Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Сүһәйл ибн Амрдың исламға кіруі және



Pdf көрінісі
бет66/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Сүһәйл ибн Амрдың исламға кіруі және 
Пайғамбарымыздың дархан мінезіне куә 
болуы
Сүһәйл ибн Амр (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Меккеге кіріп, жеңіске жеткеннен 
кейін, үйден шықпадым. Мен үшін кешірім сұрағанын 
қалап, балам Абдуллаһқа хабар жібердім. Ол менің 
өтінішіме құлақ асып, Расуллаһқа барып жолығыпты. 
Ол: «Иә, Сүһәйлге қатер жоқ. Өйткені Аллаһ оған мұрсат 
берді, шыға берсін», – деді. Сосын қасындағыларға: 
«Араларыңда кім Сүһәйлді кездестіретін болса, оған 
жаман көзбен қарамасын. Ант етемін, Сүһәйл – ақылды 
әрі қадірлі адам. Сүһәйлдей адам Исламнан шет қалмас 
деп ойлаймын. Аллаһтың қалауына ешкім қарсы келе 
алмайды», – дейді. 
Абдуллаһ әкесіне Расулаллаһтың сөздерін жет-
кізеді. Сүһәйл «Уаллаһи, Мұхаммед кішкентай кезін-
де де жақсылыққа жаны құмар еді, әлі сол қалпынан 
өзгермепті», – дейді. 
Сүһәйл Аллаһ расулына (с.а.с.) баруға ниеттенеді, 
алайда райынан қайтып, кері оралады. Мұсылмандықты 
қабылдамаса да, Аллаһ расулымен бірге Хунәйн 
жорығына шығады. Сүһәйл Жиранаға барған кезінде 
Ислам дінін қабылдайды.
Пайғамбарымыз сол күнгі 
Хунәйн олжасынан оған жүз түйе береді»
149
.
148
Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/291
149
Хаким, Мүстәдрәк 3/317 (5225)


158
Сахабалар салған сара жол
Пайғамбарымыздың Мекке 
бағындырылған күнгі сөзі
Омар (р.а.) былай дейді: «Мекке алынған күні 
Пайғамбарымыз Сафуан ибн Умәйя, Әбу Суфиян ибн 
Харб және Харис ибн Хишамды өзіне шақыртты. Мен: 
«Аллаһ тағала бізге зор мүмкіндік берді, сірә, бұлардың 
жасап келген қиянаты үшін өш алмай қоймаспыз», 
– деп ойладым. Аллаһ расулы оларға: «Сендер мен 
менің жағдайым Жүсіп пайғамбар мен бауырларының 
жағдайына ұқсайды. Оның бауырларына дегеніндей 
мен де: «Бүгін сендерді айыптамаймын. Жазғырмаймын 
да. Мен кешірдім, Аллаһ та сендерді кешірсін. Өйткені 
Аллаһ мейірімділердің ең мейірімдісі» (Жүсіп, 12/92) 
деймін» – деді. 
Омар (р.а.) айтады: «Мұны естігенде, әлгіндегідей 
ашулы ойға барғаным үшін Пайғамбарымыздан 
ұялдым»
150
.
Әбу Һұрайра бұл туралы былай дейді: «Мекке 
алынғаннан кейін, Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Қағбаға барып, есіктің екі жақтауынан ұстап тұрып: 
«Мені сендерге не істейді деп ойлайсыңдар?» деп 
сұрады. Олар:
«Сен бауырымыздың баласысың, өте мейірімді
қайырымды жансың», – деп, осы сөздерін үш рет 
қайталады. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Мен 
де Жүсіп пайғамбардың бауырларын кінәламағанындай 
сендерді бүгін жазғырып, кінәламаймын. Аллаһ сендерді 
кешірсін, Ол қайырымдылардың ең қайырымдысы. 
Барлығың азатсыңдар», – деді
151

150
әл-Хинди, Мүстәдрәк 10/757 (30158)
151
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/677 (29931)


159
Аллаһ пен расулына шақыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет