Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың хабаш патшасы



Pdf көрінісі
бет50/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Пайғамбарымыздың хабаш патшасы 
нәжашиға үшбу хаты
Ибн Ысқақ былай дейді: «Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм)
Жағфар ибн Әбу Тәліп пен жолдастарының 
жағдайын баяндап, Амр ибн Умәйятуд-Дамридің (р.а.) 
қолына хат ұстатып, Нәжашиге жіберді. Хатта былай 
жазылған еді:
«Бисмилләһир-Рахманир-Рахим! Аллаһтың расу-
лы Мұхаммедтен Хабаш патшасы Нәжаши Асхамға 
сәлем! Сені танығаным үшін Мәлік, Құддыс, Мүмін, 
Мүһәймин деген сипаттарға ие Аллаһқа мадақ айта-
мын. Иса (а.с.) Аллаһтың тұрмыс құрмаған, ары таза, 
адал, абыройлы Мәриямға үрлеген рухы әрі кәламы 
(сөзі) екеніне куәлік етемін. Мәриям Исаға жүкті 
болған. Аллаһ тағала Адамды өз қолымен жаратып, 
оған рухынан қалай үрлесе, Исаны да солай өз рухы-
нан жаратқан. Сені жалғыз, серігі жоқ Аллаһқа, Оған 
басыбайлы мойынсұнуға, маған бағынуға, маған және 
дәріптегендеріме иман келтіруге шақырамын. Ақиқаты 
осы: мен Аллаһтың елшісімін. Саған бірнеше адаммен 
бірге көкемнің баласы Жағфарды жібердім. Сендерге 
барғанда, күтіп ал, оларға озбырлық көрсетпе. Сені-
мен қоса әскерлеріңді де Аллаһтың дініне шақырамын. 
Мен уағызымды, насихатымды айттым, сендер тиісті 
жауабын беріңдер. Тура жолдағыларға Аллаһтың нұры 
жаусын!»
127
.
нәжашидің Пайғамбарымызға жауап хаты
«Бисмилләһир-Рахманир-Рахим! Әбжәрұлы 
Нәжаши Асхамнан Аллаһтың расулы Мұхаммедке!
127
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/83


107
Аллаһ пен расулына шақыру
Аллаһтың жіберген хақ пайғамбарына сәлем! 
Саған Аллаһтың рақымы мен берекесі жаусын. Мені 
Исламға, тура жолға салған Аллаһтан басқа тәңір жоқ. 
Уа, Расулаллаһ! Иса (а.с.) туралы жазған хатың маған 
жетті. Көк пен жердің Раббына ант етемін, шынын-
да, Иса сенің айтқандарыңнан артық ерекшеліктерге 
ие емес. Бізге жібергендеріңді қабылдадық, көкеңнің 
баласы мен жолдастарын күтіп алдық. Куәлік етемін
сен Аллаһтың хақ расулысың. Саған және көкеңнің ба-
ласына серт бердім. Сол арқылы әлемдердің Раббысы 
Аллаһқа мойынсұндым. Ей, Аллаһтың пайғамбары! 
Балам Бәриханы саған жіберіп отырмын. Мен тек өз 
отбасыма ғана жауап бере аламын. Басқаларға сөзім 
өтпейді. Саған барғанымды қаласаң, оны да орындай-
мын. Уа, Расулаллаһ! Сенің айтқандарыңның ақиқат 
әрі шындық екеніне куәлік етемін»
128
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет