134
Сахабалар салған сара жол
бетіне тіктеп қарамайды», – дейді. Уруа Құрайыштық
жолдастарының қасына оралғанда былай дейді: «Ей,
қауымым! Мен көптеген
патшаның алдына елші бо-
лып бардым. Цезарьдің, Кисраның, Нәжашидің көзін
көрдім. Аллаһқа ант етемін, сахабалардың Мұхаммедке
көрсеткен құрметі мен тағзымын еш жерден кездестір-
медім. Ол, шынында да, сендерге қайырлы ұсыныс жа-
сады, қабылдағандарың жөн», – дейді.
Сонда Кинанаұлдарынан біреу Құрайышқа: «Маған
рұқсат беріңдер, Мұхаммедке мен барайын», – дейді.
«Барсаң, бар», – дейді олар.
Ол
Пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мен сахабала-
рына бет алғанда, Аллаһ расулы: «Бұл пәлен деген
адам, Меккеде қажылардың шалған құрбандықтарын
құрметтейтін тайпадан.
Құрбандыққа шалынатын
түйелерді оның алдына салып беріңдер», – дей-
ді. Түйелер берілгеннен кейін, сахабалар «Ләббәйк
аллаһумма ләббәйк» деп, ол адамды күтіп алады. Ол
бұл көрініске толқып: «Субханаллаһ. Мына жамағатқа
Қағбаны зиярат етуге тыйым салудың жөні жоқ», –
дейді сүйсініп. Құрайыштарға «Мен мойындарына бел-
гілер тағылған, оң жақтарына ен салынған құрбандық
түйелерді көрдім. Мұсылмандарға Қағбаны
зиярат
жасауға тыйым салу, меніңше, дұрыс емес», – дейді.
Сонда Миқраз ибн Хафс деген адам орнынан
тұрып: «Рұқсат етіңіз, мен барайын», – деп, ол да жолға
шығады.
Миқраз жақындағанда, Аллаһ расулы саха-
баларына: «Мына келе жатқан Миқраз, мінезі нашар,
пасық адам», – дейді.
Миқраз Пайғамбарымызбен тілдеседі. Сол кез-
де Сүһәйл ибн Амрдың төбесі көрінеді. Сүһәйл кел-
ген соң, Пайғамбарымыз «оңай» деген мағына беретін
135
Аллаһ пен расулына шақыру
оның есімін меңзеп: «Енді ісіміз жеңілдейтін болды»,
– дейді. Сүһәйл Пайғамбарымызға: «Қане, сенімен бей-
біт келісім-шартқа отырайық», – дейді. Пайғамбарымыз
хатшы
шақыртып, оған: «Бисмилләһир-Рахманир-
Рахим» деп жаз», – дейді. Сүһәйл: «Мен рахманның
не екенін білмеймін, бұрынғыша «Бисмикәллаһумма»
деп жаздыр», – дейді. Мұсылмандар: «Бисмилләһир-
Рахманир-Рахимнен» басқа сөз жазбаймыз», – деп
қарсылық білдіреді.
Сонда Аллаһ расулы (с.а.с.): «Бисмикәллаһумма»
деп жаз», – дейді. Сосын оған «Бұл Аллаһтың
пайғамбары Мұхаммедтің Құрайышпен жасасқан
келісім-шарты» деп қосуды бұйырады. Сүһәйл: «Біз
сенің пайғамбар екеніңді қабылдасақ, саған Қағбаны зи-
ярат етуге кедергі келтіріп, сенімен соғыспас едік. Жоқ,
болмайды, Абдуллаһұлы Мұхаммед» деп жаздырасың»,
– дейді көнбей. Расулаллаһ: «Сендер сенбесеңдер де,
бәрібір мен Аллаһтың расулымын», – дейді де, хатшыға
«Абдуллаһұлы Мұхаммед» деп жаздырады.
Бұл хадисті жеткізушілердің бірі Зүхридің ай-
туынша: «Расулаллаһтың Сүһәйлдің бұл ұсыныстарын
қабылдау себебі мынада еді: Пайғамбарымыздың одан
бұрынырақ «Аллаһтың харам аймағындағы қасиетті
нәрселердің құрметіне Құрайыштар менен не қаласа да
беремін» деген уәдесімен түсіндіреді.
Пайғамбарымыздың «Бізге Бәйтуллаһты зиярат
етуге кедергі келтірмеңдер, тауап жасайық» деген
ұсынысына Сүһәйл: «Уаллаһи, қысым көргендіктен
бұған көнді дейтін арабтардың пыш-пыш сөзіне жол
бермес үшін, биыл сендерді жібере алмаймыз. Зия-
ратты келесі жылдан бастаңдар», – дейді. Сөйтіп, бұл
мәселенің тігісі осылай жатқызылады.