121
Аллаһ пен расулына шақыру
қамқорлығына шақырамын. Егер бұл айтқанымды
қабылдамасаңдар, жизия төлейсіңдер. Жизия төлеуден
де бастарыңды алып-қашсаңдар, сендерге соғыс жари-
ялайтынымды біліңдер».
Епископ хатты оқып, ойы онға,
санасы санға
бөлініп, сарсаңға түседі. Дереу Нәжран халқынан
хәмдандық Шурахбил ибн Уәдаа деген адамға барады.
Жалпы Нәжран халқы бастарына қиын күн туғанда,
Әйхам, Сәйід, Ақыб атты әйгілі үш басшыға жүгінбей
тұрып, алдымен соған баратын. Епископ Расулаллаһтың
(с.а.с.) хатын Шурахбилге береді. Ол хатты оқыған соң,
епископ одан: «Әбу Мәриям, сен бұған не дейсің?» – деп
сұрайды. Шурахбил: «Ибраһимұлы (а.с.) Исмаилдың
тегінен бір пайғамбар жіберетініне Хақ тағаланың
уәдесі барын білемін. Кім білсін, бұл адам сол уәде етіл-
ген пайғамбар болуы да кәдік. Мен бұл жайлы нақты
ештеңе айта алмаймын. Дүниелік
істерге қатысты
қандай қиын мәселе болса да, саған жол көрсетіп берер
едім», – дейді.
Епископ оны қасына отырғызып, Хымиер тайпа-
сынан, Зи Әсбах тегінен шыққан Абдуллаһ ибн Шурах-
бил деген адамды шақырады. Сөйтіп, оның да пікірін
тыңдайды. Ол да солай жауап береді. Епископ оны да
қасына отырғызып, енді Жаббар ибн Фәйзиді шақырады.
Оның пікірін сұрағанда, ол
да жаңағылардың ойын
қайталайды. Оны да отырғызады.
Барлығы бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай,
кесімді пікір айта алмағандықтан, епископ барлық жер-
де қоңырау соғып, от жағуды, монастырларға ту ілуді
бұйырды. Әдетте, күндіз ел болып кеңесетін маңызды
жағдай орын алса, осылай жасайтын. Ал түнде тулар
көрінбейтіндіктен,
тек қоңырау соғып, от жағумен
122
Сахабалар салған сара жол
шектелетін. Сол күні ен жазықты жайлаған халық ет
асым уақытта алаңға жиналды. Ен
жазықтың ұзына
кеңдігі аттың шабысымен бір күндік жер болатын. Бұл
өңірде жетпіс үш ауыл мен жүз жиырма мың әскер
шоғырланған. Епископ оларға Аллаһ расулынан келген
хатты оқып, олардың пікірін сұрайды. Араларындағы
өз ойын білдіргендер «Шурахбил ибн Уәдаатул Хам-
даниді, Абдуллаһ ибн
Шурахбил әл-Әсбахиді және
Жәббар ибн Фәйз әл-Харисиді жіберейік, пайғамбардан
хабар алып келсін» деген шешімге тоқталады.
Сөйтіп, араларынан сайланған адамдар көп өтпей
жолға шығады. Олар Мәдинаға келіп, жолдағы киім-
дерін шешіп, Йемен әшекейімен безендірілген әдемі
киімдерін киіп, алтын-жүзіктерін тағады. Сосын Аллаһ
расулына барып сәлем береді. Бірақ Пайғамбар
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
олардың сәлемін алмайды. Олар бір тілде-
суге қанша талпынса да, Расулаллаһ жылы қабақ та-
ныта қоймайды. Бұл әрекетінен нәтиже шықпаған соң,
олар өздеріне бұрыннан таныс Осман ибн Аффан мен
Абдуррахман ибн Ауфты (р. анһум) іздейді. Оларды
мұһажырлар мен ансарлар бас қосқан мәжілістен та-
бады: «Ей, Осман! Ей, Абдуррахман! Пайғамбарларың
бізге хат жазды, біз оның шақыруын қабылдап, келіп
отырмыз.
Алайда келіп сәлем берсек, сәлемімізді ал-
майды, бізбен сөйлескісі келмейді. Бұған не дейсіңдер?
Кері қайтайық па?» – деп сұрайды.
Осман мен Абдуррахман (р.а.) сол жерде отырған
Алиден (р.а.): «Әбул-Хасан, мыналарға сен не дейсің?»
– деп сұрайды. Али (р.а.): «Мына киімдерін, жүзіктерін
шешіп, Аллаһ расулының алдына қайта барсын», – деп
кеңес береді. Олар солай жасайды да, пайғамбарға
сәлем береді. Пайғамбарымыз олардың сәлемін алып: