166
Сахабалар салған сара жол
қарсылық білдіре қоймас деп ойлайды. Үйінің шатыры-
на шығып, халықты Исламға шақырып, өзінің мұсылман
болғанын жария етеді. Алайда алғыстың орнына
қарғыс алып, бораған оқтың астында қалады. Бір кезде
оқтан қансырап, өлгелі жатқанда, одан: «Уруа! Аққан
қаныңнан не көріп тұрсың?» – деп сұрайды. «Аллаһтың
маған деген сыйын көріп тұрмын. Хақ тағаланың шейіт-
тік шәрбатымен сусындатқанын көріп тұрмын. Мен
үшін де, Аллаһ расулымен бірге жүріп шейіт болғандар
үшін де (Таиф қоршауында өлтірілгендерге) уәде етіл-
ген сый бар. Мені сол шейіттердің қасына жерлеңдер»,
– дейді.
Уруаны өзінің тілегі бойынша, шейіттердің қасына
жерлейді. Пайғамбарымыздың
Уруа туралы былай
дегені айтылады: «Уруа мен қауымының жағдайы
«Ясин» сүресінде аты аталған адам
156
мен қауымының
жағдайына ұқсайды».
Уруа шейіт болғаннан кейін, сақифтіктер бірне-
ше айдан соң өзара кеңесіп, айналасындағы арабтарға
қарсы тұратын шамасы қалмағанын түсініп,
Исламға
кіруге шешім қабылдайды. Осы мақсатта араларынан
кеңес сайлап, Пайғамбарымызға елші жіберуге келіседі.
Одақтастарынан екі адам мен Мәлікұлдарынан үш адам-
ды Абду Яләйлдің басшылығымен Пайғамбарымызға
аттандырады. Олар Мәдинаға жақын жерден Муғира
ибн Шұғбаны кезіктіреді.
Муғира мал кезегін-
де жүргендіктен, елшілерді алдымен сол байқайды.
Байқағанын хабарлау үшін жүгіре жөнеледі. Жол-
да Әбу Бәкірді жолықтырып, Сақиф елшілерінің серт
156
Антакия халқын Исаның (а.с.) елшілеріне иман келтіруге
шақырған Хабиби Нәжжар деген адам.
Хаққа шақырғанда,
антакиялықтар оны өлтірген.
167
Аллаһ пен расулына шақыру
беру үшін, Исламға кіру үшін келгенін, Аллаһ расулы
(с.а.с.) өздеріне бірқатар шарт қойған жағдайда оны
қауымдарына хат арқылы білдіріп, соңғы шешімдерін
қабылдайтындығын айтады. Әбу Бәкір (р.а.): «Мұны
Аллаһ расулына мен жеткізейін», – дейді, Муғира келі-
седі.
Хазірет Әбу Бәкір ішке кіріп,
елшілердің келе
жатқанын Пайғамбарымызға хабарлайды. Муғира ел-
шілер жаққа кетеді. Түйелерін алдына салып, олармен
бірге қайтады. Жолай пайғамбарға қалай сәлем беру
керектігін үйретеді. Бірақ олар бәрібір бұрынғыша
(надандық кезеңіндегіше) сәлем береді. Сақиф ел-
шілеріне арнап, мешіттің
ауласынан бір шатыр
құрылады. Халид ибн Саид ибн Ас Пайғамбарымыз бен
елшілер арасында қызмет атқаратын. Оларға ас-ауқат
таратқан кезде өзі жемесе, олар да астан ауыз тимейді.
Келісімшарттың мәтінін олардың атынан Халид жаза-
ды.
Сол кезде Аллаһ расулына (с.а.с.) ұсынған
шарттарының бірі мынау еді: «Үш жыл мерзімге Лат
пұттарын қиратпай, өздеріне қалдырады». Бұл талапта-
ры қабылданбаған
соң мерзімді екі жылға, содан соң
бір жылға қысқартты. Мұны да қабылдамағандықтан,
бір ай мерзім сұрайды. Пайғамбарымыз оған да келіс-
пейді. Пұттардың бәрін қиратуға Әбу Суфиян ибн Харб
пен Муғира ибн Шұғбаны жіберетінін айтады. Келген
елшілер намаз оқымау және пұттарды өз қолдарымен
қиратпау жөніндегі шарттарын көлденең тартқанда,
Расулаллаһ (с.а.с.): «Пұттарыңды өз қолдарыңмен
қиратуға сендерді мәжбүрлемейміз. Ал намазға келетін
болсақ, намаз болмаған дінде қайыр жоқ», – дейді.
168
Сахабалар салған сара жол
Сақиф елшілері: «Масқара болсақ та, мұны сен үшін
орындаймыз», – дейді
157
.
Достарыңызбен бөлісу: