-b34d-5c8bf697b395
Орайлас ойлар
«Абай» романы бүкіл совет әдебиетінің ірі табыстарының бірі. Бұл тамаша романның авторы Мұхтар Әуезов өзінің творчестволық өмір жолының көптеген жылдардың қазақтың дана ақыны Абай Құнанбаев, оның төңірегіндегі адамдар және ұлы ақын өмір сүрген заман турасында бай материал жинап, зерттеп, әдеби қорытынды жасауға арнады. Қажымай, талмай еңбек етуінің арқасында, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірі мен салтын жан-жақты қамтыған түбегейлі энциклопедиясы болып есептелетін аса көркем роман «Абай» жарыққа шықты.


Секция 3
Ғылым және мәдениет
Наука и культура

Советтер одағының барлық ғылым, әдебиет, көркем өнер қайраткерлеріне, барлық ғылыми жұртшылық және басқа ұйымдары мен мекемелеріне үндеу


Қымбатты жолдастар!
Коммунистік қоғам орнатуды көздейтін ұлы міндетті ойдағыдай жүзеге асыру еңбекшілердің мәдениетін арттыру жұмысын үнемі және кеңінен жүргізіп отыруды, совет халқына коммунистік тәрбие беру жұмысын күшейтуді, капитализмнің адам санасындағы қалдықтарын толық жою жолында қажырлықпен күресуді талап етеді.
Жұмысшылармен, шаруалармен біте қайнасқан советтік социалистік, шын мәнінде халықтық интеллигенция еңбекші қалың бұқараға саяси және мәдени білім беру жолында қажырлылықпен жұмыс істеуді өзінің ең бірінші қасиетті міндеті деп есептейді.
Сталин жолдас алға қойған: жұмысшы табының мәдени-техникалық дәрежесін инженер-техник қызметкерлері дәрежесіне жеткізу міндеті, совет шаруаларының мәдениетін батыл күшейту міндеті совет елінің ғылым, мәдениет, көркем өнер қызметкерлерінен халқымыз арасында саяси және ғылыми білім тарату ісінде мұнан да күшті жігермен жұмыс істеуді талап етеді.
Біздің елдегідей қалың бұқара мәдениеттің табыстарына қолы жеткен ел дүние жүзінің еш жерінде жоқ. Большевиктер партиясы мен совет мемлекеті совет адамдарының саяси саналылығын, мәдениеттілігін арттыруға күнбе-күн қамқорлық көрсетіп келеді. Маркс-Энгельс, Ленин-Сталиннің жеңімпаз ұлы ғылымымен қаруланған совет білімпаздары, мәдениет қайраткерлері қолма қол қатыса отырын, халықарасына саяси және ғылыми білім тарату ісіне мүнан да зор көмек көрсете алады.
Ғылым, мәдениет, көркем өнер қызметкерлерінің күші, еңбекшілердің саяси және мәдени білімін арттыру жолындағы игілікті мақсатты көздейтін арнаулы қоғамға біріктірілсе, халықтың мәдениетін арттыру жұмысы мұнанда күшейтіледі.
Біз саяси және ғылыми білімді таратушы Бүкіл Одақтық қоғам құруды ұсынамыз. Бұл қоғамға, халықаралық саясат, совет экономикасы, гылымы, мәдениеті, әдебиеті, керкем өнері жонінде көпшілік арасында лекциялар оқу жолымен, сол сияқты лекциялардың стенограммаларын бастырын, тарату жолымен ғылыми және саяси білімді кеңінен насихаттау жұмысын ұйымдастыру міндеті жүктелуге тиіс. Біз совет ғылымы мен мәдениетінің барлық қайраткерлерін еңбекшілердің социалистік саналылығын арттыру жолында мұнан да күшті белсенділікпен жұмыс істеуге шақырамыз. Қоғамның мүшелері өздерінің көпшілік арасындағы лекцияларыңда Совет мемлекетінің сыртқы саясатын түсіндіруге жаңа соғыс және шапқыншылық өртін тұтандырушы қаскүнемдердің әрекетін батыл әшкерлеуге, буржуазиялық демократияның жалғандығын, өрісі тарлығын көрсетуге, қазіргі империалистік буржуазия және оның реформист итаршылары идеологиясының реакцияшылдық мәнін ашып көрсетуге тиіс. Лекцияларда совет елінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының капитализмнен артықшылығын, ССР Одағында халық шаруашылыгының табыстарын, совет ғылымының, әдебиеті мен көркем өнерінің табыстарын және совет халқы алдына қойылып отырған міндеттерді айқын көрсету керек. Біз социалистік Отанымыздың ұлылығын көрсетіп, совет адамдарын өздерінің советтік Отанын, қаһарман совет халқын мақтан ету сезімімен тәрбиелеуге, ССР Одағының кейбір азаматтарының қазіргі буржуазиялық мемлекет алдында бас июіне қарсы батыл күресуге тиіспіз. Марксистік-лениндік идеологияның ең маңызды мәселелерін түсіндіру, дүниеге материалистік көзқарасты насихаттау, қандайда болса ғылымға жат көзқарастарға, жат идеологияның адам санасындағы қалдықтарына қарсы күресу қоғам мүшелерінің міндеті. Көпшілік арасында лекциялар оқуға саяси және ғылыми білімінің неше алуан саласындағы көрнекті мамандарды ССР Одағы Ғылым академиясының және одақтас республикалардың ғылым академияларының, В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауыл шаруашылық Ғылымдары академиясының, ССР Одағының Медициналық ғылымдар академиясының, РСҚСР Педагогика ғылымдары академиясының академиктерін және корреспондент мүшелерін, ғылыми зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлерін, ғылым докторлары мен профессорларды, жоғары дәрежелі оқу орындарының оқытушыларын, қоғам қайраткерлерін, жазушыларды, көркем өнер және мәдениет қайраткерлерін қатыстыру қолайлы.
Москвада, сол сияқты басқа қалаларда оқылатын таңдаулы лекциялардың стенограммаларын көптеп бастырып, халық арасына таратып отыру қажет.
Біз совет ғылымының, әдебиеті мен көркем өнерінің барлық қайраткерлерін біздің бұл бастамамызды қолдап, саяси және ғылыми білім таратушы Бүкілодақтық қоғам құруға және оның жұмысына белсеніп қатысуға шақырамыз.
Саяси және ғылыми білім таратушы Бүкілодақтық. қоғам құрып, бүкіл елімізде оның жұмысын мейлінше өрістете отырып, біз совет халқының мәдениетін күшейтетін, оған идеялық саяси-тәрбие беретін жаңа ғылым ордасын орнатамыз.
Әрдайым өз халқына қызмет етіп келген, өзінің творчествалық күштерін өз халқы арасынан алып келген совет ғылымы мен мәдениетінің барлық қайраткерлері біздің игілікті бастамамызды мейлінше қуаттап қарсы алатындығына, оны қолдайтындығына сенеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет