129
ол әлеуметтік ортамен байланыспайынша автономды түрде өмір
сүруі мүмкін емес. Керісінше ондай отбасыларында қоғамдық
құбылыстармен белсенді байланыс орнайды да,
кез келген отба-
сы секілді қазіргі қоғамның көптеген әлеуметтік факторларының
ықпалының күшіне ілігіп жатады.
Қолайсыз отбасы.
Қолайсыз отбасыларына нақтылы бір
уақыт барысында отбасыаралық және отбасыішілік тұрақсыздық
қалыптастырып келген ықпалдарға қарсы тұруға қабілетсіз отбасы-
ларын жатқызамыз. Оларға аралас немесе некесіз отбасылар, толық
емес отбасылар, проблемалы отбасы, кикілжіңді отбасы, дағдарысты
жағдайдағы отбасылары, невротикалық отбасы, педагогикалық әлсіз
отбасылар, отбасы өмірі теріс ұйымдастырылған және т.б. отбасыла-
ры жатады.
Мұндай отбасыларында көбінесе адамның жеке мүддесі, эгоис-
тік
қызығушылығы, отбасындағы әрбір адамның назарының тек
өзіне аударылғандығын қалау басым көрінеді. Олардың қарым-
қатынас жасау ортасы әртүрлі, тұрақсыз,
шектеулі және отбасы
тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмек көрсетуге қабілетсіз болып
келеді.
Қолайсыз отбасыларындағы адамгершіліктік-психологиялық
ахуал «қиын балалардың» пайда болуына алып келеді. Мұндай
отбасыларынан шыққан балалардың 90%-ының мінез-құлқында
қалыпты жағдайдан ауытқу құбылысы байқалады. Олар үшін
қоршаған ортамен және отбасы мүшелері арасындағы қарым-
қатынаста психологиялық сәйкессіздік тән, олар үшін ұйымшылдық,
ауызбіршілік, бедел, абырой, басшылық деген түсініктерді өздерінше
қабылдайды. Олардың қарым-қатынастағы
айтатын әңгімелерінің
тақырыптары да шектеулі, ал қарым-қатынас стилі ерекше эмоцио-
налды. Сондықтан көп жағдайда кикілжіңді жағдайға бару олар
өмірінің тұрақты стилі мен өмір сүру мазмұнының созылмалы сипа-
ты ретінде көрінеді.
Қолайсыз отбасыларында проблемалық мәселелер әртүрлі. Олар
ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынаста, ата-аналар мен ба-
лалары арасындағы қарым-қатынастағы қарама-қайшылықтардың
орын алуында, балалар тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлінің және
көзқарастарының бірдей болмауында, яғни өзара келіспеушілігінде,
ата-аналарының екеуінің де немесе біреуінің сұранысының екіншісін
қанағаттандармауында және т.б. көрініс береді.
Достарыңызбен бөлісу: