Алғы сөз «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» Абай Кұнанбаев



бет19/26
Дата09.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#176322
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
Балалар өмірінде ойын маңызы
7-8 денгейлик Бакынов (2), 7-8 денгейлик Бакынов (2), 7-8 денгейлик Бакынов (2), 7-8 денгейлик Бакынов (2)
Күтілетін нәтиже:
Театр, оның түрлері туралы түсініктері болады;
Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды;
Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді. Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қоймаларға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы
байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Театрландырылған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.  Жалпы театрландырылған ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығарманың сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда балаларға
шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған ролдерді толық игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аудару. Олардың тиісті бейнелерді дұрыс жасаулары үшін іс-әрекет, қимылдарын көрсетіп, жетілдіруіне көмектесіп, кейіпкерлердің сөздерін, көңіл-күй, сезімін, мінез-қалпының қандай болуы керектігін түсіндіріп, ұғындырып отыру. Сөйтіп ойын барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткізу. Оған тәрбиешілер жан тәндерімен кірісіп, көп еңбек сіңіру керек. Қандай да сахналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргіздік.
1.Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің міңез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылды.
2.Әр кейіпкерлердің киіміне көңіл бөлінді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады. Мысалы: орыс ертегілерінде түлкі басына орамал тартады, қазақ ертеглеірінде түлкіге жейде кигізіледі.
3.Сұрақ-жауап арқылы кейіпкерлердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отырамыз.
4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалаймыз.
Мысалы: «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» туралы ертегіні оқып бергеннен кейін тәрбиеші балаларға мынадай сұрақтар қойды:
1.Алдар көсеннің міңез-құлқы қандай?
2.Алдардың жүрісін кім көрсете алады?
3.Байдың міңезі қандай?
4.Оның жүріс-тұрысын кім көрсете алады?
5.Кім бай мен Алдар көсе болып ойнай алады?
Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтын ауыз әдебиетіндегі отірік өлеңдерді, мақал-мәтерлдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән-күйлер мен билерді кіріктіріп отырдық. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе күт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалалрыкейіпкерлердің міңезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін
айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығып, қажетті элементтерін меңгеріп алуға тырысты. Ол үшін балалармен жоғарыда айтылып кеткен арнаулы жаттығулар жүргізілді. Одан басқа «Сәлеметсіз бе?» және т.б. дағдылы сөздерді әртүрлі дауыс ырғағына сап айтып үйренуге жаттықтырдық. Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Сосын нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянады. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту оқу іс-әрекеттерін байланыстырып өткізгенде, әр оқу іс-әрекеттін соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырады, сөйтіп олардың белсенділігі арттырады, оқу іс-әрекеттері мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болады. Балалар
өздерін еркін де бос ұстап, оқу іс-әрекеттерде ынталана, құштарланып қатысып отырады. Осы жұмыстарды өткізген кезенде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет