Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың османды (р.а.)



Pdf көрінісі
бет62/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Пайғамбарымыздың османды (р.а.) 
Меккеге жіберуі
Уруа (р.а.) былай дейді: «Құрайыштар Аллаһ 
елшісінің (с.а.с.) Худайбияға баруынан сескенген еді. 
140
Бұхари, Сахих 2/974 (2581)


142
Сахабалар салған сара жол
Сондықтан Пайғамбарымыз оларға сахабаларының 
біреуін жіберуді көздейді. Осы іске Омарды (р.а.) 
дұрыс көреді. Омар (р.а.): «Уа, Расулаллаһ! Мен оларға 
әрдайым лағынет айтып жүрген адаммын. Олардың 
зорлығына душар болсам, Меккедегі қауымым 
Кағыбұлдарының ішінде мені қамқорлығына алатын 
ешкім жоқ. Османды жібер, оның туыстары сонда, 
сенің айтқандарыңды Меккеліктерге емін-еркін жеткі-
зе алады», – дейді. 
Аллаһ расулы (с.а.с.) оларға Османды (р.а.) ат-
тандыруды жөн көреді. Жолға шығарып салып тұрып: 
«Меккеліктерге біздің соғысу үшін келмегендігімізді, 
ұмра жасауға келгенімізді айт және оларды Исламға 
шақыр», – дейді. Сонымен қатар, Меккедегі мүмін ер-
лер мен әйелдерге барып, оларға жұбату айтуды, жақын 
арада Аллаһтың дінінің Меккеде үстем болатынын жет-
кізуді бұйырады. Осман (р.а.) жолға шығады. Меккеге 
жақын Бәлдах деген жерде Құрайыштармен кездеседі. 
Құрайыштар оның қайда бет алғанын сұрайды. Осман 
(р.а.): «Сендерді құдіреті күшті Аллаһқа сенуге, Ислам 
дініне шақыру және біреумен соғысу үшін емес, ұмра 
жасау үшін келгенімізді хабарлау үшін мені Расулаллаһ 
жіберді», – дейді. Құрайыштар «Айтқандарыңды 
түсіндік, қалағаныңды жасай бер», – дейді. 
Әбан ибн Саид ибн әл-Ас хазірет Османға: 
«Қош келдің!» – дейді де, атын ерттеп, Османды 
(р.а.) өз қамқорлығына алып, екеуі Меккеге бірге 
аттанады...»
141
.
141
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/754 (30152)


143
Аллаһ пен расулына шақыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет