128
Сахабалар салған сара жол
Аллаһ елшісі (с.а.с.) қасында тұрған адамға
«көмектесе алар шамаң бар ма»
дегендей сұраулы
жүзбен қарайды (сірә, ол Али-ау (р.а.) деп ойлаймын).
Ол: «Уа, Расулаллаһ, біздің де қамбамыз бос, қазанымыз
тақыл-тұқыл», – деді. Сонда мен (Зәйд ибн Сүнға) оған
тақап келіп: «Уа, Мұхаммед, пәлен адамдардың құрма
бағынан біраз уақытқа қолма-қол ақшаға құрма сатасың
ба?» – дедім. Аллаһ расулы: «Пәленнің құрма бағы деп
атап көрсетпе», – деп ескертті. Келісіп қол алыстық.
Арамыздағы келісім бойынша, келіскен уақытта белгілі
мөлшерде құрма үшін сексен мысқал алтын төледім.
Оны бәдәуиге беріп: «Оларға көмектес», – деді.
Келіскен мерзімнің бітуіне аз уақыт қалған еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Бәкір, Омар, Осман және
бірнеше сахабамен бірге жаназа намазын оқып келе
жатқан беттері екен. Көрген бойда олардың қасына ба-
рып, көйлегінен ұстап, тартып тұрып, қатулы жүзбен:
«Уа, Мұхаммед! Ақымды төлемейсің бе? Сендер,
Абдулмұтталибұлдары, қарызды ұдайы кешіктіресіңдер.
Маған бұл қылықтарың жақсы таныс», – дедім.
Сол кезде Омарға (р.а.) еріксіз көзім түсіп кетті.
Жанары шатынап кетіпті: «Ей, Аллаһ дұшпаны! Аллаһ
расулына қалай-қалай сөйлейсің? Бұлай сөйлеуге қалай
дәтің барды? Аллаһқа ант етемін, көңілің Исламнан
суып кете ме деп тартынбағанымда, осы тұрған жеріңде
басыңды шауып түсірер едім», – деді.
Аллаһ расулы (с.а.с.) сабырлы қалпын бұзған жоқ.
Омарға бұрылып: «Омар, біз сенің бойыңнан мұндай
шалт
қимылды емес, басқа қасиетті көргіміз келеді.
Маған қарызымды дер кезінде абыроймен қайтаруымды,
оған қарызын әдептен озбай талап етуін ұсынуың керек
еді. Қане, Омар! Сен онымен бірге бар да, ақысын төле,
129
Аллаһ пен расулына шақыру
қорқытқаның үшін оған жиырма сағ (өлшем бірлігі)
артық құрма салып бер», – деді.
Омар (р.а.) Пайғамбарымыздың айтқанын екі ет-
кен жоқ. «Уа, Омар! Неге артық бердің?» – дегенім-
де, «Расулаллаһ солай бұйырды», – деді. Бұған «Сені
қорқытқаным үшін» деп қосып қойды.
– Мені таныдың ба, Омар? – деп сұрадым одан.
– Жоқ,
тани алмай тұрғаным, – деді ол.
– Мен Зәйд ибн Сүнғамын, – дедім.
– Дінбасы ма? – деп іркіліп қалды ол.
– Иә, дінбасы Зәйд, – дедім.
– Расулаллаһқа неге дөрекілік жасадың? – деп
сұрады ол.
– Уа, Омар, екі қасиетінен басқа қаншама
пайғамбарлық белгісі бар болса, соның бәрін де
пайғамбардың жүзінен алғаш көргенде-ақ байқағанмын.
Алайда мына екі қасиетіне көз жеткізе алмай жүр едім.
Төзімділігі мен жұмсақтығы
және өзіне жасалған
әділетсіздік пен қиянатқа асқан сабырлылық танытуы
еді. Оның осы екі қасиетін танып-білу үшін сынап
көрген едім. Омар! Сені куәгер етемін, Раббы ретін-
де Аллаһқа, дін ретінде Исламға,
пайғамбар ретінде
Мұхаммедке риза болдым. Сені куәгер етемін, дүние-
мүлкімнің жартысы Мұхаммедтің үмбетіне садақа, –
дедім.
– «Мұхаммедтің үмбетінің бір бөлігіне» – де,
әйтпесе жеткізе алмайсың, – деді Омар.
– Бір бөлігіне, – деп өсиетімді түзеттім.
Хадисті жеткізуші айтады: «Омар мен Зәйд
Расулаллаһтың (с.а.с.) қасына қайтып оралады, Зәйд
кәлима шаһадатты айтып, Аллаһ
расулына иман кел-
тіріп, серт берді. Пайғамбарымызбен бірге көптеген
130
Сахабалар салған сара жол
соғыстарға қатысып, Тәбүк соғысында шейіт болды.
Хақ тағала Зәйдті рақымына бөлесін!»
139
.
Достарыңызбен бөлісу: