Қалас жамалов философия



бет11/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Лао-цзы – осы мектептің негізін қалаушы және оның «Дао дэ-цзин» кітабы дао ілімінің болашақтағы дамуы бастауында тұрды. Кітап екі бөлімнен (біріншіде - дао жолы, екіншіде - даоның күші туралы айтылады) дао болмысының алғашқы бастауларынан тұрады. Дао – барлық ғаламның өмір сүру тәсілі мен пайда болуы тәртібі сұрағына жауап беру мүмкін болатын, бәрін қамтитын, әмбебап түсінік. Ол негізінде атаусыз, барлық жерде көрінісін табады, бірақ заттардың бастауы. «Дао заттарды тудырады, Дэ оларды асырайды. Заттар нұсқаланады, нұсқалар тәмамдалады. Сондықтан Даоны дәріптемейтін және Дэні қадірлемейтін зат жоқ. Дао дәріптеулі, Дэ қадірлі, себебі олар бұйрық бермейді, керісінше табиғилықты ұстанады. Дао заттарды тудырады, Дэ оларды асырайды, өсіреді, тәрбиелейді, жетілдіреді, кемел қылады, күтеді, болысады. Жарату және иемденбеу, жасап шығару және мақтанбау, үлкен бола тұрып, билік жасамау, міне, тұңғиық Дао деген осы». Дегенмен, Дао дербес субстанция немесе мән бола алмайды. Оның бастауы жоқ, өзінің куаттық қызметінсіз-ақ бәріне негіз болады, «Дао-барлық заттардың анасы».
Дао ілімі діни ұғыммен байланысы емес. «Дао дэ-цзиннің» болмыс туралы ұстанымы атеистік, өйткені әлем ішкі себептерден пайда болған, алдын-ала анықталмаған қозғалыста болады. Дао – объективті өмір сүретіннің барлығын ұйымдастырушы тепе-теңдік, бірегейлік. Ол ғаламның пайда болуы, дамуы және жойылуы кезеңі ретінде уақытқа тәуелсіз болады десек те, ол әлемнің берік әмбебап бірлігін де көрсетеді. Нақтылықты білдіретін түсінік ретінде дао объективті дүниенің бәрінде, барлық жерде мәңгі өмір сүреді, осымен қатар оған әрекетсіздік те тән.
Әлемдегінің бәрі жолда, қозғалыста, өзгерісте болады, бәрі де тұрақты емес, шекті. Бұл инь мен янның белгілі болған қағидаларының себебімен, олардың әрбір құбылыс, үдеріспен диалектикалық бірлікте және қозғалыс пен өзгерістерінің себебі болатындығында. Олардың әсерінен заттар дамиды, өрбиді «бәрі де өзіндік иньге ие болады және янды қамтиды» [9. 39-42 б.]. Даоға (жол) ішкі өзіндік шығармашылық күш (дэ) те тиесілі. Сол арқылы, дао инь мен янның әсерінен заттарда өз көрінісін табады. Дэ - адамның атау іздестіретін заттарының өзіндік нақтылануы есебінде түсініледі. Осымен дэ түсінігі адамның құлықты күші есебіндегі дәстүрлі конфуцийлік түсініктен түпкілікті айырмашылықта болады.
Адам табиғаттан шыққан, сондықтан оның бөлігі есебінде табиғатпен бірлігін сақтауы керек. Мұнда сөз адамның рухани тыныштығы негізін табатын әлеммен келісімі туралы болып тұр. «Кем нәрсе мінсізге айналады, қисық түзеледі, бос нәрсе толады, ескі жаңаға ауысады, азға талпынсаң көпке жетесің, көпке талпыну қателікке апарады. Сондықтан мінсіз данышпан Аспан асты елінде тұтынуға тиіс осы өсиетке құлақ асады». Лао-цзы адам түгілі қоғамның да, қандай болса да зорлық, күш көрсетуін қабыл алмайды. Өркениет туындатқан қоғамның күш көрсетуі (табиғатқа) адам мен әлемнің арасындағы қайшылыққа, үйлесімсіздікке алып келеді. «Егер кім де кім әлемге ие болғысы келсе, оған айлалы әрекет жасаса, ол сәтсіздікке ұшырайды. Өйткені әлем – айлалы әрекет жасауға болмайтын қасиетті ыдыс. Егер де кім оған айла жасаса оны құртады, егер кім оны иеленгісі келсе, оны жоғалтады» [9. 80-81 б.]. Адам үшін «заттардың шамасын» сақтау басты өмірлік міндет.
Дао ілімін жақтаушылардың ортасындағы ірі тұлғалардың бірі Чжуан-цзы (б.д.д.369-286 ж.ж.) болды. Лао-цзы тәрізді ол да, заттар әлемінде, өзіндік ерекшелігі заттардың үзіліссіз жаңаруы болатын, ырықка көнбейтін, қайсар жаратылыстың дао заңы өмір сүреді дегенді қолдады. Чжуан-цзы ойынша, судағы ең кіші органикалық заттардан жануарлар, ал жануарлардан адам пайда болады. Аспан астындағы барлық әлемді толтырған ци бірыңғай материалдық бастау. Бұл айтылған пайымдаулар қарапайым материализм мен диалектика элементтерінен тұрады.
Дао ілімін жалғастырушы Вэнь-цзы (б.з.д.ІVғ.) және тағы басқа оқымыстылар субстанция туралы ілімді дамытады. Олар барлық заттардың алғашқы бастауына ішкі қозғалыс пен өзгеріс тиесілі, оны ци (ауа, эфир) деп есептеді. Ци «нәзік» және «тұрпайы» деп екі топқа бөлінеді. Адам осы екі цидің қосындысы ретінде пайда болады. Сонымен бірге жан – «нәзік» циден, ал дене – «тұрпайы» циден тұрады. Адам өмірінде басты орынды біріншісі алады, сондықтан оған адамның ақыл-ой, қабілеті тәуелді. Даналық - құдайлық күштердің бергені емес, «нәзік» ци әрекетінің жемісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет