Қалас жамалов философия



бет10/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Кун Фу-цзы б.д.д. 551-479 жылдар аралығында өмір сүрген. Өз мектебінің негізін елу жасында қалаған және шәкірттері де өте көп болған деседі. Шәкірттер ұстазының ойларын жазып алумен айналысады, осылай конфуцийлік мектептің толық аякталмаған басты шығармасы «Лунь юй» («Әңгімелер мен айтылғандар») жарыққа шығады. Жинақ, негізінен, құлықтылыққа тәрбиелеуге ден қойған, қайшылықтығы мол, философиялық деп қарау қиынға соғатын еңбек. Дегенмен әрбір сауатты қытайдың кітапты жас шағында жаттап алып, қалған өмірінде оны басшылыққа алатыны дәріптеледі.
Аспан мен рухтар туралы сұрақты қарастырғанда Конфуций ілімі қалыптасқан дәстүрді ұстады. Аспан– жердегі әділеттілікті қадағайлайтын ең жоғарғы күш. Конфуций ілімі бойынша, тағдыр–аспан еркіне кіріптар. Дегенмен, бұл аспанның «Ши-цзиннің» дерексіз, бейне есебіндегі аспанынан елеулі айырмашылығы бар. Конфуций аспаны – тағдыр, жазмыш, дао (жол).
Конфуцийліктер – қоғам танушылар. Назар аударған негізгі мәселесі – тәрбие, адамдар арасындағы қарым-қатынас. Мысалы, оқушысының «Бір сөйлеммен моральдық іліміңізді жеткізе аласыз ба?» деген сұрағына ол, «Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама», - деп жауап бреді.
Әлеуметтік орта жетімсіздігіне қанағаттанбаған Кун Фу-цзы қоғам негізін қайта қараушы реформатор болды. Дегенмен, оның идеалы болашақты емес, өткенді дәріптеуде. Өткенге табыну – тарихи дүниетанымдық көзқарастың өзіндік ерекшелігі. Ежелгі қытайлар өмірдің түкке тұрмайтын ұсақ-түйегіне көңіл аудармай, өздерін одан жоғары ұстауға талпынды, турашылдықтарымен ерекшеленді, өздерін жетілдіру үшін оқыды, дөрекі сөзді адамдардан аулақ жүрді, жаман өнегеден, тәртібі жоқ адамдардан қашты. Өйткені «Адамгершіліксіз адам қауіп-қатерлерге ұзақ төзе алмайды, сонымен қатар, дәулетіне де ұзақ рахаттана алмайды. Адами нәрсе адамгершілікте жатыр. Даналар мұны пайдалы санайды». Ескіні қайта тірілтіп, жаңаны жасадым деп ойлаған олар, өткенді дәріптеумен айналысу арқылы, құлықтылық туралы ілімді жетілдірді.
Конфуцийдің құлықтылық туралы ілімі, этикасы бойынша - өзімен-өзі, басқа адамдармен және ғаламмен бақытты, ымырашылықта өмір сүргісі келетін кез-келген адам, толығымен «дұрыс жолды» (дао) құрастыратын мынадай ұғымдарға сүйенеді: «өзара», «алтын орта», «адамды сүю». «Алтын орта» (яжун-юн) адам мінез-құлқындағы ұстамсыздық пен сақтықтың ортасы. Бұл ортаны табу оңай емес, адамдардың басым бөлігі өте ұстамсыз немесе өте сақ. Адамсүйігіштіктің негізі «жень» - ата-ананы қадірлеп, қошеметтеу, жасы үлкен ағаларды сыйлау. Жалпы, адамсүйгіштік – адамды сүю дегенді білдіреді, өйткені кімде-кім шын көңілімен адамсүйгіштікке ұмтылса, қастандық, зұлымдық жасамайды. «Өзаралыққа» немесе «адамды қамқорлыққа алуға» (шу) келетін болсақ, онда бұл Конфуций ілімінің негізгі құлықтылық туралы өсиеті. Бұл ілімнің мәні «өзіңе нені тілемесең, оны өзгеге де істеме» - дегенге саяды [9. 167 б.].
Конфуций құлықтылық өсиетін толық орындап жүретін дамыған адам бейнесін берді. Ол (цзюнь-цзы) – адамгершілігі мол қайраткерді қарапайым адамдарға, немесе «арам ниетті» (сяо-жень) адамдарға қарсы қояды. Біріншісі өз өмірінде міндет пен заңды басшылыққа алады, екіншісі өмірде жақсы орналасу мен пайда табуды ғана ойлайды. Біріншісі – өзіне, екіншісі - адамдарға талап қойғыш. Бірінші туралы уақ-түйекке сүйеніп пікір айтуға болмайды, оған үлкен істерде сенім білдіру керек, екіншіге үлкен істерді сеніп тапсыруға болмайды, ол туралы түкке тұрмайтын уақ-түйекке сүйеніп пікір айтуға болады. Бірінші басқа адамдармен келісіп өмір сүреді, дегенмен олардың ізіне ермейді, екінші басқалардың ізімен жүреді, бірақ олармен келісімде өмір сүрмейді. Біріншіге кызмет ету оңай, бірақ оны қуандыру қиын, екіншіге кызмет ету қиын, қуандыру оңай. «Адамгершілігі мол қайраткер үш нәрседен: аспан жарлығынан, ұлы адамдардан және данышпандардың сөзінен қорқады. Төменгі адамдар аспан жарлығын білмейді, одан қорықпайды; қоғамда жоғарғы лауазымды иеленген, құрметті адамдарды жаны жаратпайды, данышпандардың сөзіне назар аудармайды» [9. 170 б.]. Осыдан «Өзіңді адамзаттың қажетті талаптарына арна, әруақты сыйла, бірақ, қашық ұста – міне, осыны даналық деп айтуға болады», - деп ой түйеді.
Конфуций ілімінде «адамгершілігі мол қайраткер» – тек этикалық емес, сонымен қатар, саяси да түсінік. Олардың еңбекшілерден айырмашылығы - өмірлері бір нәрсемен шектелмейтін жан-жақты дамыған адам. «Тек адамгершілігі бар адам ғана адамдарды сүйе алады және жек көре алады» деген данышпан, игілікті «Ізеттілік, кең пейілділік, ізгі иман, ыждаһаттылық және мейрімділік. Ізетті қорлық көрмейді, кең пейілді көпшілікті баурайды, ыждаһатты өз мақсатына жетеді және мейірімді жұрттан қайырымдылық күте алады», - деп пайымдайды.
Конфуцийдің төрт нәрсені: «барлығын алдын ала шешіп қойған зердені, қалай болса солай жасалған тұжырымдарды, дегенінен қайтпайтын менменшілдікті және өз-өзіне ғашық адамдарды» құртқысы келеді.
Қорыта айтқанда, Конфуций ілімінің жағымды жағы–ол халықты басқарудың басты құралын жалаң, еріксіз зорлықпен көндіруден емес, үлгі-өнегенің күшімен және сенім мен көзін жеткізуден көруінде. Патриархалдық қоғам тұжырымдамасын, концепциясын ұсынған конфуцийліктердің басқа азғантай кінәсі үшін қатал жазаға тартатын, қорқыныш пен күш жұмсау қағидаларына сүйенген мемлекет құрғысы келетін заңдар және т.б. мектептерден айырмашылығы осында.
Конфуций ілімімен бірге, Қытайдағы философиялық ойдың дамуының маңызды бағыттарының бірі дао мектебі болды. Мұның зерттеу нысаны табиғат, ғарыш және адам десек те, бұл бастаулар парасат жолымен, логикалық дәйекті формулалармен емес, керісінше, өмір сүрудің табиғаты туралы түсініктің көрегендігімен ұғынылады. Әлем үздіксіз қозғалыста, өзгерісте болады және ішкі себептерімен өмір сүреді, ешбір себепсіз әрекет жасайды, дамиды. «Дао бірді туады, бір екіні туады, екі үшті туады, ал үш жан атаулыны туады. Жан атаулы инь мен янға, циге толы, сөйтіп олар үйлесімділік құрайды». Болмыс ілімінің негізі болатын осы жол (дао) түсінігінше, ойдың мақсаты адамның табиғатпен қосылуы болады, өйткені адам – табиғаттың бөлшегі. Дегенмен, бұл жерде «субъект-объект» қатынасында ешқандай шектеулер белгіленбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет