Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу Суфиян мен грек билеушісі



Pdf көрінісі
бет52/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әбу Суфиян мен грек билеушісі 
ираклийдің әңгімесі
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Әбу Суфиянның 
маған айтқаны бойынша, Пайғамбарымыз Әбу Суфи-
ян және Құрайыш кәпірлерімен бейбіт келісімге келген 
жылдары ол сауда жасау үшін Шамға бара жатқан бір 
Құрайыш тайпасының ішінде болған екен. Ираклий 
хабар жіберіп, Әбу Суфиянды шақыртады. Әбу Суфи-
ян мен қасындағылар Ираклийге барады. Бұл уақытта 
Ираклий мен адамдары Бәйтул-Мақдисте болатын. 
Ираклий оларды грек елінің зиялылары бас қосқан 
жиынға шақырады. Тілмаш арқылы «Араларыңда 
пайғамбармын деп жүрген адамның ет жақын туысы 
бар ма?» – деп сұрайды. Әбу Суфиян «Менмін» деп 
жауап берген кезде, Ираклий: «Ол берірек, келсін, ал 
қасындағы серіктері арырақ тұрсын», – дейді де, тілма-
шына: «Оларға айт, мен бұл адамнан (Әбу Суфиянды 
нұсқап) әлгі кісі туралы сұраймын, егер сөзіне өтірік 
қосса, тыңдап тұрған жолдастары өтірігін әшкерелесін», 
– дейді. 
Әбу Суфиян сол сәттегі ниетін былай жеткізеді: 
«Егер жолдастарым өтірік айтқанымды жеткізіп қояды 
131
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 8/427 (13894)


113
Аллаһ пен расулына шақыру
деп тартынбағанымда, сөзсіз, өтірік те қосар едім. Ме-
нен алғаш сұрағаны мынау болды: 
– Мұхаммедтің тегі қандай? 
– Жақсы тектен шыққан, – дедім мен. 
– Одан бұрын араларыңда өзін пайғамбармын де-
ген адам шықты ма? – деп сұрады.
– Жоқ, – дедім мен. 
– Ата-бабаларынан ел билеген адам бар ма? 
– Жоқ. 
– Мұхаммедтің дінін қабылдап жатқандар 
ауқаттылар ма, әлде кедейлер ме? 
– Кедейлер. 
– Мұсылмандар қатары көп пе, аз ба? 
– Күннен-күнге көбейіп келеді. 
– Оның дініне кіріп, қайта шыққандар болды ма?
– Жоқ. 
– Пайғамбарлығын жарияламай тұрғанда жалған 
сөйлеген кезі болды ма?
– Жоқ. 
– Уәдесіне берік пе? 
– Иә, алайда біз біраз мерзімге онымен келісім 
жасасқанбыз, не ойлағанын білмейміз. 
– Мұхаммедпен қарулы қақтығысқа бардыңдар 
ма? 
– Иә. 
– Мұның соңы немен аяқталды? 
– Бірде олар, бірде біз жеңіске жететінбіз.
– Сендерге нені уағыздап жүр? 
Бір Аллаһқа құлшылық жасауды, Аллаһқа еш 
нәрсені серік етіп қоспауды, ата-бабаларымыз табынып 
келген пұттардан бас тартуды, намаз оқуды, шыншыл 
болуды, ар-намысты сақтауды бұйырады.


114
Сахабалар салған сара жол
Ираклий: «Сенен пайғамбардың тегін сұрадым. 
Сен оның текті адам екенін айттың. Пайғамбарлар тек-
ті адамдардан жіберіледі. Араларыңда бұрын осын-
дай уағыз айтып шыққан адамның болып-болмағанын 
сұрағанымда, сен ондай адамның шықпағанын айттың. 
Оның тегінен бұрын осындай уағыз айтып шыққан адам 
болған болса, ол соның ізбасары дер едім. Ата-бабала-
рында билеуші болған адамның бар-жоқтығын сұрадым. 
Сен «жоқ» деп жауап бердің. Егер ата-бабаларында ел 
билеген адам болса, соның соңында жүрген адам ғой 
деп тағы мән бермес едім. Осы уақытқа дейін өтірік 
айтып-айтпағанын сұрадым. Жалған сөйлемегенін 
айттың. Халыққа өтірік айтпаған адамның Аллаһ ал-
дында екі сөйлемейтінін білемін. Оған халықтың 
қандай тобы мойынсұнып жатқанын сұрағанымда, 
әлсіздер тобы екенін айттың. Иә, пайғамбарға жалпы 
солар мойынсұнады. Олардың қатарының көбейіп, 
не азайып жатқанын сұрағанымда, сен күннен-күнге 
қанатын жайып келе жатқанын айттың. Бұл әбден ке-
меліне келгенше осылай жалғасады. Дініне кіргеннен 
кейін қайта шыққандардың бар-жоғын сұрағанымда
сен жоқ екенін айттың. Өйткені, иманның нұры 
адамдардың көңілдеріне орныққанда осылай бола-
ды. Уәдесіне берік пе деп сұрағанымда, «иә» деп жа-
уап қаттың. Пайғамбарлар да сондай: адамдарды ал-
дамайды, берген сөздерінен таймайды. Сендерге не 
бұйыратынын сұрағанымда, Аллаһқа ғибадат етуді, 
Оған еш нәрсені серік етіп қоспауды, пұттарға табын-
бауды, намаз оқуды, турашыл болуды, арлы өмір сүруді 
өсиеттейтінін айттың. Егер осы айтқандарың рас бол-
са, ол осы мен табаныммен басып тұрған өңірді алмай 
қоймайды. Соңғы пайғамбардың жуықта шығатынын 


115
Аллаһ пен расулына шақыру
білетінмін, бірақ сендерден шығады деп күтпеген едім. 
Оның қасына жете алатынымды білсем, сол жолда бар 
күшімді салар едім. Мұхаммедтің қасында болсам, 
аяғын сүйер едім», – дейді. 
Сосын Ираклий Дыхияның (р.а.) Бусра әміріне 
апарған, содан соң оны Ираклийге жөнелткен хатты 
оқытады. Хатта былай жазылған еді:
«Рақымды, қайырымды Аллаһтың атымен! 
Аллаһтың құлы әрі расулы Мұхаммедтен Рим басшы-
сы Ираклийге.
Тура жолға түскендерге сәлем. Қысқаша айтқанда, 
сені Исламға мойынсұнуға шақырамын. Мұсылман бол, 
тура жолға түсесің. Аллаһ тағала оның қайтарымын саған 
екі есе етіп қайтарсын. Теріс айналсаң, қарамағыңдағы 
бейкүнә халықтың обалын арқалайсың. 
... Әй, әһлі-кітап! Біздерді біріктіретін, бәрімізге 
ортақ ақиқат мына сөзде мәмілеге келейік: Аллаһтан 
басқаға ғибадат жасамайық. Аллаһқа еш нәрсені серік 
етіп қоспайық. Бір-бірімізді тәңір тұтпайық. Егер 
олар қабылдамаса, 
«Біздің Аллаһтың бұйрықтарына 
мойынсұнған мүміндер екенімізге куә болыңдар» 
деңдер»
(Әли Имран, 3/64).
Әбу Суфиян әңгімесін былай жалғастырады: «Ирак-
лий хатты оқып бітер-бітпес, айналада шу-шұрқан, 
дау-дамай басталды. Біз байбалам салған жұрттан 
ығысып сыртқа шықтық. Былай шыққан соң жолдас-
тарыма: «Ибн Әбу Кәбшаның (Расулаллаһтың (с.а.с.) 
сүт анасы Халиманың күйеуінің лақап аты. Құрайыш 
мүшріктері Аллаһ расулын мазақтап осылай атайтын) 
уағыздап жүрген дінінің маңызы артты. Өйткені грек 
патшасының өзі одан сескенді», – дедім. Осыдан бас-
тап кейіннен Хақ тағала маған иман нәсіп еткенге дейін, 


116
Сахабалар салған сара жол
пайғамбардың жеңіске жететіндігіне күмәнмен қараған 
емеспін».
Илия (Құдыс) басшысы, Ираклийдің досы, Шам 
христиандарының епископы Ибн Натур былай деген: 
«Ираклийдің Илияға келген кезі болатын. Бір күні оның 
көңілі күпті болып көрінді. Патриархтардың бірі: «Саған 
не болған?» – деп сұрады. Ираклий жұлдыз жорамалшы 
болатын. Ол: «Жұлдыздардан сүндеттелгендердің айы 
оңынан туып, жаңа патшаның билік басына келетінін 
көрдім. Бұл аймақта кімдер сүндеттелетін еді?» – деп 
сұрады. 
«Яһудилерден басқа сүндеттелетін халық жоқ. 
Оларға алаңдамасаңыз да болады. Өз қарамағыңыздағы 
қала адамдарына хат жазыңыз, араларындағы яһудилерді 
өлтірсін», – десті олар. 
Олар осылайша сөйлесіп отырған кезде, Ирак-
лийге Ғассан патшасы жіберген бір адам келеді. Ол 
Аллаһтың расулы туралы хабарлар жеткізеді. Ирак-
лий Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
туралы хабар-
ды естігенде былай дейді: «Барып сұрастырыңдар, 
ол сүндеттелген бе екен?». Сұрастырып, оның 
сүндеттелгенін біледі. Арабтар туралы сұрайды. 
Олардың да сүндеттелетіндігі анықталады. Ираклий: 
«Бұл үмбеттің патшасы, міне, осы адам», – дейді. Со-
сын Ираклий Римдегі ілімі өзімен деңгейлес бір досына 
хат жазып, Хумусқа кетеді. Хумуста жүрген кезде, до-
сынан жауап алады. Ол хатында Пайғамбардың 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)
шығатыны туралы мәселеде Ираклийдің 
пікіріне қосылатынын, оның пайғамбар екенін жазған 
еді. Осыған орай, Ираклий Хумустағы бір сарайы-
на гректердің бетке тұтар адамдарын шақырып, есік-
ті жаптырып, биігірек жерде тұрып: «Уа, грек халқы! 


117
Аллаһ пен расулына шақыру
Дүние мен ақырет бақытына бөленгілерің келе ме? 
Мүліктеріңнің өз қолдарыңда қалғанын қаласаңдар
осы пайғамбарға мойынсұныңдар!» – дейді. 
Жиналғандар есікке қарай үріккен қойдай үдере 
жүгіреді. Алайда, есіктер құлыптаулы еді. Ираклий 
олардың қарсылықтарын көріп, иман келтірмейтін-
діктеріне көзі жеткеннен кейін, «Мен сендердің өз 
діндеріңе қаншалықты адал екендіктеріңді сынағым 
келді», – дейді. 
Олар оған ризалықтарын білдіріп, алдында иіліп
бүгіліп, тағзым етеді.
Міне, Ираклийдің соңғы жағдайы 
осындай еді»
132


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет