160
Сахабалар салған сара жол
Сәл шегініс...
Икрима Меккеге қайтар жолда әйелімен
жақындаспақ болады. Алайда зайыбы: «Сен кәпірсің,
ал мен мұсылманмын», – деп,
оның тілегін орындау-
дан үзілді-кесілді бас тартады. Икрима: «Сені менен
алыстатқан бұл дін айрықша дін болса керек», – дейді.
Үммі Хакимнің Икриманы ертіп келгенін көргенде,
Пайғамбарымыз қуанып орнынан түрегеледі. Икри-
ма тіке жүріп алдына барады. Әйелі қасында бола-
тын. Икрима: «Уа, Мұхаммед, (әйелін меңзеп) мына
әйел
сенің мені кешіргеніңді айтты, рас па?» – дей-
ді. Пайғамбарымыз: «Рас, бұдан былай сен біздің
қорғауымыздасың», – дейді. Икрима: «Бізді неге
шақырасың?» – дейді.
Аллаһ расулы (с.а.с.): «Сені Аллаһтан басқа
құлшылыққа лайық тәңірдің жоқ екеніне,
менің
Аллаһтың пайғамбары екеніме куәлік етуге, намаз
оқуға, зекет беруге шақырамын», – деп, Исламның
негіздерін де ұмыт қалдырмайды. Икрима: «Уаллаһи,
сен тек ақиқат пен ізгілікке шақырып тұрсың. Аллаһқа
ант етемін, сен бұрын
Пайғамбар болмай тұрғанда
да, арамызда ең шыншыл, жақсылыққа жаны құмар
адам болатынсың. Куәлік етемін: Аллаһтан басқа
құлшылыққа лайық тәңір жоқ. Куәлік етемін: Мұхаммед
Оның құлы әрі расулы», – дейді.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
қуанышы қойнына
сыймай, бір жасап қалады. Икрима: «Уа, Расулаллаһ!
Маған ең қайырлы сөзді үйрет, әрдайым аузымнан тас-
тамай айтып жүрейін», – дейді. Расулаллаһ: «Әшһәду ән
лә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдән абдуһу
уә расулуһу» дерсің» деді. Икрима: «Тағы не айтайын?»
– дегенде, Пайғамбарымыз: «Аллаһ және осы жер-
161
Аллаһ пен расулына шақыру
де отырғандар куә болсын, «Мен
енді мұсылманмын,
мүжаһидпін және мұһажырмын» деп айт», – дейді. Ик-
рима осы сөздерді қайталайды».
Достарыңызбен бөлісу: