137
Аллаһ пен расулына шақыру
– Сен Аллаһтың хақ пайғамбары емессің бе? – деп
сұрадым. Ол:
– Иә, Аллаһтың пайғамбарымын, – деді.
– Біз ақиқаттың жолындамыз, ал олар қате жолда,
солай емес пе? – дедім.
– Иә, солай, – деді ол.
– Олай болса, неліктен дінімізден төлем төлеп,
олардың кемсіткеніне төземіз? – деп сұрадым.
– Мен пайғамбармын, Аллаһқа қарсы келген емес-
пін, Ол –
менің жебеушім, – деді ол. Мен:
– Сен бізге жақында Бәйтуллаһқа барамыз, оны
тауап етеміз деген жоқ па едің? – дедім. Ол:
– Иә, дедім, бірақ мен саған биыл барамыз дедім
бе? – деп сұрады. Мен:
– Жоқ, олай деген жоқсың, – дедім. Сонда ол:
– Сен Қағбаға барып, оны міндетті түрде тауап
етесің, – деді.
Сосын Әбу Бәкірдің қасына барып:
– Ей, Әбу Бәкір! Бұл кісі Аллаһтың хақ пайғамбары
емес пе? – деп сұрадым.
– Хақ пайғамбары, – деді ол.
– Олай болса,
біз тура, хақ жолдамыз, ал
дұшпандарымыз қате жолда емес пе? – дедім.
– Иә, солай, – деді ол.
– Олай болса, неге келісімде ұтылып, кемсіту-
ге шыдауымыз керек, – деп Пайғамбарымызға қойған
сұрақтарымды оған да қойдым. Ол:
– Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Аллаһтың ра-
сулы, бұған еш күмәнің болмасын. Ол
Раббысына
қарсы шықпайды. Аллаһ пайғамбарына міндетті түрде
көмектеседі. Сен айтқан бұйрықтарын екі етпе. Ол
нағыз ақиқаттың жолында, – деп жауап берді.
138
Сахабалар салған сара жол
– Ол бізге жақында Қағбаға баратынымызды, оны
тауап ететінімізді айтқан жоқ па еді? – дедім.
– Иә, айтты, бірақ биыл баратынын айтты ма? –
деді.
– Жоқ, – дедім мен. Әбу Бәкір (р.а.):
– Сен міндетті түрде Қағбаға барасың және ол
жерді тауап етесің, – деді.
Омар (р.а.): «Сол күнгі әрекетіме өкініп, кейіннен
бірталайға дейін садақа беру,
ораза тұту, намаз оқу,
құл азат ету сияқты бірқатар ізгі істер атқарып, кінәмді
жуып-шайғандай болдым», – дейді.
Хадисті жеткізуші айтады: «Пайғамбар
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
бейбітшілік келісімшарты жазылып,
қол қойылғаннан кейін сахабаларына: «Тұрыңдар,
құрбандықтарыңды шалып, шаштарыңды алыңдар!»
– деді. Ешкім орнынан қозғала қоймады. Тіп-
ті Расулаллаһ бұл сөзін үш рет қайталаса да, ешкім
тұрмайды. Пайғамбарымыз әйелі Үммі Сәламаның
(р.а.)
қасына барып, сахабалардың осынау тосын
әрекеті туралы айтады. Сонда Үммі Сәлама анамыз:
«Уа, Аллаһтың пайғамбары! Бұйрығыңызды олардың
орындағанын қалайсыз ба? Олай болса, сыртқа
шығыңыз да, құрбандыққа шалынатын түйелеріңізді
сойып, шашыңызды алғызыңыз,
оған дейін олардың
ешқайсысымен сөйлеспеңіз», – дейді.
Расулаллаһ сыртқа шығып, ешкіммен сөйлеспестен,
құрбандық түйелерін сойып, шашын алғызады. Мұны
көрген сахабалар да құрбандықтарын шалып, бір-
бірінің шаштарын ала бастайды. Аллаһ расулы шашын
алдырып болғаннан кейін, оның алдына Меккеден
һижрет еткен мүмін әйелдер келеді. Хақ тағала сонда
мына аятты түсіреді: