Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»


Мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру



бет25/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
Байланысты:
нотариат
БИЛЕТЫ МЕНЕДЖМЕНТ ТИПО РУС, Менеджмент вопросы ВО КАЗ, Кәсіпкерлік- табыс көзі, ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 6 Поиск информации в Интернет, 1 КУРС каз.яз 21-22уг. 2 семестр с 14 февраля, практика 2-JavaScript, 1 КУРС ДОТ 21-22уг. 2 семестр, 4 4дәрістер - Циклдер, Комп жүйелердің сәулеті, 2-дәріс (1) (1), Архитектура 1 прак, Д рістер кешені Д ріс №1 Д ріс та ырыбы, 16933018, Тізім практикалық жұмыс, Зертханалық жұмыс Веб
Мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру
Меншік иесінің ортақ бірлескен меншіктегі немесе үлеске меншік құқығындағы мүліктің үлесін алуы барлық қатысушылардың келісімімен жүргізіледі. Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде нотариус мәмілелерді жасауға ортақ бірлескен меншіктің басқа қатысушыларының келісімі туралы өтінішті талап етуге міндетті.
Жұбайлардың біреуі жұбайлардың ортақ мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады.
Жұбайлардың некеге дейінгі немесе мұраға алу тәртібінде өтеусіз мәміле негізінде сатып алған мүлігін иеліктен айыру жөніндегі мәмілені қоспағанда, сондай-ақ жұбайлардың неке шарты негізінде бөлек меншік ретіндегі мүліктерін иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді қоспағанда, жұбайлардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін жұбайлардың екіншісінің нотариаттық куәландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы өтінішті талап ету қажет. Соңғы жағдайда нотариусқа неке шарты ұсынылды. Бұл ретте шарттың мәтінінде мүлік жұбайының келісімі көрсетіледі.
Жұбайлардың некелік қарым-қатынастарын нотариус неке туралы куәлік бойынша тексереді, бұл туралы өтініште белгі жасайды және куәліктің нөмірін және берілген күнін, құжатты берген органның атауын көрсетеді.
Мүлік иесі берген сенімхаттың негізінде мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілені куәландырған кезде, егер оған осы нотариаттық іс-қимылды жасауға уәкілеттік берілген болса, сенім білдірілген адамнан некелік қатынасының жоқтығы туралы өтініш алынып қойылады.
Егер жұбайының біреуі Қазақстан Республикасында ықтиярхаты жоқ шетелдің азаматы болса, сондай-ақ неке шартында жұбайлар арасында бөлек меншік режимі (Жер кодексінің 23-бабында көрсетілген) белгіленбеген болса, пәтерлер, тұрғын үйлер, жер учаскелерін сатып алу жөніндегі шарттар («Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы), нотариаттық куәландыруға жатпайды.
Егер мүлікті иеліктен айыруға келісім өтініште мүліктің кімге иеліктен айырылып жатқаны, оның бағасы мен басқа да шарттары көрсетілген жағдайда нотариус осы шарттардың сақталуын тексереді.
Ортақ үлестік меншіктің үлесі сатылған кезде нотариус Кодекстің 216-бабының нормаларын басшылыққа алады.
Ортақ үлестік меншіктің басқа қатысушыларын үлесінің сатылатыны туралы хабарлаудың дәлелдемелері мыналар болып табылады:
1)ортақ үлестік меншік қатысушысының басымдықты сатып алу құқығынан бас тарту, қолтаңбасының түпнұсқалы екендігі нотариалды куәландырған өтініші;
2)қолтаңбасының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылған, нотариусқа ортақ үлестік меншік қатысушыларын үлесті сату ниеті туралы хабарландыру үшін берілген үлесті сатушының өтініші, сондай-ақ осы өтініш ортақ үлестік меншік қатысушысына қолмен берілгені туралы пошталық немесе өзгедей хабарлама.
Жер учаскесіне меншік құқығын (жерді пайдалану құқығын) тиісті иеліктен айырусыз жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға жол берілмейді.
Жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус жер учаскесіне құқығын белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарын талап етеді және жер учаскесін меншіктенушінің (жерді пайдаланушыны) оған тиісті құқықтарды иеліктен айыру жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды.
Бұл ретте нотариус құқық иесі туралы және құқығын белгілеуші құжатында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді құқық иесі болып табылатын жеке тұлғалардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарымен немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерімен және объектінің техникалық паспортымен салыстырып тексереді.
Олардың мәліметтері өзгерген жағдайда «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркелуі тиіс. Өзгерістерді тіркеу тіркеуші органның тиісті жазбасын құқықтық белгілеуші құжатта қою арқылы жүргізіледі және қолтаңба мен мөрмен бекітіледі.
Нотариус кондоминиум құрамында тұрған тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иеліктен айырған кезде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын талап етпейді.
Нотариус мыналарды:
1) шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды (мемлекеттік емес) тұлғалардың тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жер учаскелерді (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 23-бабы);
2) шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, ауылшаруашылығы мақсатында шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 24-бабы) арналған жер учаскелерін;
3) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерді (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 23-бабының, 3, 4-тармақтары);
4) шетелдік жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 34-бабы);
5) егер жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті не оның кепілін белгіленген тәртіппен иеліктен шығаруға қатысты болғанда мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 39-бабы) иеліктен айыруды куәландырмайды.
Нотариус тараптарға жер учаскесін иеліктен алудың осы учаскеге ауыртпалық әкелмейтінін түсіндіреді (сервитут).
Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде осы мүліктің тиесілігін құқықты белгілейтін құжаттың негізінде тексереді.
Бір жылдан аса мерзімге пайдалану құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға мына жағдайларда, егер:
1) мүлікті иеліктен алушы мен аталған құқық иегері арасындағы бір жылдан асатын мерзімге пайдалану құқығын беру туралы шарттың жағдайларымен осындай иеліктен алуға тікелей тыйым салмаса;
2) ауыртпалықты мүлікті иеліктен алуға бір жылдан аса мерзімге жылжымайтын мүлік құқығын пайдалану құқығына иегердің келісімі болса жылжымайтын мүлік меншік иесінің шартында мұндай келісім тікелей көзделген жағдайларда;
3) жылжымайтын мүлікті бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығын сатып алушы нотариус арқылы алынатын мүлікті пайдалану құқығының барлығы және оның тоқтатылуы туралы хабарландыруға жол беріледі.
Бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарттың мәтінінде, шарттың мәні осындай құқық ауыртпалығын көтеретіні және сатып алушы құқықты пайдалану иесімен қарым-қатынаста иеліктен алушының құқықтық мұрагері болып табылатыны туралы белгі жасалады.Нотариус мына шарттарды сақтай отырып, кепілмен (ипотекамен) ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын мына жағдайларда:
1) мұндай иеліктен алуға заң актілерімен, кепіл шартымен тыйым салынбаса және кепілдің болуынан туындамаса;
2) кепіл ұстаушының жазбаша келісімі болғанда;
3) кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті сатып алушыны нотариус кепіл шартының шарттарымен хабарландырғанда куәландырады.
Кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарт мәтінінде шарт мәні кепіл ауыртпалығы бар екендігі туралы белгі соғылады.
Нотариус кепілі бар мүлікке меншік құқығын иеліктен айыру сатып алушы үшін кепіл ұстаушының негізгі міндеттері бойынша берешегінің ауысуына әкеп соқтыратының түсіндіреді.
Құқық белгілейтін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетілген мүліктің техникалық сипаттамасы туралы мәліметтер иеліктен айыру сәтіндегі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмесе, нотариус осындай өзгерістердің тіркелгенін растайтын құжатты талап етеді.
Нотариус өмір бойы асырау шартын Кодекстің 530-539-баптарына сәйкес куәландырады.
Айырбастау шартын нотариус тараптардың таңдауы бойынша жылжымайтын мүліктің кез-келген объектісінің тұрған жері бойынша куәландырады, бұл ретте нотариус жылжымайтын мүлікке тыйым салу жоқ екендігі фактісін белгілейді.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті иеліктен айырған кезде (үлескердің тұрғын құрылыста қатысу үлесі туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру шартын куәландыру) нотариус мыналарды талап етеді:
1) мүліктің меншіктенушіге тиесілі екендігін растайтын құжаттары;
2) егер олар кепіл беруші болған жағдайда уәкілетті органның «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысына сәйкес берген заңды және жеке тұлғаны, жеке кәсіпкерді салық төлеуші ретінде тіркеген жері бойынша жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзіндісі;
3) құрылыс салушының үлестік қатысу шарты бойынша толық есебі туралы, оның ішінде мүлікті меншіктенуге беру туралы құжатқа қол қоймағаны, құрылыс салушының иеліктен айыруға келісімі туралы мәліметтері;
4) тараптардың жұбайларының иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе осы мүлікті сатып алуға нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариаттық куәландырылған өтінішізаңда көрсетілген құжат шартты куәландырғаны туралы белгісімен сатып алушыға қайтарылады, оның көшірмесі нотариустың сақтауында қалдырылады.
Тараптар беру актісін немесе үлестік құрылыс объектісін беру туралы өзге құжатына қол қойғанға дейін олар шарттың бағасын төлеген соң ғана үлестік құрылыс қатысушысының шарт бойынша талаптар құқығын басқаға беруіне жол беріледі.
Жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес құжаттарды талап етеді.
Көлік құралын иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус мыналарды талап етеді:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
2) тіркеуші органдардың кепілдерінің және өзге де ауыртпалықтарының жоқ екендігі туралы анықтамасы не тіркеуші органның көлік құралын тіркеуден шығарғаны туралы белгісі;
3) тараптардың жұбайларының иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе осы мүлікті сатып алуға нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариаттық куәландырылған өтініші.
Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке құқықтарын белгілейтін құжатын талап етеді.
Бұл ретте нотариус істе құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелерін қалдырады.
Заттай құқық негізінде жалға берушіге жататын мүлікті өтеусіз пайдалану немесе бір жылдан астам уақытқа жалдауға беру туралы шарт мемлекеттік тіркелуі тиіс.
Бұл ретте, нотариус шартты мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы түсіндіреді, ол туралы шарттың мәтінінде атап өтеді.
Жеке меншікте тұрған тұрғын үйді жалға (немесе уақытша тегін пайдалануға) беру тұрғын үйдің барлық меншіктенушілерінің келісімі бойынша жүргізіледі.
Қосалқы жалға алу, бірге жалдау, кейінгі жерді өтеусіз пайдалану мерзімі жалға беру, жалдау, бастапқы жерді пайдаланудан аспауы немесе одан кейін тоқтатылмауы тиіс.
Жылжымайтын мүлікке тыйым салынған жағдайда нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартады, ол жөнінде нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын және жылжымалы мүлікті иеліктен айыруды куәландырған кезде нотариус шарттың мемлекеттік тіркеудің қажеттігін түсіндіреді, ол жөнінде шарттың мәтінінде белгі жасайды.
Кепіл шартын куәландырған кезде нотариус Заңның 75-бабының 2-тармағына сәйкес жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу органдарында мүлікті иеліктен айыруға тыйымның салынғаны туралы кепіл туралы шарттың көшірмесін қоса тіркей отырып, хабарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет