А(Лат): 378. 147 Ж. Д. Тилемисова, Т. Д. Татаренко, Е. К. Лисариди



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#91287
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЖОО-ДА-ОҚЫТУ-ҮРДІСІНДЕ-ОҚЫТУ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН-ҚОЛДАНУДЫҢ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖОО-ДА-ОҚЫТУ-ҮРДІСІНДЕ-ОҚЫТУ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН-ҚОЛДАНУДЫҢ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, Семинар 8 ПВШ Білім беру мaзмұнының компоненттері , Магистр Шпор
 
Интербелсенді оқу/оқыту
студенттің өз тәжірибесі және өзге де студенттердің тәжірибесі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-
қатынасқа негізделеді. Ал 
үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен 
идеялары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері 
деп айтуға тұрарлық. Студенттер таным процесінде 
бір-бірімен осы тәжірибесімен бөліседі, міне осындай байланыста, қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде 
игеріледі. 
Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға 
үйренеді:
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; 
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
-ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;
- ақпаратты жан-жақты талдау;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; 
-оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) 
ұстану; 
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;


- басқа да балама пікірлерді ескеру;
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
- ортақ жұмысқа жұмыла білу; 
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу; 
- үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау; 
- студенттік топты ұжым ретінде қабылдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет