Қалас жамалов философия


Тексеруге арналған сұрақтар



бет6/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Тексеруге арналған сұрақтар:
Дүниеге деген аңыздық көзқарастың мазмұны неде?
Діни көзқарастың ерекшеліктері қандай?
Дүниеге деген философиялық көзқарастың миф пен діннен айырмашылығы неде?
Философия мен ғылымның арақатынасы қандай?
Философияның негізгі мәселесі, сұрағының мәнін көрсетіңіз.
Реферат тақырыптары:
Философия, аңыз, дін және өнер.
Философияның негізгі бағыттары: материализм, идеализм, реализм.
Философия мен жаратылыстану ғылымдардың байланысы.
Негізгі әдебиет:
1. «Философия» Серік Мырзалы Философия. Оқулық, Алматы, 2008
2. Философия. Кішібеков Д., Қасабеков А. Алматы, 2007
Қосымша әдебиеттер:
1.Философия және мәдениеттану, Оқу құралы /Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабек А./Алматы, 2001
2.Фазылов С.Д. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары: оқулық. Алматы: 2003
3.Философия тарихына шолу: оқу құралы. Алматы,2005


ІІ тарау. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХИ ТҮРЛЕРІ
Ежелгі заманнан ақиқат, ғалам, адам, өмірдің мақсаттылығы, құндылықтар, өмір мен өлім, мәңгілік болмыстың мәндік проблемалары адамды толғандырды. Осыдан өзінің толық мәнді түсінігіндегі білімді ақиқатқа жетудің жолы деп қарастыруға болады.
Адамзат тарихында бірнеше ауқымды, түпкілікті ғаламдық өзгерістерге әкелген, алдағы мыңжылдықтардың даму барысын анықтаған уақыттар болды. Бұндай өзгерістер біріншіден, мал шаруашылығы, жер өңдеу және қол өнерінің дамуына өту алып келген отырықшылықпен, екіншіден, ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы өнеркәсіптік революциямен байланысты болса, үшіншіден, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық жетілу, шыңдалу қарқыны да үлкен ауқымды мәселелерді қамтып отыр. Бұлар әрбір тарихи кезеңдерде мәдениет пен адамның көзқарастары, олардың қоршаған ортаны түсінуі, өзін-өзі тануы проблемасына деген өмірлік терең өзгерістердің мәні ретінде қарастырылады.
Көтерілген мәселердің бәрі де діни (дін – жоғарғы ғажайып күшке деген сенімдер жиынтығы) және ғылыми (ғылым – қатаң дәлелдеулер мен тәжірибеге негізделген ғаламды парасатты ұғынудың тәсілі) деңгейлерде қарастырылады. Десек те, жүздеген жылдар бойы бұл сұрақтар антика заманннан бастап, философия деп аталатын ерекше рухани қызметінің деңгейінде талқылануда. Сонымен, философия дегеніміз не? Неге тек қана философия адамзатты әрқашан толғандыратын мәңгілік сұрақтарды шешуге ұмтылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет