А(Лат): 378. 147 Ж. Д. Тилемисова, Т. Д. Татаренко, Е. К. Лисариди



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#91287
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЖОО-ДА-ОҚЫТУ-ҮРДІСІНДЕ-ОҚЫТУ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН-ҚОЛДАНУДЫҢ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖОО-ДА-ОҚЫТУ-ҮРДІСІНДЕ-ОҚЫТУ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН-ҚОЛДАНУДЫҢ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, Семинар 8 ПВШ Білім беру мaзмұнының компоненттері , Магистр Шпор


УДК 4А(Лат): 378.147 
 
Ж.Д. Тилемисова, Т.Д. Татаренко, Е.К. Лисариди
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті, латын тілі курсы 
ЖОО-ДА ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында сабақ жүргізу барысында жаңа оқыту технологияларын қолдану ерекшеліктері 
қарастырылған. Авторлар инновациялық, интербелсенді оқыту әдістерін қолданудың артықшылықтарына талдау жасаған.
Мақсаты - оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін 
ұйымдастырудың ұтымды формасы. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, студентті оқу әрекетіне жетелеп
олардың оқуға деген ынтасын оятады.
Мақалада студенттерді ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын инновациялық, интербелсенді технологияларды 
қолдану әдістері туралы айтылады.
Оқыту технологияларын пайдалану арқылы оқытудың маңызды аспектілерін жетілдіру және оқу процесін оңтайландыру, байыту, 
әдістемелік құралдар мен тәсілдердің алуан түрлі жұмыс түрлерін жасау және оқыту процесінде студенттер үшін қызықты.
Түйінді сөздер:
 инновациялық оқыту, интербелсенді оқыту, бірлесе үйрену, топпен жұмыс, кері байланыс, студенттің белсенділігін 
арттыру. 
Бүгінгі Әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени 
өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл 
идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді. 
Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың 
іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында былай деген: 
«Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз... Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа 
деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз... Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық 
дамуының негізіне айналуы тиіс» [1]. 
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп 
отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және 
интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет