12
Сахабалар салған сара жол
«
Кімде-кім Аллаһ пен елшісіне бағынбай Аллаһтың
белгілеген шеңберінен шығатын болса, Аллаһ оны
мәңгілікке отқа тастайды. Әрі күйзелтуші азап
тартқызады»
(«Ниса», 4/14).
Аллаһ расулы болашақта болатын жағдайлар тура-
лы былай деген: «Бәни Исраил ұшыраған жағдайларға
менің үмбетім де тап болады. Бәни Исраил жетпіс екі
топқа бөлінді. Менің үмбетім жетпіс үш топқа бөлінеді.
Бұлардың біреуінен басқасының барлығы тозаққа
тасталады».
«Ол қай топ?» – деп сұрағандарға Расулаллаһ:
«Менің және сахабаларымның ұстанған жолымен
жүргендер», –
деп жауап берген
7
.
Сахаба Ибраз ибн Сария былай дейді: «Бір күні
Пайғамбарымыз бізге намаз оқытты. Сосын жамағатқа
қара сөзден қаймақ айырып, мағыналы,
мәнді уағыз-
насихаттар айтты. Тыңдап отырғандар толқып,
көздеріне жас алды. Бір уақытта жамағаттан бір адам
тұрып: «Әй, Аллаһтың расулы, бізбен бақұлдасып
тұрған секілдісің, қандай өсиетіңді арнайсың?» – дейді.
Расулаллаһ: «Аллаһқа
құлшылық жасауды, билік ба-
сына хабаштық
8
бір құл келсе де, айтқан бұйрықтарын
тыңдап, қалтқысыз бағынуды өсиет етемін. Өйткені
менен кейін тірі қалғандарың түрлі
келеңсіздіктерге
куә боласыңдар. Сондықтан сүннетімді, тура жолдағы
халифалардың сүннетін естеріңе салып отырған се-
бебім бекер емес. Бұларды нық ұстаныңдар. Кейіннен
пайда болған мәселелерде өте абай болыңдар. Өйткені,
7
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 8/152 (7659)
8
Эфиопиялық адам, қара нәсілді.
13
Сахабалар салған сара жол
сүннетке қайшы ойдан шығарылған нәрсе – бидғатқа
жатады, ал бидғат – адасушылыққа апарады», – дейді
9
.
Достарыңызбен бөлісу: