Алғашқы адамға берген атаулары: «Епті адам» «Епті адамның» («Homo habilis») табылған жері



бет57/91
Дата06.02.2022
өлшемі241,12 Kb.
#81286
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91
Байланысты:
тарих тест

Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде «ялангук» деп құлды атаған.

  • Қыпшақ хандығы әскери басқару жүйесі бойынша бөлінді: Оң және сол қанатқа.

    Оң қанаттың* ордасы Сарайшық (Жайық бойында).
    Сол қанаттың ордасы Сығанақ (Сырдария бойында).
    Ø Қыпшақ хандығының саяси жағдайы

    1. ХІ ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығына ие болған: Қыпшақтар.

    2. ХІ ғасырдың басында қыпшақтардың Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңтүстік аудандарына шығуына бөгет болған ел: Оғыз мемлекеті.

    3. XII ғасырдан бастап қыпшақтар билік жүргізген өңір: Арал маңы.

    4. Орыс деректеріндегі қыпшақтардың атауы: «половшылар» - «далалықтар».

    5. Дунай бойына жайғасқан қыпшақтарға венглердің берген атауы: «кундар» немесе «командар».

    6. ОтырарСығанақАрал аумағы үшін қыпшақтар ұзақ жылдар бойы соғысқан ел: Хорезм.

    7. Қыпшақтардың қол астындағы оғыздардың жеріне бірнеше рет шабуыл жасаған Хорезм шахы: Атсыз (1127 – 1156 ж.).

    1133 жылы ол Дешті Қыпшаққа еніп, қыпшақтарды жеңді. Осы жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастаған.

    1. Қыпшақ мемлекетінің хандары: Алып-Дерек (Отырар), Қадыр-Буке (Сығанақ).

    2. 1195 жылы Сығанақты басқарып отырған қыпшақ ханы: Қадыр-Буке.

    v Хорезм билеушілері Текеш[3] пен ІІ Мұхаммед[4] қыпшақ ханы Буке хан мен оның жиені Алып – Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып, Сығанақты басып алуды ойластырды.

    1. Монғол шапқыншылығы қарсаңында Сырдария бойындағы қалаларға иелік ету үшін күресті: Қыпшақтар мен хорезмдіктер.

    2. Қыпшақтар мен Хорезм елі арасындағы билік үшін шайқас біржола тынды: Монғолдар екі елді жаулап алғаннан кейін.

    Ø Шаруашылығы

    1. Қыпшақтар негізі шаруашылығы: мал шаруашылығы.

    Ибн Баттута«Қыпшақтардың жер жағдайы мал өсіруге өте қолайлы, мал жейтін шөптің жұғымдылығы сондай, олар малға арпа сияқты жем бермейді. Ал малдың көпшілігі соншалықты, ондай мал ешбір елде жоқ шығар...Қыпшақтар сиыр малын да өсіреді» деп жазған.
    Қыпшақтардың арба үстіне тігілген үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартқандығын өз көздерімен көргендігін жазған, ХІІІ ғ. орта кезінде Қазақстанда болған П. Карпини мен В. Рубрук.

    1. Байлықтың негізгі көрсеткіші – жылқы саны.

    v Қыпшақ жылқылары халықаралық саудада жоғары бағаланған. Ауған, Иран, Египет, Үндістанда қыпшақ жылқылары 100 динардан 500 динарға дейін сатылған.

    1. Өзінің жазбаларында қыпшақтардың тары мен күрішті өсіргендігінаңды садақпен аулағандығын жазған еврей саяхатшысы:Петахья[5].



    2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет