Тапсырма «Тау жыныстары мен минералдар» коллекциясынан тау жынысы мен минералдың бір түрінтаңдап алыңыз. Оның қасиеттерін анықтап, кестеге толтырыңыз.
Атауы
Пішіні
Түсі
Қаттылығы
Мөлдірлігі
Жылу өткізгіштігі
Иісі
Балқуы
Дескриптор
Білім алушы
таңдағантау жыныстарының қасиетін анықтайды.
Бөлім 3.Физикалық география
Бөлімше3.1 Литосфера
Тақырып
Тау жыныстарының жасын анықтау
Оқу мақсаты
8.3.1.8Тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсіндіреді
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тау жыныстарының жасын анықтау әдістерінсипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1.Берілген мәтінді оқып, геохронологиялық кестені түсіндіріңіз.
Тау жыныстарының жасын анықтау әдістері:
салыстырмалы – шөгінді жыныс қабатындағы жыныстардың белгілі заңдылық негізінде орналасуы; өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары тау жыныстарының жасын анықтауда көмектеседі, сол негізде Болоньеде 1881 жылы ІІ Халықаралық геология конгресінде геохроногиялық кесте бекітілді. Геохронологиялық кесте негізіне палеонтологиялық зерттеу қорытындылары алынады, эралар мен дәуірлерге бөлінеді. абсолюттік – XX ғасырдыңбасында ашылған радиоактивті элементтердің ыдырау заңдылығына байланысты енгізілді: уранның гелий мен қорғасынға ыдырауы (100 г. ураннан 74 жылда 1 г. қорғасын бөлінеді).
Егер тау жыныстарының құрамынан 1 тонна қорғасын алынса, сол тау жынысының абсолюттік жасын анықтай аласыз ба? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
геохронологиялық кестені сипаттайды;
тау жынысының абсолюттік жасын анықтау жолын түсіндіреді.
Бөлім 3.Физикалық география
Бөлімше3.1 Литосфера
Тақырып
Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте
Оқу мақсаты
8.3.1.9 Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының жәнетіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдер менгеологиялық оқиғаларды ажырата алады
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдер мен геологиялық оқиғаларды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма Геохронологиялық кесте мен атласты пайдаланып, берілген географиялық нысандардың қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Ойыңызды қорытындылаңыз.
Қазақтың ұсақ шоқысы пайда болған қатпарлық
Мұғалжар тауы пайда болған эра
Алтай тауында ең бірінші тіршілік қалыптасқан эра
Каспий маңы ойпатында тіршіліктің пайда болу уақыты
Тянь-Шанның алғашқы көтерілуі болған эра
Дескриптор
Білім алушы
Қазақтың ұсақ шоқысы пайда болған қаптарлықты анықтайды;
Мұғалжар тауы пайда болған эраны анықтайды;
Алтай тауында ең бірінші тіршілік қалыптасқан эраны анықтайды;