131
Аллаһ пен расулына шақыру
де, бір кезде су таусылады. Олар шөлдегенін айтқанда,
Пайғамбарымыз қорамсағынан оқ алып, оны судың
қайнарына қоюды бұйырады.
Осыдан соң қайнардың
ернеуі суға толып, қаталаған жұрт қанғанынша ішеді,
ыдыстарына да құйып алады».
бүдәйлдің Аллаһ расулына хабары
Бірде Хижаз халқынан Аллаһ расулына етене
жақын болып кеткен Хузаа тайпасынан Бүдәйл ибн
Уәрка әл-Хузаи бірнеше адаммен сау ете қалады: «Мен
өтіп бара жатып Кағыб ибн Луәй мен Амир ибн Луәй
тайпаларының Худайбияның ең жақсы бұлақтарының
басына орналасқанын көрдім. Сауынды, боталы
түйелері де бар екен. Олардың сенімен соғысуға келе
жатқандығы және сенің Қағбаны зиярат етуіңе кедергі
келтірмек ниетін байқадым», – дейді.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Біз ешкім-
мен
соғысуға келген жоқпыз, тек ұмра жасауға кел-
дік. Сондай-ақ Бәдір мен Хандақ соғысы Құрайышты
әлсіретіп, оларды едәуір шығынға ұшыратты.
Қаласа, олармен уақытша бітімге келеміз, бұдан бы-
лай басқалар мен менің арама килікпесін. Егер мен
жеңіске жетсем, қалағаны Исламға кіреді. Жеңіліс
тапсам, менен құтылып, армандарына жетеді. Бұл
уақытша бітімді қабылдамаса, Аллаһқа
ант етемін,
осы жолда қасық қаным қалғанша күресемін. Аллаһ
міндетті түрде уәдесін орындайды», – дейді. Бүдәйл:
«Айтқандарыңды дәл сол күйінде жеткіземін», – деп,
Құрайышқа тартады.
«Біз ол кісімен сөйлесіп келе жатырмыз.
Қаласаңдар, не айтқанын сендерге жеткізейін», – дей-
ді. Құрайыштың маскүнемдері: «Мұхаммед туралы
132
Сахабалар салған сара жол
хабардың бізге қажеті жоқ», – десе, естілері: «Қане, не
естігеніңді айт», – дейді.
Ол Пайғамбарымыздың айтқанын жеткізеді. Сонда
Уруа ибн Мәсғуд орнынан тұрып:
– Ей, Құрайыш қауымы! Сендер менің әкемнің ор-
нына әке емессіңдер ме? – дейді. Олар:
– Иә, әкеңнің орнындамыз, – десті.
– Мен сендердің балаларың емеспін бе?
– Иә.
– Менен күмәнданатын жерлерің бар ма?
– Жоқ.
– Укказ халқын сендерге көмекке шақырғанымды,
олар бұдан бас тартқанда,
өз отбасым мен маған
бағынғандарды ертіп сендерге көмекке келгенім
естеріңде болар?
– Иә.
– Олай болса, бұл адам (Пайғамбарымызды меңзеп)
сендерге қайырлы бір ұсыныс жасап отыр, ақылға са-
лып қабылдаңдар. Мені жіберіңдер, өзімен кездесейін.
– Қалауың білсін, – дейді олар.
Уруа Аллаһ расулына (с.а.с.) барып, жағдайды баян-
дайды. Уруаға да Бүдәйлге айтқан сөздерін қайталаған
Пайғамбарымыздың
алған бетінен қайтпайтынына
көзі жеткен Уруа: «Ей, Мұхаммед! Егер қауымыңның
түп-тұқиянына қарасаң, сенен бұрын арабтардан өз
қауымымен жаға жыртысқан адамды естідің бе? Егер
керісінше іс насырға шапса ше? Мен араларыңдағы та-
нымал адамдарды да, әртүрлі тайпалардан жиналған
адамдарды да көріп жүрмін. Олардың көпшілігі сені
майдан даласында оқ
пен оттың ортасында жалғыз
тастап қашады», – дейді.