Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың грек билеушісі



Pdf көрінісі
бет51/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Пайғамбарымыздың грек билеушісі 
Цезарьға хаты
Дыхиятул-Кәлби (р.а.) былай дейді: «Пайғам-
барымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хат жазып, оны Цезарьға 
беруді маған тапсырды. Мен хатты иесіне тапсыр-
дым. Мен хатты тапсырған кезде, Цезарьдың жанын-
да жүзі алабұртып, шегір көзді, шашы жатық неме-
ре інісі отырған болатын. Цезарь «Аллаһтың расу-
лы Мұхаммедтен грек жерінің иесі Ираклийге» деп 
басталған хатты оқи бастаған кезде, інісі ашуланып: 
– Мұндай хатты оқуға болмайды! – деді. 
Цезарь мұның мәнісін сұрағанда: – Өйткені, алды-
мен өз атымен бастапты, «грек патшасы» демей «грек 
жерінің иесі» деп жазыпты, – деді. 
128
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/83


108
Сахабалар салған сара жол
Цезарь: – Міндетті түрде оқисың, – деп бұйырды.
Ол хатты оқи бастаған кезде, қасында отырғандар 
сыртқа шығып кетті. Цезарь мені жанына шақырып, 
епископқа хабар жіберді. Цезарь оған жағдайды баян-
дап, хатты оқытқан кезде, ол: – Бұл біз күтіп жүрген, 
Исаның сүйіншілеген адамының нақ өзі, – деді. 
Цезарь: 
– Маған сонда не істеуді ұсынасың? – дейді. 
Сонда епископ: – Өз басым оны растап, бағынамын, 
– дейді. Цезарь: – Мен сенің істегеніңді істейтін бол-
сам, бір-ақ күнде қолымдағы билігімнен айырыламын, 
– деп жауап берді. 
Ол жерде көп аялдаған жоқпыз. Біз Цезарьға хатты 
тапсырған кезде, Әбу Суфиян да сол маңда болатын. 
Цезарь Әбу Суфиянды шақыртып алады. Өз тілмашы 
арқылы «Сендердің елдеріңнен шыққан пайғамбар ту-
ралы маған айтып бер, ол кім?» – деп сұрайды. Әбу 
Суфиян «Бір жас жігіт» деп жауап береді. Олардың 
арасындағы әңгіме одан ары былайша өрбиді:
– Тегі қандай? 
– Арамыздағы ең текті әулеттен.
– Міне, бұл – пайғамбарлықтың белгісі. Шын-
шылдығы қандай?
– Ешқашан өтірік айтқан емес.
– Бұл да пайғамбарлықтың белгісі. Сендерден оған 
бағынып, кейін өз діндеріне қайтып оралған адам бол-
ды ма?
– Жоқ, болған емес.
– Бұл да пайғамбарлықтың бір белгісі. Жолдаста-
рынан қол жинап, ұрыс салғанда, жеңілген кезі болды 
ма?


109
Аллаһ пен расулына шақыру
– Қарсы шыққандар, онымен соғысты. Кейде ол, 
кейде қарсыластары жеңетін. 
– Бұл да пайғамбарлықтың белгісі. 
Дыхия (р.а.) айтады: «Цезарь сосын мені шақырып: 
«Жолдасыңа айт, мен Мұхаммедтің пайғамбар екенін 
мойындаймын, бірақ мойынсұнбаймын, өйткені 
қолдағы билігімді тастай алмаймын», – деді. 
Әлгі епископқа келетін болсақ, халық оның ай-
наласына әр базарлы күні жиналып, уағызына ден 
қоятын. Сондай базарлы күндердің бірінде епископ 
шықпай қалады. Келесі базарлы күнді тосып, үйінде 
отырады. Мен оның үйіне жиі бас сұғып тұратынмын. 
Екеуміз ұзақ сөйлесетінбіз, көп сұрақ сұрайтын. Ке-
лесі жексенбі күні христиандар күтеді, епископ тағы 
да науқас екендігін айтып, шықпай қойды. Бірнеше рет 
осылай қайталанды. Ақырында, олар епископтың үйіне 
әдейілеп барып: «Не бізге келесің, не болмаса өзіміз ба-
рып, сені өлтіреміз. Мына араб иектегелі бері ұнамай 
жүрсің», – деді. Осындай қысым жасалғаннан кейін 
епископ: «Мына хатты ал да, досыңа бар, менен дұғай-
дұғай сәлем айт. Аллаһтан басқа құлшылық жасауға 
лайық тәңір жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың ра-
сулы екеніне куәлік ететінімді, Исламға сенгенімді, 
бағынатынымды, мына жұрттың менің әрекеттерімді 
жақтырмағанын, қысқасы, не көрсең, барлығын да ай-
тып бар», – деп, ажалды қаймықпай қарсы алуға бекі-
неді. Көп өтпей христиандар епископтың түбіне же-
теді
129
.
Ибн Ысхақтың бір ғұламадан жеткізуі бойынша, 
Ираклий Дыхияға былай деген екен:
129
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 5/557 (9591)


110
Сахабалар салған сара жол
«Сенің досың Аллаһ тарапынан жіберілген 
пайғамбар екенін өте жақсы білемін. Ол – біз күткен, 
кітабымызда сипаттары жазылған адам. Бірақ мен грек-
терден қорқамын. Әйтпесе бағынар едім. Сен епископқа 
бар да, жолдасың туралы айт. Епископ гректердің ал-
дында менен беделді, сөзі өтімді кісі». 
Сөйтіп, Дыхия епископқа барып, жағдайды ба-
яндайды. Епископ: «Шынында, Мұхаммед – Аллаһ 
тарапынан жіберілген елші. Біз оны ныспысы мен си-
паттарынан танимыз», – дейді. Осыны айтып, епис-
коп ішке кіріп, киімін шешіп, ақ киім киіп гректердің 
алдына шығып, кәлима шаһадатты айтады. Кәлима 
шаһадатты айтып, ауыз жиып болғанша, гректер оған 
тұра ұмтылып, сол жерде өлтіріп тынды»
130
.
Бұл туралы тағы бір риуаятта былай делінген:
Саид ибн Әбу Рашид былай дейді: «Ираклийдің 
Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жіберген елшісін 
көргенмін. Ол менің Хумустағы қаусаған кәрі көршім 
болатын. Одан: «Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мен 
Ираклий арасындағы хаттар туралы айтып бересің бе?» 
– деп сұрадым. 
Ол: «Мақұл, айт десең, айтайын», – деп сөзін бы-
лай бастады: «Аллаһ расулы Тәбүкке келген еді. Ды-
хиятул- Кәлбиді Ираклийге жіберді. Расулаллаһтың 
хаты қолына тигенде, Ираклий грек монахтары 
мен патриархтарын қасына шақыртады да, саңылау 
қалдырмай есіктерді жапқызып: «(Пайғамбарымыз 
туралы айтып) Мұхаммед Тәбүкке дейін келіп жет-
ті. Маған хабар жіберіпті. Бізге үш шарт қойып отыр: 
жаңа дінге мойынсұнамыз, не болмаса жерімізге ие 
болып қалу үшін түскен өнімнен салық төлейміз не-
130
Ибн Хажар, әл-Исабә 2/216


111
Аллаһ пен расулына шақыру
месе қасық қанымыз қалғанша соғысамыз. Сендер де 
оқыған кітаптарыңнан білесіңдер, ол мына табан ба-
сып тұрған жерімізді алмай қоймайды. Келіңдер, көп 
болып ақылдасайық, не оның дініне мойынсұнайық, 
не болмаса түскен өнімімізден салық төлейік», – дейді. 
Жиналғандар бұл хабардан төбелерінен жай түскендей 
үдеріп: «Сен бізді христиандықты тастап, Хижаздан 
шыққан қайдағы бір бәдәуиге құл болуға шақырып 
отырсың ба?» – десті. 
Ираклий олардың бұл жерден шыққаннан кейін 
халықты өзіне қарсы арандататынын, өзін биліктен 
алып тастайтынын сезіп: «Мен сендердің діндеріңе 
деген адалдықтарыңды сынамақ болып осылай деген 
едім», – дей салады. 
Сосын Ираклий Тужиб тайпасынан христиан дінін 
ұстанатын арабтардың көсемін шақырып алып: «Маған 
араб тілін жетік білетін біреуді жібер, мына адамның 
хатына жауап жаздырайын», – дейді. 
Олар мені алып барды. Ираклий маған сүйек беті-
не жазылған бір хатты беріп: «Мына хатты иесіне жет-
кіз, айтқандарын тыңдаған кезде мыналарға мән бер: 
маған жазған хаты туралы сөз қозғай ма екен? Хатым-
ды оқыған түн туралы не айтады? Артыңа мұқият қара, 
саған күмән тудыратын нәрсе байқалса, маған хабар 
бер». 
Хатты алып, Тәбүкке бардым. Пайғамбар бір 
судың басында сахабаларымен бірге отыр екен. 
«Басшыларың кім?» – деп сұрап, Пайғамбарымыздың 
қасына барып отырдым. Ол менен хатты алып жатып: 
«Сен қай тайпадансың?» – деп сұрады. «Тәнух тайпа-
сынан», – дедім мен. «Аталарың Ибраһимнің Ханиф 
дініне мойынсұнуға қалай қарайсың?» – деп жорта 


112
Сахабалар салған сара жол
сынаған болып, ұсыныс жасады. Мен: «Сіздерге бір 
қауымның атынан жіберілген елшімін және солардың 
сеніміндемін. Өз адамдарыммен ақылдаспай, дінімнен 
бас тарта алмаймын», – деп жауап бердім. Ол маған 
«Сен қалаған адамыңды тура жолға сала алмайсың! 
Тек Аллаһ қана қалағанын тура жолға салады. Ол тура 
жолға түсетіндерді өте жақсы біледі» 
(Қасас, 28/56) 
деген мағынаны білдіретін аятты оқыды»
131
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет