Қалас жамалов философия


Элеаттар. Антика философиясының көпке мәлім, танымал мектебінің бірі - Элей мектебі. Оның философиялық көзқарастары Ксенофон



бет15/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Элеаттар. Антика философиясының көпке мәлім, танымал мектебінің бірі - Элей мектебі. Оның философиялық көзқарастары Ксенофон (б.д.д.580-490 ж.ж.), Парменид (б.д.д.540-480 ж.ж.), Зенон (бд.д.490-430 ж.ж.) ілімдері арқылы беріледі.
Элей мектебінің ұстанымдары Парменид философиясында белгілі бір нақтылыққа ие болған. Ол Гераклитке қарсы шығып, еш нәрсенің де өзтермейтіні туралы пікірін білдіреді. Болмыстың қасиеттерін сипаттай отырып: а) болмыс пайда болған жоқ, және ешқашан өлмейді, өйткені оның табиғаты уакыттан тыс; в) болмыс жалғыз және бүтін, демек бөліктері жоқ; с) болмыс шыңдалған, жетілген және қозғалыссыз дегенді дәріптеді.
Парменидтің ойынша, оймен қамтылатындардың бәрі болмыс. «Ойлау мен болу - бұл бір нәрсе». Мүмкіндік өмір сүреді, ал болмыссыз ой ештеңе емес. Болмыстың жоқтығы, бейболмыс (ешбір затсыздық) өмір сүрмейді, өйткені ол туралы ойлау және айту мүмкін емес. Демек, болмыс пен бейболмысты (болмыстың жоқтығын) бір уақытта мойындауға болмайды.
Парменидтің таным теориясы бойынша - ақиқат тек ойланып, толғанулармен түсініледі дегенге саяды. Ақыл-ой сезімдерге басшылық жасай отырып, ақиқатқа қол жеткізеді. Дегенмен оқымысты, сезімнің танымдағы орнын жоққа шығармайды, тек қана онымен әлемнің толық мәнінде бейнеленбейтінін батыл айтады. Осымен қоса, «ақиқат» және «пікір» түсініктерінің айырмасы жасалады. Пікір – бұл ішкі, қайшылықты, сезімдік, алдамшы көрініс. Ақиқат – мүмкіндік әлемі, болмыстың мәңгі және бірліктегі әлемі.
Элейліктер рационализмнің (ақыл-ой танымы) негізін қалаушылар болып есептеледі, өйткені олар объективті шындықтың ұғымдағы бейнесіне жақын келді. Олар бірінші болып таным үдерісінің сезімдік танымнан, ақыл-ой танымына өту болатынын түсінді. Десек те, олар бұл таным сатыларын бір-біріне қарсы қойды, көп жағдайларда бір-бірінен бөлек қарастырды. Ақыл-ой «ақиқаттың жолы», тек осы арқылы ақиқат білімді алуға болады, сезім тек «пікір жолы» ғана.
Элей мектебінің тағы бір белсенді мүшесі - Зенон. Оны Аристотель «диалектиканы ойлап шығарған маман», - деп бағалайды. Субъективтік диалектика өкілінің белді мүшесі Зенон тек логикалық дәлелдеуге болатындар ғана өмір сүреді деп есептеді. Ол қырыққа тарта шешілмейтін қисынсызды (апорий) тұжырымдады, олардың көбі танымал болды.
Зенонның еңбектерінің негізгі жақтары - Парменидтің көзқарасын жақтау қозғалыстың жоқ екенін, болмайтынын көрсетуге ұмтылу.
Белгілі бір нәрсе қозғалып, шыққан жерінен басқа нүктеге жетуі керек. Бірақ ол мүмкін емес. «Неге?» «Өйткені зат алдағы нүктеге жету үшін қашықтықтың жартысын өту керек, ол үшін - жартының жартысын т.с.с. шексіздікке кете береді. Олай болса, зат қозғалмайды, бір орнында қала береді». Тағы бір мысал: «Садақтан атылған оқ тұрақты қозғалмай, уақыттың әрбір сәтінде белгілі бір кеңістік бөлігінде орын алады. Келесі сәтте кеңістіктің келесі бөлігінде тұрақтайды. Ал тұрақтаулар қосындысы тұрақтылықты береді. Олай болса, атылған оқ қозғалмайды», - дейді Зенон.
Ежелгі грек философиясының кең танымал ойшылдары физик - монистер (грек сөзі monos–бір, біреу), бір ғана негізді дүниені жаратушы деп мойындаса, осымен қатар материалдық алғашқы бастаулардың көптігін дәріптейтін физик - плюралистері (грек сөзі рluralis-көпше) де болды. Демокриттің (б.д.д. 460-371 ж.ж.) элеаттардан айырмашылығы - екі бастама: болмыс пен бейболмысты (болмыстың жоқтығын) мойындауы. Ол сезімдік тәжірибеге сүйеніп дененің, кеңістіктің өмір сүретіні, кеңістіктің бір денені екіншіден бөлектейтіні туралы қорытынды шығарады. Элеаттармен келіспеген ол, болмыстың біреу емес, көптүрлілігі туралы ойын білдіреді. Ғалам денелер мен кеңістіктің бірлігінен тұрады (бірлігімен көзге түседі). Кеңістік шегіне жеткенге дейін болмыс бөлшектене береді.
Демокриттің кеңістігі – заттарды ажырататын, бір-бірінен бөлектейтін құрал. Сондықтан ол, күрделі заттардың ішкі құрамдас бөліктерін (атомдарын) бір-бірінен оқшаулаушы және олардың орналасатын кең ыдысы сияқты көзге түседі. Кеңістік – заттарға және оның бөлшектерінің қозғалуына, орын ауыстыруларына мүмкіндік береді. Кеңістіктің шектелуі атомдардың (бөлінбейтін бөлшектердің) «кішілігінің себебінен көрінбейтіндігінің» куәсі. Сондықтан олар сезіммен емес, ақыл-парасатпен ұғынылады.
Демокриттің ойынша, атом бөлінбейтін физикалық дене десек те, ол математикалық шама есебінде бөлшектенеді. Кеңістік, атомдар орналасатын шексіз кең ыдыс, оның шексіздігі сияқты атомдардың мөлшері де шексіз. Атомдарды ретті орналасуымен, түрімен, көлем айырмашылығымен салыстыруға болады.
Демокрит қозғалыс материалдық денелердің өмір сүру тәсілі болатынын көре білді. Атомдар мәңгілік қозғалыста, ол «мәңгілікке себеп іздеуге болмайтындығын» пайымдап, қозғалыстың үш түрін бөлектейді: біріншісін, ол Броун қозғалысын еске салатын тәртіпсіз орын ауыстырумен байланыстырды; екінші түрін, құйынды ағым, атом құйыны бір текті атомдардың бірігуіне және әр текті атомдардың ажырасуына жағдай жасайды деп түсіндірді. Ұқсастың ұқсасқа тартылысы деп аталған атомдар қозғалысы арқылы белгілі бір заңдылық дүниеге келеді. Атом құйыны үдерісінде әлемдік құрылымдар қалыптасады; үшінші түрі, ғарыштық денелердің «бу» болып көрінуінен тұрады. Бұларға иістер жатады. Атомдардың қасиеті табиғи заттардың қасиеттеріне себепші болады. Мысалы, жабысқақтық атомдардың әртектілігімен, ал ағымдылық бөлшектердің дөңгелектігімен түсіндіріледі.
Демокрит әлемдегі болып жатқандардың бәрінің өзіндік себебі бар, сондықтан, кез - келген құбылыс қажеттіліктен пайда болады деп есептеді. Кездейсоқ, себепсіз оқиға адамдардың ойдан шығарғаны, шын мәніндегі себепті білмеуінен туындайды. Кез - келген құбылыстың себебін ашатын болсақ, кездейсоқтық болып көрінетіндер қажеттілікке айналады, «ешбір зат себепсіз пайда болмайды, бәрі де белгілі бір негізде қажеттіліктен туындайды» дегенге ол ерекше көңіл аударады. Ол болып жатырғанның өз мәніндегі себебін табу, танымның басты мақсаты болады, деп көрсетеді.
Демокрит грек философтарының ішінде алғашқылардың бірі болып таным үдерісі туралы кең көлемді түсінік беріп, оның сезімдік және парасаттық жақтарын, олардың өзара қарым-қатынасын анықтады. Таным, - дейді ол, - сезімнен ақыл - ойға өтеді. Ақыл-ой танымы сезімдік танымның жалғасы. Ақыл – өте нәзік байқау мүшесі, сондықтан бұл өзгеше «қисынды көру». Демокрит материалдық пен идеалдықтың арасына айырмашылық қоймайды. Сондықтан адамның жаны құдайлық табиғаты болатын, тез әсерленетін тегіс атомдардың жиынтығынан тұрады.
Демокриттің тәжірибеден тыс оймен, парасатпен танылатын атом тұжырымдамасының тарихи маңызы болды. Ол ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда әлемнің ғылыми - жаратылыстық бейнесінің негізіне алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет